Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Сайлау учаскелерін құру туралы


БЕЙНЕУ  АУДАНЫ  ӘКІМІНІҢ

ШЕШІМІ

2017  жылғы  15  мамыр    №1    Бейнеу  ауылы

Сайлау  учаскелерін  құру  туралы 

  Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  28  қыркүйектегі  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  Заңына  сәйкес  және  Бейнеу  аудандық  сайлау  комиссиясының  келісімі  бойынша  Бейнеу  ауданының  әкімі  ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ауданда  дауыс  беруді  өткізу  және  дауыстарды  санау  үшін  осы  шешімге  1  қосымшаға  сәйкес  анықталған  шекараларда  №113,  №114,  №115,  №116,  №117,  №118,  №119,  №120,  №121,  №122,  №123,  №124,  №125,  №126,  №127,  №128,  №129,  №130,  №131,  №132,  №133,  №134,  №135,  №136  және  №137  сайлау  учаскелері  құрылсын.

2. Сайлау  учаскелерінің  шекаралары  жөнінде  Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  28  қыркүйектегі  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  заңының  23-бабының  талаптары  сақтала  отырып  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  сайлаушыларға  хабардар  етілсін.

3. Осы  шешімге  2  қосымшаға  сәйкес  Бейнеу  ауданы  әкімінің  кейбір  шешімдерінің  күші  жойылды  деп  танылсын.

4. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  (Ү.Әмірханова)  осы  шешімнің  Қазақстан  Республикасы  нормативтік  құқықтық  актілерінің  эталондық  бақылау  банкінде  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ресми  жариялануын,  аудан  әкімдігінің  интернет-ресурсында  орналастырылуын  қамтамасыз  етсін.

5. Осы  шешімнің  орындалысын  бақылау  Бейнеу  ауданы  әкімінің  орынбасары  К.Машырықовқа  жүктелсін.

6. Осы  шешім  әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелген  күннен  бастап  күшіне  енеді  және  ол  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.

Аудан  әкімі    Б.Әзірханов

Облыстық  әділет  департаментінде  2017  жылғы  22  маусымда  №3382  санымен  тіркелген.

Бейнеу  ауданы  әкімінің  2017  жылғы  15  мамырдағы  №1  шешіміне  1  қосымша

№113  сайлау  учаскесі

Орталығы: Маңғыстау  облысының  білім  басқармасының  «Бейнеу  гуманитарлық – экономикалық  колледжі»  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнының  ғимараты.

Шекарасы: Бейнеу  ауылының  Бейімбет  Майлин  атындағы  көшесінің  №1-80  үйлері,  Қ.Сәтбаев  атындағы  көшесінің  №1-86А  үйлері,  Жамбыл  атындағы  көшесінің  №1-40  үйлері,  Ж.Аймауытов  атындағы,  Төлеген  Тоқтаров  атындағы,  Д.Нұрпейісова  атындағы,  Сәттіғұл  атындағы,  Айназар  ата  атындағы,  Сырым  Датұлы  атындағы,  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  атындағы  көшелерінің  үйлері.

№114  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Жұмағали  Қалдығараев  атындағы  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Бейнеу  ауылының  №30-35,  №37,  №62-64  екі  қабатты  үйлері,  №65-92  үйлері,  Өсербай  Құлбатыров  атындағы,  Еңсеген  Бөкетбайұлы  атындағы,  Жылкелді  Байбозұлы  атындағы,  Ыбырайым  ахун  Құлбайұлы  атындағы,  И.Тіленбайұлы  атындағы,  Қуантқан  Ещанов  атындағы,  А.Жұбанов  атындағы,  Әлия  Молдағұлова  атындағы,  Құлша  Төлеуұлы  атындағы,  Байқұл  қажы  Қаныбекұлы  атындағы,  С.Сейфуллин  атындағы,  Барақ  батыр  атындағы  көшелерінің  үйлері.

№115  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Үстірт  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Бейнеу  ауылының  Ахтан  Керейұлы  атындағы  көшесінің  №1-20  үйлері,  Ерменбет  би  атындағы  көшесінің  №1-26  үйлері,  Тұрманбет  батыр  атындағы  көшесінің  №1-27  үйлері,  әнші  Әділ  атындағы  көшесінің  №1-27  үйлері,  әнші  Тастемір  атындағы  көшесінің  №1-29  үйлері,  әнші  Тұрсын  атындағы  көшесінің  №1-29  үйлері,  әнші  Досат  атындағы  көшесінің  №101-117  үйлері,  Жамбыл  атындағы  көшесінің  №41-70  үйлері,  М.Әуезов  атындағы,  Атақозы  батыр  атындағы,  Самбай  Қилыбайұлы  атындағы,  Ә.Жанкелдин  атындағы,  Абай  атындағы,  Құрманғазы  атындағы,  Исатай  Сүйеубаев  атындағы  көшелерінің  үйлері.

№116  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Ы.Алтынсарин  атындағы  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Бейнеу  ауылының  №38-41  екі  қабатты  үйлері,  Қосай  ата  атындағы,  Т.Айбергенов  атындағы,  Ер  Қонай  атындағы,  Мәтжан  би  атындағы,  Ер  Шабай  атындағы,  Төлесін  Әлиев  атындағы,  Абыл  Тілеуұлы  атындағы,  Нұрсұлтан  Оңғалбаев  атындағы,  Мәди  Бегенов  атындағы,  Нұрым  Шыршығұлұлы  атындағы,  Оразмұхамед  ахун  атындағы,  Қыдырша  ата  атындағы,  Рсалы  батыр  атындағы,  Ақбөбек  атындағы,  Қайып  Қорабайұлы  атындағы,  Ер  Бегей  атындағы,  Бауыржан  Момышұлы  атындағы,  Ер  Қармыс  атындағы,  Ахмет  Байтұрсынов  атындағы,  Есір  Айшуақұлы  атындағы,  Сұлтан  Бейбарыс  атындағы,  Қайшыбай  Боқанұлы  атындағы,  Төремұрат  батыр  атындағы  көшелерінің  үйлері. 

№117  сайлау  учаскесі

Орталығы: Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  Шекара  қызметі  «2087  әскери  бөлімі»  Республикалық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  Шекара  қызметі  «2087  әскери  бөлімі»  Республикалық  мемлекеттік  мекемесі. 

№118  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Абай  атындағы  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Бейнеу  ауылының  №1-29,  №48,  №49,  №53-56,  №59-61  екі  қабатты  үйлері,  №47  көп  қабатты  үйі,  С.Ақшабаев  атындағы,  Ж.Қалдығараев  атындағы,  Қашаған  атындағы  көшелерінің  үйлері,  1  учаскесінің  үйлері,  шектері  Сұлтан  Бейбарыс  атындағы,  Төремұрат  батыр  атындағы,  Қосай  ата  атындағы  және  Т.Айбергенов  атындағы  көшелерімен  шартты  белгіленген  аумақта  орналасқан  үйлер,  Көне  Бейнеу  жеріндегі  үйлер.

№119  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Манашы  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Бейнеу  ауылының  Қ.Сәтбаев  атындағы  көшесінің  №87-146  үйлері,  Т.Рысқұлов  атындағы  көшесінің  №81-138  үйлері,  әнші  Досат  атындағы  көшесінің  №1-100  үйлері,  Балуанияз  батыр  атындағы  көшесінің  №118-179  үйлері,  Қожакелді  Тоқсанбайұлы  атындағы  көшесінің  №115-179  үйлері,  Амантұрлы  батыр  атындағы  көшесінің  №128-179  үйлері,  Асау  батыр  атындағы  көшесінің  №128-179  үйлері,  Қалнияз  ақын  атындағы  көшесінің  №58-120  үйлері,  Самалық  батыр  атындағы,  Есекмерген  батыр  атындағы,  әнші  Шолтаман  атындағы  көшелерінің  үйлері.

№120  сайлау  учаскесі

  Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Атамекен  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

  Шекарасы: Бейнеу  ауылының  Бейімбет  Майлин  атындағы  көшесінің  №81-240  үйлері,  Қ.Сәтбаев  атындағы  көшесінің  №147-240  үйлері,  Т.Рысқұлов  атындағы  көшесінің  №139-240  үйлері,  Рзаевтар  атындағы,  Сүгір  Бегендікұлы  атындағы,  Матай,  Қайдақ,  Достық,  Ынтымақ,  Бірлік,  Білеулі,  Белдеулі,  Жезді,  Аспантай,  Уәйіс  Қайралапов  атындағы,  Әбдібек  Жаманбаев  атындағы,  Қаржаубай  Жылқыбаев  атындағы,  Ақшағыл,  Серкебай  көшелерінің  үйлері.

№121 сайлау  учаскесі

  Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Күйкен  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Бейнеу  ауылының  Ұлы  Жібек  жолы  көшесінің  №56-130  үйлері,  Меңдіқұл  батыр  атындағы  көшесінің  №56-130  үйлері,  Ахтан  Керейұлы  атындағы  көшесінің  №21-135  үйлері,  Ерменбет  би  атындағы  көшесінің  №27-135  үйлері,  Тұрманбет  батыр  атындағы  көшесінің  №28-135  үйлері,  әнші  Әділ  атындағы  көшесінің  №28-135  үйлері,  әнші  Тастемір  атындағы  көшесінің  №30-135  үйлері,  әнші  Тұрсын  атындағы  көшесінің  №30-135  үйлері,  Шағырлы,  Тасастау,  Көлтабан,  Жиделі,  Рақ  батыр  атындағы,  Аманжол  шебер  атындағы,  Бердібай  Сарбалаев  атындағы,  Тоқабай  Құрмаш  Қосжанұлы  атындағы,  Сүйінқара  батыр  атындағы,  Аманбай  ата  атындағы,  Ш.Шыңғысов  атындағы,  А.Өтеуов  атындағы,  Шиланды  көшелерінің  үйлері.

№122  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Сам  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

  Шекарасы: Бейнеу  ауылының  Амантұрлы  батыр  атындағы  көшесінің  №1-127  үйлері,  Асау  батыр  атындағы  көшесінің  №1-127  үйлері,  Қалнияз  ақын  атындағы  көшесінің  №1-57  үйлері,  Қожакелді  Тоқсанбайұлы  атындағы  көшесінің  №1-114  үйлері,  Балуанияз  батыр  атындағы  көшесінің  №1-117  үйлері,  Т.Рысқұлов  атындағы  көшесінің  №1-80  үйлері,  М.Жұмабаев  атындағы  көшесінің  үйлері.

№123  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Бейнеу  лицейі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Бейнеу  ауылының  Ұлы  Жібек  жолы  көшесінің  №1-55  үйлері,  Меңдіқұл  батыр  атындағы  көшесінің  №1-55  үйлері,  Досан  Тәжіұлы  атындағы,  Жалау  Мыңбаев  атындағы,  Қабиболла  Сыдиықов  атындағы,  И.Тайманов  атындағы,  М.Мәметова  атындағы,  Азан  Балов  атындағы,  Махамбет  Өтемісұлы  атындағы,  Тобанияз  Әлниязұлы  атындағы  көшелерінің  үйлері.

№124  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Бейнеу  орта  мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Бейнеу  ауылының  Тұрыш  ата  атындағы,  Қарақоға,  Қарағайлы,  Шоғы  батыр  атындағы,  Қосарқан,  Шахан,  Уәлі,  Сайқұдық,  Опорная,  Мұрын  жырау  атындағы,  Манашы,  Айрақты,  Жайылған,  Дағар,  Шаршы,  Құсшы,  Күйкен,  Есенқазақ,  Теректі,  Шүңкілдек,  Лабақ  батыр  атындағы,  Бопай  ханым  атындағы,  Әбілхайыр  хан  атындағы,  Абылай  хан  атындағы,  Хасан  хазірет  атындағы,  Сарыарқа,  Каспий,  Нарынқол,  Жетісу,  Ұлытау,  Мұғалжар,  Алатау,  Жайық,  Балқаш  көшелерінің  үйлері,  Балуанияз  батыр  атындағы  көшесінің  №180-280  үйлері,  Қожакелді  Тоқсанбайұлы  атындағы  көшесінің  №180-280  үйлері,  Амантұрлы  батыр  атындағы  көшесінің  №180-280  үйлері,  Асау  батыр  атындағы  көшесінің  №180-280  үйлері.

№125  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Опорный  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Боранқұл  ауылының  2,  6  және  7  учаскелерінің  үйлері.

№126  сайлау  учаскесі

  Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Қарақұм  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Боранқұл  ауылының  3  және  5  учаскелерінің  үйлері.

№127  сайлау  учаскесі

  Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Боранқұл  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Боранқұл  ауылының  1  және  4  учаскелерінің  үйлері.

№128  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «М.Бегенов  атындағы  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Ақжігіт  ауылының  №1-128  үйлер.

№129  сайлау  учаскесі

  Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Ақжігіт  орта  мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Ақжігіт  теміржол  стансасының  №1,  №2  екі  қабатты  үйлері,  Ақжігіт  ауылының  №129-242  үйлері.

№130  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Есет  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Есет  ауылының  үйлері.

№131  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Бейнеу»  мектеп –  интернаты»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Сарға  ауылының  үйлері.

№132  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Тұрыш  мектеп  – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Тұрыш  ауылының  үйлері.

№133  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Сыңғырлау»  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Сыңғырлау  ауылының  үйлері.

№134  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  ауданының  әкімдігінің  «Сам»  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Сам  ауылының  үйлері.

№135  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Ә.Махутов  атындағы  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Төлеп  ауылының  үйлері.

№136  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Ноғайты  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Ноғайты  ауылының  үйлері.

№137  сайлау  учаскесі

Орталығы: «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Тәжен  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы: Тәжен  ауылының  үйлері.

Бейнеу  ауданы  әкімінің  2017  жылғы  15  мамырдағы  №1  шешіміне  2  қосымша

Бейнеу  ауданы  әкімінің  күші  жойылды  деп  танылған 

кейбір  шешімдерінің  тізбесі

  1) Бейнеу  ауданы  әкімінің  2011  жылғы  26  сәуірдегі  №3  «Сайлау  учаскелерін  құру  туралы»  шешімі  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  Тізілімінде  №11-3-119  болып  тіркелген,  2011  жылғы  19  мамырда  №20  (1991)  «Рауан»  газетінде  жарияланған);

  2) Бейнеу  ауданы  әкімінің  2011  жылғы  9  қыркүйектегі  №4  «Аудан  әкімінің  2011  жылғы  26  сәуірдегі  №3  «Сайлау  учаскелерін  құру  туралы»  шешіміне  өзгерістер  енгізу  туралы»  шешімі  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  Тізілімінде  №11-3-124  болып  тіркелген,  2011  жылғы  20  қазанда  №42  (2013)  «Рауан»  газетінде  жарияланған);

3) Бейнеу  ауданы  әкімінің  2014  жылғы  21  ақпандағы  №1  «Сайлау  учаскелерінің  кейбір  мәселелері  туралы»  шешімі  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  Тізілімінде  №2362  болып  тіркелген,  2014  жылғы  4  наурызда  «Әділет»  ақпараттық-құқықтық  жүйесінде  жарияланған);

4) Бейнеу  ауданы  әкімінің  2014  жылғы  23  сәуірдегі  №4  «Аудан  әкімінің  2011  жылғы  26  сәуірдегі  №3  «Сайлау  учаскелерін  құру  туралы»  және  2014  жылғы  21  ақпандағы  №1  «Сайлау  учаскелерінің  кейбір  мәселелері  туралы»  шешімдеріне  өзгерістер  енгізу туралы»  шешімі  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  Тізілімінде  №2433  болып  тіркелген,  2014  жылғы  6  маусымда  №33-34  (2159-2160)  «Рауан»  газетінде  жарияланған);

5) Бейнеу  ауданы  әкімінің  2015  жылғы  15  қаңтардағы  №1  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  кейбір  шешімдеріне  өзгерістер  енгізу  туралы»  шешімі  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  Тізілімінде  №2613  болып  тіркелген,  2015  жылғы  20  ақпанда  №9  (2206)  «Рауан»  газетінде  жарияланған);

6) Бейнеу  ауданы  әкімінің  2015  жылғы  19  маусымдағы  №2  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  кейбір  шешімдеріне  өзгерістер  енгізу  туралы»  шешімі  (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  Тізілімінде  №2763  болып  тіркелген,  2015  жылғы  17  шілдеде  №38-39  (2235-2236)  «Рауан»  газетінде  жарияланған).


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/