Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

БЕЙНЕУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ №94 ҚАУЛЫСЫ



2017  жылғы  17  мамыр                                     №94                                                                                                 Бейнеу  ауылы

Барлық  кандидаттар  үшін  үгіттік  баспа  материалдарын  орналастыру  үшін  орындар  белгілеу  туралы 

Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  28  қыркүйектегі  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  Заңының  28  бабының  6  тармағына,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2013  жылғы  24  сәуірдегі  №555  «Қазақстан  Республикасының  аудандық  маңызы  бар  қалалары,  ауылдық  округтері,  ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін  кенттері  мен  ауылдары  әкімдерінің  сайлауын  өткізудің  кейбір  мәселелері  туралы»  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  аудандық  маңызы  бар  қалалары,  ауылдық  округтері,  ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін  кенттері  мен  ауылдары  әкімдерін  қызметке  сайлау,  өкілеттігін  тоқтату  және  қызметтен  босату  Қағидаларының  29  тармағының  2) тармақшасына  сәйкес,  барлық  кандидаттар  үшін  тең  құқықтарды  қамтамасыз  ету  мақсатында,  Бейнеу  аудандық  сайлау  комиссиясымен  бірлесіп  Бейнеу  ауданының  әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Осы  қаулыға  қосымшаға  сәйкес  барлық  кандидаттар  үшін  үгіттік  баспа  материалдарын  орналастыру  үшін  орындар  белгіленсін.

  2. Бейнеу  ауданының  ауылдар,  ауылдық  округтер  әкімдеріне  барлық  кандидаттар  үшін  үгіттік  баспа  материалдарын  орналастыру  үшін  орындарды  стендтермен,  тақталармен,  тұғырлықтармен  жарақтандыру  тапсырылсын.

3. Күші  жойылды  деп  танылсын:

1) Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  2011  жылғы  9  қыркүйектегі  №111  «Үгіттік  баспа  материалдарын  орналастыруға  арналған  орындар  белгілеу  туралы»  қаулысы  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №11-3-125  болып  тіркелген,  2011  жылғы  20  қазандағы  «Рауан»  газетінде  жарияланған);

2) Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  2013  жылғы  24  маусымдағы  №59  «Үгіттік  баспа  материалдарын  орналастыруға  арналған  орындар  белгілеу  туралы»  қаулысы  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №2258  болып  тіркелген,  2013  жылғы  6  шілдедегі  «Рауан»  газетінде  жарияланған).

4. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  (Ү.Әмірханова)  осы  қаулының  Қазақстан  Республикасы  нормативтік  құқықтық  актілерінің  эталондық  бақылау  банкінде  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ресми  жариялануын,  аудан  әкімдігінің  интернет-ресурсында  орналастырылуын  қамтамасыз  етсін.

5. Осы  қаулының  орындалысын  бақылау  Бейнеу  ауданы  әкімінің  орынбасары  К.Машырықовқа  жүктелсін.

6. Осы  қаулы  әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелген  күннен  бастап  күшіне  енеді  және  ол  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.

Аудан  әкімінің 

міндетін  атқарушы    К.Машырықов

Облыстық  әділет  департаментінде  2017  жылғы  20  маусымда  №3379  санымен  тіркелген.

Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  2017  жылғы  17  мамырдағы  №94  қаулысына  қосымша

Барлық  кандидаттар  үшін  үгіттік  баспа  материалдарын 

орналастыру  үшін  орындар

Ақжігіт  ауылы  -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Акиматсервис»  мемлекеттік  коммуналдық  мекемесінің  ғимаратының  жанында

Бейнеу  ауылы      -  «Қазақстан  Халық  жинақ  банкі» 

акционерлік  қоғамының  №239900  Маңғыстау  облыстық  филиалы  және  Маңғыстау  облысының  денсаулық  сақтау  басқармасының  «Бейнеу  орталық  аудандық  ауруханасы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорнының  ғимараттарының  жанында

Боранқұл  ауылы  -  орталық  базардың  және  Бейнеу 

аудандық  әкімдігінің  «Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  мәдениет  үйінің  ғимаратының  жанында

Есет  ауылы  -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  клубының  ғимаратының  жанында

Ноғайты  ауылы  -  Маңғыстау  облысының  денсаулық 

сақтау  басқармасының  «Бейнеу  орталық  аудандық  ауруханасы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорнының  медициналық  пунктінің  ғимаратының  жанында

Сам  ауылдық  округі  -  «ҚАЗПОШТА»  акционерлік 

қоғамының  Маңғыстау  облыстық  филиалы  ғимаратының  жанында

Сарға  ауылы    -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  мәдениет  үйінің  ғимаратының  жанында

Сыңғырлау ауылы  -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  клубының  ғимаратының  жанында

Тәжен  ауылы  -  Маңғыстау  облысының  денсаулық 

сақтау  басқармасының  «Бейнеу  орталық  аудандық  ауруханасы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорнының  медициналық  пунктінің  ғимаратының  жанында

Төлеп  ауылы  -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының клубының ғимаратының  жанында

Тұрыш  ауылы  -  Бейнеу  аудандық  әкімдігінің 

«Бейнеумәдениет»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  клубының  ғимаратының  жанында


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/