Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Бейнеу ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы


БЕЙНЕУ  АУДАНЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

2018  жылғы  12  ақпан                                                                                                      №27                                                                                                                           Бейнеу  ауылы

Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  кейбір  қаулыларына  өзгерістер  енгізу  туралы

  Қазақстан  Республикасының  2016  жылғы  6  сәуірдегі   «Құқықтық  актілер  туралы»  Заңына  сәйкес  Бейнеу  ауданының  әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  кейбір  қаулыларына  мынадай  өзгерістер  енгізілсін:

1) 2017  жылғы  17  мамырдағы  №94  «Барлық  кандидаттар  үшін  үгіттік  баспа  материалдарын  орналастыру  үшін  орындар  белгілеу  туралы»  қаулысына  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  3379  нөмірімен  тіркелген,  2017  жылғы  26  маусымда  Қазақстан  Республикасы  нормативтік  құқықтық  актілерінің  Эталондық  бақылау  банкінде  жарияланған):

кіріспе  бөлігі  мынадай  редакцияда  жазылсын:

«Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  28  қыркүйектегі  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық   Заңының  28-бабының  6-тармағына,  Қазақстан  Республикасының   2001  жылғы  23  қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңының  36-1  бабына  сәйкес,  барлық  кандидаттар  үшін  тең  құқықтарды  қамтамасыз  ету  мақсатында,  Бейнеу  аудандық  сайлау  комиссиясымен  бірлесіп   Бейнеу  ауданының  әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:»;

2) 2017  жылғы  17  мамырдағы  №95  «Кандидаттарға  сайлаушылармен  (таңдаушылармен)  кездесуі  үшін  шарттық  негізде  үй-жайлар  беру  туралы»  қаулысына  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  3378  нөмірімен  тіркелген,  2017  жылғы  26  маусымда  Қазақстан  Республикасы  нормативтік  құқықтық  актілерінің  Эталондық  бақылау  банкінде  жарияланған):

кіріспе  бөлігі  мынадай  редакцияда  жазылсын:

«Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  28  қыркүйектегі  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  Заңының  28  бабының  4  тармағына,  Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңының  36-1  бабына  сәйкес  Бейнеу  ауданының  әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:».

2. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  (Г.Бақытова)  осы  қаулының  Қазақстан  Республикасы  нормативтік  құқықтық  актілерінің  эталондық  бақылау  банкінде  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ресми  жариялануын,  аудан  әкімдігінің  интернет-ресурсында  орналастырылуын  қамтамасыз  етсін.

3. Осы  қаулының  орындалысын  бақылау  Бейнеу  ауданы  әкімінің  орынбасары  К.Машырықовқа  жүктелсін.

4. Осы  қаулы  әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелген  күннен  бастап  күшіне  енеді  және  ол  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.

   Аудан  әкімі                                                     Б.Әбілов

Облыстық  әділет  департаментінде  2018  жылғы  6  наурыздағы  №3537  санымен  тіркелген. 


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/