Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

ЭКСПО туралы не білеміз?


   

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихына енетін 10 креативтік идеяны анықтады. Соның ішінде: «Энергетикада – ЭКСПО – 2017-ге дайындық барысында Астана болашақтың энергиясы мен жасыл экономиканы іздеу мен құру жөніндегі озық әлемдік тәжірбиені зерттейтін және енгізетін орталыққа айналды. Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынып, ядролық энергетика, оның ішінде атом станциясының құрылысы дамиды» - деп айқын да нақты көрсетті. Барша қазақстандық асыға күтіп жүрген шараның бірі «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі екенін білеміз. Алайда бұл көрме жайлы егжей-тегжейлі біле бермейтіндер бар. Жалпы ЭКСПО дегеніміз не? Ол қашан пайда болды? Оның негізгі мақсаты қандай?  Осы сұрақтарға жауап іздеп, еліміз үшін маңыздылығы, экономикалық тиімділігі және келешекке көзқарас жайлы саралап көрейік.

Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы

2017 жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашады. Павильондар дайындауға 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысады.

ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылау білуге үйрету білімін қалыптастыру.

Көрмеге 2 миллион турист келіп, келушілердің жалпы саны шамамен 5 миллионды құрайды деп болжанады. Келушілердің жалпы санынан 85%-ын қазақстандықтар, ал 15%-ын шетел мемлекеттерінің азаматтары құрайды деп жоспарланып отыр, олардың көпшілігі ТМД елдері мен Қытайдан келеді. Туристердің едәуір саны Еуропа, Түркия мен АҚШ-тан келеді деп күтіледі.

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өз жұмысын 2017 жылғы 10 маусымда бастайды және 10 қыркүйекте аяқталады.

ЭКСПО-2017 көрмесі – Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы. Астана Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 мемлекет өкілдерінің құпия дауысқа салу барысында Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) 152 Бас ассамблеясы кезінде 2012 жылғы 22 қарашада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің орны ретінде таңдалды. Астана өтініміне 103 ел қолдау көрсетті. Алдағы көрме елдің барлық өңірлері қатысатын ұлттық жоба болып табылады.


ЭКСПО-2017 КӨРМЕ КЕШЕНІ

«Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы алаңы 174 гектарды құрайды, бұл жерде 5 нысан салу жоспарланып отыр. Көрме аймағында Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және ұжымдық павильондар, сауда-көңіл көтеру объектілері орналастырылады. Көрмеден тыс аймақта жиналыс орталығын, баспасөз орталығын, жабық қала, тұрғын үйлер мен қонақ үйлер құрылысы жоспарланады.

ЭКСПО басты ғимараты – алдыңғы қатардағы технологиялар пайдаланып шар түрінде салынатын Қазақстанның ұлттық павильоны. «Сфера» басты объектіде мақсатты футуристік дизайнді бұзбай электр энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін жаңа фотоэлектр технологиялар қолданылатын болады. Павильон желіден электр энергиясын тұтынуды төмендетуді қамтамасыз етеді. Осы технология екі шусыз жел генераторларымен беріледі, оларды қала ішінде орналастыруға болады және олар жел бағыты мен тауытқуына тәуелді болмайды.

Сфераның тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде беріледі. Сфера табаны маңында 5000 кв. м. аумақта екі негізгі аймаққа бөлінген Ұлттық павильон орналасады. Қазақстанмен танысу аймағы келушілерді Қазақстанның жер бедерімен, мәдениеті, тарихы, қазіргі жағдайы мен келешегімен таныстырады. «Жасампаз энергия» аймағында «жасыл экономика» тақырыбы бойынша отандық ғалымдардың үздік жобалары қойылады.

Сфераның сегіз деңгейінде келушілер энергетика саласында – ғарыш, күн мен жел, биомассалар, су және кинетикалық энергиялармен танысады. Соңғы деңгей келешек Астанаға – 2050 жылғы Қазақстан астанасына арналатын болады.

Бұдан басқа «Астана ЭКСПО-2017» Үздік Правтикалар аймағын таныстырады – бұнда жаңартылатын энергия көздерін өндіру, сақтау және тасымалдау саласында 25-30 үздік әлемдік тәжірибе таныстырылатын болады. Көрменің тақырыбы ашылатын қорытынды алаң Қоғамдық аймақтар болады. Олар Болашақ энергиясының тұжырымдық негіздеріне арналатын болады, осы үлгімен ЭКСПО тақырыбын ашу жалғасады.

ЭКСПО ТАРИХЫ

ЭКСПО халықаралық көрме – білімге, инновациялық шешімдермен алмасу, прогресті алға жылжыту және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әлемдік көлемдегі іс-шара. 1851 жылы Лондон қаласында өткен бірінші көрмеден бастап ЭКСПО біздің мүмкіндіктеріміздің шекараларын кеңейтіп орнықты даму мен халықаралық проблемалардың алдыңғы қатарлы шешімдерін табуға жаңа көкжиектерді ашады.

ЭКСПО көрмесінің 150-ден астам тарихы ішінде көрмеге келішулер телефон және рентген аппараты, шолу шеңбері, сырғытпа, нейлон, балмаұздақтың вафель стаканы, ұялы телефон мен сенсорлық экран сияқты өнертабыстардың құрылу куәсі болды.

Дүниежүзілік көрменің ие қалалары үшін – болашаққа адым жасаудың керемет мүмкіндігі. Көрмелер өзімен қала мен өңірге орасан зор экономикалық әлеуетті білдіреді: жаңа технологиялар, жабдықтар, көлік тасымалы және қызмет көрсету жүйелері, қала құрылысы мен сәулет өнері саласында алдыңғы қатарлы әзірленімдер. Осының барлығы қалада өткен Дүниежүзілік көрме туралы естелік қалдырады.

Дүниежүзілік көрмелер – көлемі, жаңашылдығы және келушілер саны бойынша бірегей оқиға. Бүгінгі таңда Халықаралық көрмелер бюросында 168 қатысушы мемлекет бар және олардың барлығы осындай елеулі көлемдегі оқиғаны өзінде өткізуге дайындығы мен қызығушылығын білдіреді.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/