2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
2015 жылғы 30 желтоқсан №272 Бейнеу селосы
2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейнеу ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс осы қаулының 1–қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. 2016 жылға қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулыны орындау, тиісті ұйымдармен келісім шарт жасау «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.Өмірбеков) жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.
5. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Өмірбеков) осы қаулының «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет–ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы К.Машырықов