Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру


Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

E-G-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

E-R-3 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жарым жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

E-G-3 санаты үшін: жоғары білім;

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-4 санаты үшін:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-5 санаты үшін:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға

бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санаты үшін:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

E-G-2

92443,11

124923,12  

Е-R-3

96607,21

129920,05

Е-G-3

69956,95

94108,75

Е-R-4

73288,23

89944,65

Е-R-5

64960,02

88279,01

E-G-4

62461,56

84114,90

«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі/кадр қызметі/, 130100, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Бейнеу ауданы әкімдігінің ғимараты, тел/факс 8/72932/21232, 21576 (эл.почта r.zhumagaziev@mangystau.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға  жалпы конкурс жариялайды:

1.  Сарға  ауылының  әкімінің көмекшісі  (E-G-2 санаты) - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Округ бойынша құрылыс, тұрғын үй салу, жер қатынастарын реттеу, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жұмыстарының дамуына қолдау көрсету, талдау жасау, азаматтық хал актілерін тіркеу және қадағалау, тұрғындарға әлеуметтік және атаулы әлеуметтік көмекпен басқа да жәрдемақыларды тағайындау, әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды есепке алу, балабақшаға қабылданатын балалардың тізімін жүргізу, оларға жолдама беру, мәдени-көпшілік, спорттық шараларды ұйымдастыру, село аумағындағы шаруа (ферма) қожалықтарымен және жеке тұрғын үй шаруашылығындағы мал мен құстың есебін алу, бірдейлендіру (сырғалау) жұмыстарын жүргізу, оларды автоматтандырылған  бірыңғай  жүйеге  енгізу,  «Жеке  және  заңды  тұлғалардың  жүгінулерін  қарастыру  туралы»  №1 – ОЛ  нысанды  статистикалық  есебін  жүргізу. Селоны  көріктендіру, абаттандыру  және  санитарлық  тазалық  жұмыстары  мен  тұрғындарды  сумен, жылумен,  электр  қуатымен  қамтамасыз  ету  жұмыстарын  қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім – Білім (информатика, қазақ тілі мен әдебиеті), гуманитарлық  ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих),  құқық (құқықтану, халықаралық  құқық, кеден ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік  және жергілікті басқару), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, машина жасау, көлік, көліктік техника және технологиялар, тау-кен ісі, мұнай-газ ісі, құрылыс), ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология), ветеринария (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария).

2.«Бейнеу аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің оқу және тәрбие жұмыстары бойынша сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты) - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Аудандағы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың контингентін сақтауына, мектептің күн режиміне, сабақ жоспарына, сыныптан тыс жұмыстар кестесіне бақылау жасау. Мектептің тоқсандық, жылдық, оперативтік хабарлары және статистикалық есепті алу. «Алтын белгі» аттестаты, үздік аттестат пен үздік куәлікке үміткер оқушылардың құжаттарын дайындау. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың  үйден оқытуды бақылау және кешкі мектептердің жұмыстарына басшылық жасау. Мектеп асханаларының жұмысы, оқушылардың ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету мәселелерін ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:Жоғары білім –Білім (Педагогика және психология, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту). Гуманитарлық ғылымдар (философия, тарих, филология). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, экономика,  мемлекеттік және жергілікті басқару).

3.«Бейнеу селосы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп жөніндегі бас маманы  (E-G- 3санаты) - 1 бірлік.

  Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есепті, қаржылық есептілікті жасау, жеке еңбек келісім шартын жасау. Мекеме қызметкерлерінің ай сайынғы жалақысын есептеу және аудару, еңбек өтілін есептеу. Мекеме мүліктерін түгендеу. Тоқсандық есептерді тиісті орындарға (статистика басқармасына, салық басқармасына, қаржы бөліміне) тапсыру. Бас кітапты уақытылы толтыру. Қаржылық жоспарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім –әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - қызмет көрсету, экономика және басқару (экономика, есеп және аудит, қаржы).

4. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жер қатынастары жөніндегі бас маманы (E-R-4 санаты) - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу. Жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру. Жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру. Бөлімге келіп түскен өтініштердің орындалысын қадағалау.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім – Құқық (құқықтану). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару). Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, мұнай-газ ісі). Өнер (сәулет). Қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Құқық (заңгер). Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология (сызушы, техник).

5.«Бейнеу аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тәрбие жұмыстары жөніндегі бас маманы (E-R-4 санаты) - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Білім мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарының жайына бақылау жасау. Құқық бұзушылықтың алдын алу, тәрбиесі қиын балалармен жасалатын жұмыстарды басқару, есебін жүргізу. Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен одан туындайтын жұмыстарды ұйымдастыру. Білім алушылардың жазғы демалыспен қамтылуын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  Жоғары білім –Білім (Педагогика және психология, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту). Гуманитарлық ғылымдар (философия, тарих, филология). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  (әлеуметтану, саясаттану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару).

  Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, математика мұғалімі, физика мұғалімі).

6. «Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (E-R-5 санаты) - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде дене шынықтыру және спортты насихаттау бағытында әртүрлі шаралар ұйымдастыру, мектеп жасына дейінгі мекемелердің, бұқаралық дене шынықтыру мен әуесқойлық спортты дамытудың жоспарын әзірлеу, спорт түрлері бойынша аудандық деңгейде жарыстар ұйымдастыру, аудандық спорттық-бұқаралық  іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу, аудан аумағындағы спорттық клубтар мен секциялар жұмысын қадағалау, бұқаралық дене шынықтырумен және әуесқойлық спортты дамыту туралы мәліметтерді әзірлеп, тиісті органға табыстауды қамтамасыз ету.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім –(Дене шынықтыру және спорт, кәсіптік оқыту). Гуманитарлық ғылымдар (тарих, мәдениеттану). Құқық (құқықтану). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бтзнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Өнер және мәдениет (ұйымдастырушы – педагог), Дене тәрбиесі және спорт (дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі)

7. «Бейнеу аудандық құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (E-R-5 санаты) - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Құрылыс саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету. Нысандарды жобалауға және құрылысқа қажетті құжаттарды дайындау, олар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсатарын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  Жоғары білім – Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, көлік құрылысы, мұнай – газ ісі), өнер (сәулет).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Құқық (заңгер). Құрылыс және коммуналдық шаруашылық (техник – құрылысшы), сәулет өнері (сызушы,техник- жобалаушы)

8. «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттар бөлімінің жетекші маманы (E-G-4 санаты) - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Село әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлеу. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын және кіріс-шығыс хаттарын тіркеу.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім –Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс),  құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралықстипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бейнеу ауданы әкімінің аппаратының және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Бейнеу ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Бейнеу ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

  Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.

Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады.

Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.

Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

   

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені        бос емлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

                           

Мекен жайы және байланыс телефоны   

     

  (қолы)   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/