Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Қоғамдық жиналыстың хаттамасы


Бейнеу селосы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ

Бейнеу селосы     №7     29.08.2016 жыл

Бейнеу селосында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар мүшелерінің  жалпы саны: 20 адам

Қатысқан адам саны: 16 адам

Жергілікті қоғамдастық жиналысын село әкімінің орынбасары С.Қалдығараев ашты.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы Қалдығараев Сисенбек Сүйекбайұлы жиналыстың төрағасы болып, Айғазыев Асқар Тұрсынбайұлы хатшысы болып сайланды.

Күн тәртібінде:

Жаңа көшелерге атау беру туралы

Тыңдалды:

Жиналыс төрағасы С.Қалдығараев: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша түсінік берді.

Сөйлегендер:

Кайруллаев Нұрболат - Бейнеу селосының Атамекен шағын ауданындағы Балқаш көшесінің оңтүстігіндегі

бірінші көшесінеБейнеу ауданында сот жүйесін жетілдіруге үлесін қосқан, сот төрағасы болған, бірнеше жылдар сот, прокуратура саласында еңбек еткен ҚалмұратСабырбаев есімін беруді ұсынды.

Бағдашов Қостай - Бейнеу селосының Атамекен шағын ауданындағы Балқаш көшесінің оңтүстігіндегі

екінші көшесіне: Манғыстау ауданының орталығы Шетпе кентінен Қызанға қарай жүрер жол бойындағы 18 шақырымында, Ақмыш тауымен бұлағының қасындағы, аты аңызға айналған биіктігі 307 метр болатын оқшау тау Шерқала атауын,

үшінші көшесіне: Ақтөбе облысының Байғанин ауданында орналасқан, бұрынғы Бейнеу ауданының шаруа қожалықтарының жаз жайлауы болған Желтау жерінің атауын, 

төртінші көшесіне: Бейнеу селосының теріскейінде 10 шақырым жерде орналасқан тау баурайындағы бұлақ, қазіргі таңда тұщы құдығы бар Қарабұлақ  жерінің атауын,

бесінші көшесіне: Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылымен Таушық ауылының ортасында орналасқан табиғаты тамаша, таулы аймақ Ұланақ атты жер-су атаулары берілсе деп өз  пікірін білдірді.

Бейнеу селосы бойынша жаңа көшелерге атау беру жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың құрамы арасында ашық дауысқа салынып бір ауыздан қолдау тапты.

Қолдаушылар-16 адам

Қарсы – жоқ

Қалыс қалғандар- жоқ

Жиналыс шешімі:

  Бейнеу селосының Атамекен шағын ауданындағы Балқаш көшесінің оңтүстігіндегі

бірінші көшесіне ҚалмұратСабырбаев есімі,

екінші көшесіне: Шерқала,

үшінші көшесіне: Желтау

төртінші көшесіне: Қарабұлақ,

бесінші көшесіне: Ұланақ атаулары берілсін.

   

Жиналыс төрағасы:   С.Қалдығараев

Хатшы:     А.Айғазыев


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/