Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Ноғайты селолық округінің әкімі М. Төленовтің 2015 жылы атқарылған жұмыстар жайлы есебі


Есепті жылдың ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы белгіленген міндеттер мен тапсырмаларды тұрғындарға кеңінен түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Мектеп жасындағы балалардың барлығының мектепке баруы қамтамасыз етілді. «Ноғайты мектеп-балабақша кешеніне» ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Селода атаулы әлеуметтік көмек алатын және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған азаматтар жоқ.

Округ бойынша жыл ішінде 13 сәби дүниеге келді. Аяғы ауыр әйелдердің уақытында дәрігерге қаралуы және аудан орталығында босануы қамтамасыз етілді. Бір жасқа дейінгі балалар шетінеуі болған жоқ.

Округте 15 шаруа қожалығы бар. Мал саны: түйе – 592 бас, сиыр – 166 бас, жылқы – 602 бас, қой-ешкі – 8724 бас.  Есептегі малдар бірдейлендірілген, жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жүргізілді. Жылқы, түйе малдарының өсімі байқалады.

Жылдың барлық мезгілінде су, электр энергиясы, газ іркіліссіз беріліп тұрды. Тұрғындардың коммуналдық қызметтерге берешектері жоқ.

Барлық үйлерде «Отау-ТВ» көрсетіп тұр, сондай-ақ сымсыз телефон қондырғысы орнатылған.

Селоны абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жылдың барлық мезгілінде басты назарда болды. Сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Село бойынша 12 тонна қоқыс шығарылып, 50 түп ағаш отырғызылды.

«Сыңғырлау – Сам – Ноғайты – Тұрыш» автожолы пайдалануға берілді.

Кәсіпкерлік нысандар салу жоспарда бар. Мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы уақытында өндірілді.

           


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/