Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

БЕЙНЕУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ №53 ҚАУЛЫСЫ


БЕЙНЕУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 24 наурыз №53 Бейнеу селосы

«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №110 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14637 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, Бейнеу ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2. Бейнеу ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №47 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3032 нөмірімен тіркелген, алғашқы ресми жарияланған күні 2016 жылғы 3 мамыр, ресми жарияланым дереккөзі «Рауан» газеті) күші жойылды деп танылсын.

3. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Ү.Әмірханова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалысын бақылау «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Б.Әзірханов

Облыстық әділет департаментінде 2017 жылғы 27 сәуірде №3349 санымен тіркелген.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/