БЕЙНЕУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ №9 ҚАУЛЫСЫ
БЕЙНЕУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
2017 жылғы 27 қаңтар №9 Бейнеу селосы
Бейнеу ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бейнеу ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. «Бейнеу аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (О.Наурызбаев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Қ.Әбілшеев
Облыстық әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда №3284 санымен тіркелген.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
О.Наурызбаев
«27» 01 2017 жыл