Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметі


Бөлім қызметінің мақсаты мен мәні


Мекеменің ең басты мақсаты аудандық бюджеттің толық және заңды орындалуын қамтамасыз ету, аудандық коммуналдық меншікті тиімді басқару болып табылады.

Басты мақсатқа жету үшін мекеме қызметтің келесі түрлерін іске асырады:

-   аудан аумағында бірыңғай мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыру;

-   қаржы басқару саласындағы мақсаттар мен басымдықтарды айқындауғы қатысу;

-   аудандық бюджетті орындау, бюджеттің қалыптасуы мен орындалуын талдау және есебін жүргізу;

-   салық органдарымен бірлесіп аудандық бюджеттің кірістер бөлігінің орындалуын, салық салу базасын кеңейту, олардың резервтерін іздестіру және кірістердің уақытылы түсуін қамтамасыз ету шараларын алу, жергілікті салықтардың жиналуы мен біржолғы талондардың таратылуын ұйымдастыру.

-   аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін бақылауды жүзеге асыру;

-   аудандық бюджеттің атқарылуына әдістемелік басшылық ету;

-   аудандық бюджеттің міндеттемелер мен төлемдер бойынша айларға бөлінген қаржылық жоспарларын жасақтау және бекіту;

-   кірістер мен шығындардың экономикалық негізделе отырып жоспарлануы, түсірілімдер көлемінің есептемелері негізінде алдағы орта мерзімге арналған жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру;

-   жергілікті атқарушы органдарға қызмет көрсету және борышын өтеу жөніндегі міндеттемелерді, аудан әкімінің кепілдігі бойынша міндеттемелерді орындау;

-   жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы және борыш мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

-   ауданның әлеуметтік-экономикалық жоспарларын, орта мерзімді фискальды саясатын және басқадай бағдарламаларды жасақтау;

-   аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары паспорттарына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы тиіс.

-   бюджеттік шығындарды ұтымды пайдалану, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың құрылымдарын жақсарту және аудан экономикасын қаржылық дамуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

-   аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

-   аудандық коммуналдық мүлік обьектілерінің тізбесіне енгізілген, облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешлендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алады;

-   «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

-   Аудандық коммуналдық мұлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға),  сенімгерлікпен басқаруға береді;

-   аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

-   коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

-   аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

-   аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

-   коммуналдық меншікке айналдырылған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

-   сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

-   аудандық коммуналдық мүлікті жекшелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз етеді,  жекешелендіру обьектісінің алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Заңмен анықталған тәртіпте мекеме ережесінде көзделген мақсаттарды қамтамасыз етеді және оларға жетуге бағыттылған уәзипаларды іске асырады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/