Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы


БЕЙНЕУ  АУДАНЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

2018  жылғы  12  наурыз                                                                                             №37                                                                                                              Бейнеу  ауылы

Коммуналдық  меншікке келіп түскен  қараусыз  қалған

жануарларды  келіп  түсу  және пайдалану қағидаларын бекіту  туралы

  Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  заңының  31  бабы  1 тармағының  2) тармақшасына, Қазақстан  Республикасының  2011  жылғы  1  наурыздағы  «Мемлекеттік  мүлік  туралы»  заңының  18 бабының  22) тармақшасына  және  31 бабына  сәйкес  аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

  2. Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  2012  жылғы  20  сәуірдегі  №55 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық  актілерді мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №11-3-135  болып тіркелген,  2012 жылғы 14 маусымда «Рауан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

   3. «Бейнеу  аудандық  ауыл  шаруашылығы  және  ветеринария  бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Қабиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның  Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында  орналастырылуын  қамтамасыз  етсін.

  4. Осы  қаулының  орындалысын  бақылау  аудан  әкімінің  орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

    5.  Осы  қаулы   әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелген  күннен  бастап  күшіне  енеді  және  ол  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бейнеу ауданының әкімі                                                                                                                                                                                Б.Әбілов

Облыстық  әділет  департаментінде  2018  жылғы  11  сәуірдегі  №3563  санымен  тіркелген.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/