Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Әкімдердің халыққа 2019 жылғы есеп беру кездесулері барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы



р/с

Айтылған ескертулер мен ұсыныстар

Іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Орындалысы

Бейнеу ауылы

1

Қоғамдық көлік жүретін көшелерге аялдама салу, жол белгілерін орнату.

Жұмысты ұйымдастыру

10 дана аялдама орнатуға 3 млн. теңге, және автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 5 млн. теңге қаржы бөлінді.

Аталған жұмыстарға мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, жеңімпазы анықталуда.

2

А.Өтеуов көшесіне жаяу жүргінші жол салу

Жұмысты ұйымдастыру

А.Өтеуов көшесіне жаяу жүргінші жол салу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, жеңімпазы анықталуда.

3

Аудандық ауруханадағы ересектер мен балаларды қарайтын педиатор дәрігерлердің жұмысын оңтайландыру.

Жұмысты ұйымдастыру

Үкіметтің енгізілген бағдарламасына байланысты педиаторлардың ересектер мен балаларды бөліп қарауға мүмкіндігі болмай отыр. Қазіргі таңда әр участоктағы педиатор дәрігерге  2200 адамнан  1700 дейін, яғни  500 адамға азайтылды.

4

Бейнеу аудандық ауруханасына компьютерлік томогроф, УЗИ эксперт класс аппаратын алып беруді нақтылау.

Жұмысты ұйымдастыру

Ағымдағы жылы Бейнеу аудандық ауруханасына компьютерлік томограф пен УЗИ эксперт класс аппаратын алуға мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жолымен 448 млн теңгеге қаржыландыру жоспарланып отыр.

5

Банкоматтардың санын көбейтуді қамтамасыз ету.

Жұмысты ұйымдастыру

Халық банкінің  бірінші ғимаратына (бұрынғы БТА Банк)  қосымша екі банкомат орнатуға банк әкімшілігі тарпынан  сұраныс берілді.

6

Ауылішілік жолдар Тобанияз, Тоқабай Құрмаш, Сүгір көшелеріне автожол құрылысын салуға кезекті облыстық бюджетті нақтылау кезінде қаржы бөлу.

Жұмысты ұйымдастыру

Қоғамдық көлік жүретін Т.Әлниязұлы, Тоқабай Құрмаш көшелерінің авто жол салу жұмыстарының жобалық - сметалық құжаттары  мемлекеттік сараптамадан өтті.  С. Бегендікұлы көшесінің жобалық- сметалық құжаттары  мемлекеттік сараптамада қаралуда.

7

Бейнеу ауылындағы канализациялық тазалау имаратының жобалық-сметалық құжатын жасақтауға кезекті бюджетті нақтылау кезінде қаржы қарастыру.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсыныс енгізу

Бейнеу ауылындағы канализациялық тазалау имаратының жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға 5 млн теңге қаржы бөлінді.

8

Ж.Қалдығараев және Алтынсарин орта мектептеріне қосымша құрылыс салу.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсыныс енгізу

Бейнеу ауылындағы Ж.Қалдығараев атындағы орта мектепке қосымша құрылысы және  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке бөлек тұрған оқу корпусының құрылысы нысанының  жобалық - сметалық құжаттары  мемлекеттік сараптамада қаралуда.

Боранқұл ауылы

9

Қазпошта мәселесі. Қызмет көрсететін екінші бөлімше ашу.

Жұмысты ұйымдастыру

Қазпоштаның екінші бөлімшесі сәуір айында ашылады, құрал жабдықтары барлығы дайын.

Ақжігіт ауылы

10

Ақжігіт ауылының темір жолдың арғы бетіндегі көшелерге жаяу жүргіншілер жолын салу

Жұмысты ұйымдастыру

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні  жеңімпазы анықталды – «БейнеуГаз» ЖШС, сметалық  құжатқа сәйкес құрылыс жұмыстары 1 сәуірден бастап жүргізілетін болады.

Сарға ауылы

11

Сарға ауылы Д. Тәжіұлы көшесіне қиыршық тас төсеу

Жұмысты ұйымдастыру

Сарға ауылындағы Досан Тәжіұлы көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары мамыр-маусым айларында жасалады. Қазіргі таңда жұмыстар ұйымдастырылуда.

Сыңғырлау ауылы

12

Сыңғырлау ауылына дейінгі кірме жолдың жобалық-сметалық құжатын жасақтау үшін кезекті бюджетті нақтылау кезінде қаржы қарастыру

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсыныс енгізу

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына кезекті бюджетті нақтылау кезінде ұсыныс енгізіледі.

Сам ауылы

13

Аудан тұрғындарының медициналық тексерістен және скринингтік бақылаудан өту кезіндегі қолайсыздықтарды жойып, оңтайландыру.

Жұмысты ұйымдастыру

Медициналық тексеруді бір орталықтан өткізу жолға қойылды.

Есет ауылы

14

Мал шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген азаматтарға жер беру мәселелерін шешу.

Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне ұсыныс енгізу

«Шаруа қожалықтарын жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы конкурс жариялау» туралы хабарландыру ағымдағы жылдың 19 ақпан күні «Рауан» газетіне және Бейнеу аудандық әкімдігінің ресми сайтында (http://beineu.mangystau.gov.kz) жарияланды. Конкурсқа аумағы 25800 га болатын 50 жер учаскесі шығарылды. Конкурсқа қатысуға өтінімдер наурыз айының 20 жұлдызы мен сәуір айының 15 жұлдызы аралығында қабылданады. Конкурстық өтінімдер қарау жөніндегі комиссия отырысы 16 сәуір күні болады.

Төлеп ауылы

15

Бейнеу ауылынан Төлеп ауылына дейін жоғары кернеулі электр желісін аяқтауға бюджетті нақтылау кезінде қаржы бөлу.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсыныс енгізу

Бейнеу селосынан Төлеп  селосына дейін  жоғарғы кернеулі электр желісінің құрылысы  нысанына  2017-2018 жылы 150 000 мың теңге бөлінген қаржыға құрылыс-монтаж жұмыстары жасалды,  2019 жылы 185 712 мың теңге қаржы бөлінді.  Қаржынының бөлінуіне қарай  құрылыс жұмыстары кезең - кезеңімен жүргізіледі.

16

Молдағалиев Абатқа жылыжай кешенін салуға субсидия мәселесін шешу.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныс енгізу

Молдағалиев Абатқа жылыжай кешенін салуға субсидия алу мәселесі Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры  Маңғыстау облыстық филиалы директоры Баймағанбетов Мұрат Бақытқалиұлы 6 топтың оқуды Бастау бизнесте 1 желтоқсанға дейін ақшаны игеріп қойылғандығын, наурыз – сәуір айларында республикалық бюджеттен қаржы бөлуіне байланысты берілетін болады.

Тәжен ауылы

17

Тажен ауылына талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу

«Қазақтелеком» АҚ  филиалы  Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясына ұсыныс енгізу

«Транстелеком» АҚ-мен, ағымдағы жылдың 1-жарты жылдығында талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізетін болып келісілді.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/