Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

БЕЙНЕУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ №95 ҚАУЛЫСЫ


БЕЙНЕУ  АУДАНЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ  ҚАУЛЫСЫ

2017  жылғы  17  мамыр    №95  Бейнеу  ауылы

Кандидаттарға  сайлаушылармен  (таңдаушылармен)  кездесуі  үшін  шарттық  негізде  үй-жайлар  беру  туралы 

Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  28  қыркүйектегі  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  Заңының  28  бабының  4  тармағына,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2013  жылғы  24  сәуірдегі  №555  «Қазақстан  Республикасының  аудандық  маңызы  бар  қалалары,  ауылдық  округтері,  ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін  кенттері  мен  ауылдары  әкімдерінің  сайлауын  өткізудің  кейбір  мәселелері  туралы»  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  аудандық  маңызы  бар  қалалары,  ауылдық  округтері,  ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін  кенттері  мен  ауылдары  әкімдерін  қызметке  сайлау,  өкілеттігін  тоқтату  және  қызметтен  босату  Қағидаларының  29  тармағының  1) тармақшасына  сәйкес  Бейнеу  ауданының  әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Осы  қаулыға  қосымшаға  сәйкес  кандидаттарға  сайлаушылармен  (таңдаушылармен)  кездесуі  үшін  шарттық  негізде  үй-жайлар  берілсін.

2. Ауылдар,  ауылдық  округтер  әкімдері  барлық  кандидаттар  үшін  бірдей  және  тең  шарттық  негізде  үй-жайлар  беруді  қамтамасыз  етсін.

3. Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  2013  жылғы  24  маусымдағы  №60  «Ауыл,  селолар,  селолық  округтер  әкімдігіне  кандидаттарға  сайлау  алдындағы  жиналыстарды  және  таңдаушылармен  кездесулерді  өткізу  үшін  шарттық  негізде  берілетін  үй-жайлар  тізбесін  бекіту  туралы»  қаулысының  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №2259  болып  тіркелген,  2013  жылғы  6  шілдедегі  «Рауан»  газетінде  жарияланған)  күші  жойылды  деп  танылсын.

4. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  (Ү.Әмірханова)  осы  қаулының  Қазақстан  Республикасы  нормативтік  құқықтық  актілерінің  эталондық  бақылау  банкінде  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ресми  жариялануын,  аудан  әкімдігінің  интернет-ресурсында  орналастырылуын  қамтамасыз  етсін.

5. Осы  қаулының  орындалысын  бақылау  Бейнеу  ауданы  әкімінің  орынбасары  К.Машырықовқа  жүктелсін.

6. Осы  қаулы  әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелген  күннен  бастап  күшіне  енеді  және  ол  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.

Аудан  әкімінің 

міндетін  атқарушы    К.Машырықов

Облыстық  әділет  департаментінде  2017  жылғы  20  маусымда  №3378  санымен  тіркелген.

Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  2017  жылғы  17  мамырдағы  №95  қаулысына  қосымша

Кандидаттарға  сайлаушылармен  (таңдаушылармен)  кездесуі  үшін  шарттық  негізде  берілетін  үй-жайлар 

Ақжігіт  ауылы  -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  мәдениет  үйі

Бейнеу  ауылы      -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  Абыл  атындағы  мәдениет  үйі,  «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Бейнеу  аудандық  білім  беруді  үйлестіру  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ұстаздар  үйі

Боранқұл  ауылы    -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  мәдениет  үйі

Есет  ауылы  -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  клубы

Ноғайты  ауылы  -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  клубы

Сам  ауылдық  округі  -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  клубы 

Сарға  ауылы    -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  мәдениет  үйі

Сыңғырлау  ауылы    -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  клубы

Тәжен  ауылы  -  «Тәжен  ауылы  әкімінің  аппараты» 

мемлекеттік  мекемесінің  ғимаратының  акт  залы

Төлеп  ауылы    -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  клубы

Тұрыш  ауылы    -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  клубы


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/