Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

2018 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы


БЕЙНЕУ  АУДАНЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

2018  жылғы  5  наурыз                  №34                                    Бейнеу  ауылы

2018  жылдың  наурыз-маусымында  және  қыркүйек-желтоқсанында  азаматтарды  мерзімді  әскери  қызметке  кезекті  шақыруды  ұйымдастыру  және  өткізу  туралы

  Қазақстан  Республикасының  2012  жылғы  16  ақпандағы  «Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің  мәртебесі  туралы»  Заңының  27,  28,  29  және  31  баптарына,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2018  жылғы  28  ақпандағы  №644  «Әскери  қызметтің  белгіленген  мерзімін  өткерген  мерзімді  әскери  қызметтегі  әскери  қызметшілерді  запасқа  шығару  және  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  2018 жылдың  наурыз-маусымында  және  қыркүйек-желтоқсанында  мерзімді  әскери  қызметке  кезекті  шақыру  туралы»  Жарлығына,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  15  мамырдағы  №620  «Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  әскери  қызметке  шақыруды  ұйымдастыру  мен  жүргізу  қағидаларын  бекіту  туралы»  қаулысына  сәйкес  аудан  әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ: 

  1. Аудан  аумағында  тұратын,  әскерге  шақыруды  кейінге  қалдыруға  немесе  одан  босатылуға  құқығы  жоқ  он  сегіз  жастан  жиырма  жеті  жасқа  дейінгі  ер  азаматтар,  сондай-ақ  оқу  орындарынан  шығарылған,  жиырма  жеті  жасқа  толмаған  және  әскерге  шақыру  бойынша  әскери  қызметтің  белгіленген  мерзімдерін  өткермеген  азаматтарды  2018  жылдың   наурыз-маусымында  және  қыркүйек-желтоқсанында  мерзімді  әскери  қызметке  кезекті  шақыру  комиссиясы  (одан  әрі – Әскерге  шақыру  комиссиясы)  осы  қаулыға  1-қосымшаға  сәйкес  құрамда  құрылсын.

  2. Әскерге  шақыру  комиссиясының  тағайындалған  мүшелерінің  бірі  сырқаттанған  немесе  басқа  да  дәлелді  себептермен  болмаған  жағдайдағы  Әскерге  шақыру  комиссиясының  резервтік  құрамы  осы  қаулыға  2-қосымшаға  сәйкес  құрамда  айқындалсын  және  бекітілсін.

  3. Азаматтарды  әскери  қызметке  шақыруды  өткізу  кестесі  осы  қаулыға  3-қосымшаға  сәйкес  бекітілсін.

  4. Әскерге  шақыру  комиссиясының  медициналық  комиссиясының  (одан  әрі – Медициналық  комиссия)  негізгі  құрамы  және  қосалқы  құрамы  осы  қаулыға  4-қосымшаға  сәйкес  бекітілсін.

5. Ауылдар,  ауылдық  округ  әкімдері  өздері  басқаратын   әкімшілік  аймақтық  бірлікте  орналасқан  тиісті  ұйымдардың  басшыларымен  бірлесе  отырып  осы қаулының  1-тармағында  көрсетілген  азаматтардың  Әскерге  шақыру  комиссиясына  уақытында  келулерін  қамтамасыз   етсін.

  6. Мыналарға  ұсынылсын:

1) Маңғыстау  облысының  денсаулық  сақтау  басқармасының  «Бейнеу  орталық  аудандық  ауруханасы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорнына  (одан  әрі – Аурухана)  (З.Байтүгелова):

  Медициналық  комиссияның  жұмысына  осы  қаулының   4-қосымшасында  көрсетілген  мамандардың  қатысуын  қамтамасыз  ету  және  оларды  медициналық  құралдармен  жабдықтау;

  Әскерге  шақыру  комиссиясы  жолдаған  әскерге  шақырылушыларды  кезектен  тыс  медициналық  тексеруден  өткізуді  қамтамасыз  ету; 

  әскерге  шақыру  алдында  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрлігінің  «Маңғыстау  облысы  Бейнеу  ауданының  қорғаныс  істері  жөніндегі  бөлімі»  республикалық  мемлекеттік  мекемесіне  (одан  әрі – Қорғаныс  істері  жөніндегі  бөлім)  стационарлық  емдеудегі  және  диспансерлік  есептегі  әскерге  шақыру  жасындағы  барлық  азаматтар  туралы  3  күн  мерзім  ішінде  хабарлау;

2) «Маңғыстау  облысының  Ішкі  істер  департаменті  Бейнеу  ауданының  ішкі  істер  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесіне  (одан  әрі – Ішкі  істер  бөлімі)  (Н.Мұханбетқали):

алдын-ала  анықтау,  тергеу  жүргізіліп  жатқан  әскерге  шақырылушылар  туралы  қажетті  мәліметтерді  Қорғаныс  істері  жөніндегі  бөлімге  аптасына  кемінде  бір  рет  табыс  ету;

Әскерге  шақыру  пунктінде  әскерге  шақыру  кезінде  қоғамдық  тәртіпті  қамтамыз  ету; 

мерзімді  әскери  қызметке  шақырылуға  тағайындалған  және  әскерге  жөнелтілетін  әскерге  шақырылушыларды  облыстық  жинақ  пунктіне  (Ақтау  қаласы)  жеткізу  және  кері  қайту  кезінде  қоғамдық  тәртіпті  қамтамасыз  ету  үшін  Қорғаныс  істері  жөніндегі  бөлімінің  өтінімі  бойынша  полиция  қызметкерлерін  бөліп,  іссапарға  жолдау;

Қорғаныс  істері  жөніндегі  бөлімінің  шақыруымен  Әскерге  шақыру  комиссиясына  келмей  жүрген  (әскерге  шақырудан  жалтарған)  азаматтарды  іздестіру  үшін  полиция  қызметкерлерін  бөлу;

3) «Көліктегі  ішкі  істер  департаментінің  Ақтау  станциясындағы  желілік  ішкі  істер  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінің  «Бейнеу»  станциясындағы  желілік  полиция  бөлімшесіне  (Н.Дербісалиев):

Бейнеу  станциясы  темір  жол  вокзалында  әскерге  шақырылушылар  мен  оларды  шығарып  салушылар  арасында  қоғамдық  тәртіпті  қамтамасыз   ету.

7.  Мыналар:

1) «Бейнеу  жұмыспен  қамту  орталығы»  мемлекеттік  мекемесі  (А.Сейілханов):

Қорғаныс  істері  жөніндегі  бөлімнің  сұранысы  бойынша  әскерге  шақыру  жұмыстарына  көмек  ретінде  жұмыссыздар  есебінен  заңнама  талаптарына  сай  адамдар  бөлсін;

2) «Бейнеу  аудандық  мәдениет,  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі  (Ж.Мырзабеков):

«Бейнеу  аудандық  жастар  ресурстық  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесімен  (Ж.Қайранов)  бірлесіп,  әскерге  шақырылушылармен  әскери-патриоттық  және  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштерінің  құрылған  күніне,  Ұлы  жеңістің  73  жылдығына  орай  тәрбиелік  іс-шараларды  ұйымдастыруға  және  өткізуге  белсенді   қатыссын;

3)  «Бейнеу  аудандық  ішкі  саясат  және  тілдерді  дамыту  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі  (Е.Хайруллаев):

әскерге  шақыру  науқанының  басталуы  және  оның  өткізілу  барысы  туралы  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ақпараттық  хабарлар   жарияласын;

дәстүрлі  емес  діни  ағымдарды  ұстанушыларды  анықтау  және  олардың  мерзімді  әскери  қызметке  шақырылуын  болдырмау  жөнінде  аудандық  Әскерге  шақыру  комиссиясы  жұмысына  қолдау   көрсетсін;

4) «Бейнеу  аудандық  экономика  және  қаржы  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі  (Б.Әзірханов)  бюджетте  қарастырылған  қаржы  шегінде  әскерге  шақыруға  байланысты  шараларды  қаржыландыруды  жүзеге  асырсын.

8. Әскерге  шақыру  комиссиясының  төрағасы – аудан  әкімінің  орынбасары  К.Машырықов  әскерге  шақыру  науқаны  басталар  алдында  оған  қатысы  бар  мемлекеттік  мекемелер  мен  ұйымдар  басшыларын,  ауылдар  мен  ауылдық  округ  әкімдерін  қатыстыра  отырып  әскери   қызметке  кезекті  шақыруға  қойылған  талаптар  және  әскери  қызметке  кезекті  шақыруды  өткізуге  дайындық  туралы  жиналыс  өткізсін  және  әскери  қызметке  кезекті  шақыру  қорытындылары  туралы  ақпаратты  аудан  әкіміне  2018  жылғы  15  шілдеге  және  2019  жылғы  15  қаңтарға  тапсырсын.

9. Осы  қаулының  орындалысын  бақылау  аудан  әкімінің  орынбасары  К.Машырықовқа  жүктелсін.

10. Осы  қаулы  қабылданған  күннен  бастап  қолданысқа   енгізіледі.

  Аудан  әкімі                                                   Б.Әбілов


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/