Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Аудан әкімінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі №3 «Сайлау учаскелерін құру туралы» және 2014 жылғы 21 ақпандағы №1 «Сайлау учаскелерінің кейбір мәселелері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы


БЕЙНЕУ  АУДАНЫ  ӘКІМІНІҢ ШЕШІМІ

2014  жылғы  23  сәуір                                              №4                                           Бейнеу  селосы

Аудан  әкімінің  2011  жылғы   26  сәуірдегі  №3  «Сайлау  учаскелерін  құру  туралы»  және  2014  жылғы  21  ақпандағы  №1  «Сайлау  учаскелерінің  кейбір  мәселелері  туралы»  шешімдеріне  өзгерістер  енгізу  туралы

«Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  1995  жылғы  28  қыркүйектегі  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  Заңына,   «Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  1998  жылғы  24  наурыздағы,   «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  2001  жылғы  23  қаңтардағы  Қазақстан  Республикасының  Заңдарына  сәйкес  және  аудандық  сайлау  комиссиясының  келісімі  бойынша,  аудан  әкімі ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ: 

1.  Аудан   әкімінің  кейбір  шешімдеріне  мынадай  өзгерістер  енгізілсін:

1)  2011  жылғы  26  сәуірдегі  №3  «Сайлау  учаскелерін  құру  туралы»  (нормативтік   құқықтық   актілерді   мемлекеттік   тіркеу  тізілімде  тіркелген  нөмірі  11-3-119,  алғашқы  ресми  жарияланған  күні  2011  жылғы  19  мамыр,  ресми  жариялау  көзі  «Рауан»  газеті)  шешімде:

2-қосымшада:

№88  сайлау  учаскесіне  қатысты  бөлік  мынадай  жаңа  редакцияда  жазылсын:

«№88  сайлау  учаскесі

  Орталығы:  «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Есет  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты. 

  Шекарасы:  Есет  селосындағы  үйлер,  Есет  селолық  округі  аумағындағы  шаруа  қожалықтары  және  фермер  қожалықтары.»;

№90 сайлау учаскесіне  қатысты  бөлік  мынадай  жаңа  редакцияда  жазылсын:

«№90  сайлау  учаскесі

  Орталығы:  «Бейнеу  ауданы  әкімиятының  «Бейнеу  мектеп –  интернаты»  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

Шекарасы:  Сарға  селосындағы  үйлер,  Сарға  селолық  округі  аумағындағы  шаруа  қожалықтары  және  фермер  қожалықтары  .»;

№91  сайлау  учаскесіне  қатысты  бөлік  мынадай  жаңа  редакцияда  жазылсын:

«№91  сайлау  учаскесі

  Орталығы:  «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Тұрыш  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

  Шекарасы:  Тұрыш  селосындағы  үйлер,  Тұрыш  селолық  округі  аумағындағы  шаруа  қожалықтары  және  фермер  қожалықтары.»;

№92  сайлау  учаскесіне  қатысты  бөлік  мынадай  жаңа  редакцияда  жазылсын:

«№92  сайлау  учаскесі

  Орталығы: «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Сыңғырлау  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

  Шекарасы:  Сыңғырлау  селосындағы  үйлер,  Сыңғырлау  селолық  округі  аумағындағы  шаруа  қожалықтары  және  фермер  қожалықтары.»;

№93  сайлау  учаскесіне  қатысты  бөлік  мынадай  жаңа  редакцияда  жазылсын:

«№93  сайлау  учаскесі

  Орталығы: «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Сам  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

  Шекарасы:  Сам  селосындағы  үйлер,  Сам  селолық  округі  аумағындағы  шаруа  қожалықтары  және  фермер  қожалықтары.»;

№94  сайлау  учаскесіне  қатысты  бөлік  мынадай  жаңа  редакцияда  жазылсын:

«№94  сайлау  учаскесі

  Орталығы: «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Ә.Махутов  атындағы  мектеп–балабақша  кешені» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

  Шекарасы:  Төлеп  селосындағы  үйлер,  Төлеп  селолық  округі  аумағындағы  шаруа  қожалықтары  және  фермер  қожалықтары  .»;

№95  сайлау  учаскесіне  қатысты  бөлік  мынадай  жаңа  редакцияда  жазылсын:

«№95  сайлау  учаскесі

  Орталығы: «Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  «Ноғайты  мектеп – балабақша  кешені»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ғимараты.

  Шекарасы:  Ноғайты  селосындағы  үйлер,  Ноғайты  селолық  округі  аумағындағы  шаруа  қожалықтары  және  фермер  қожалықтары.»;

2)  2014  жылғы  21  ақпандағы  №1  «Сайлау  учаскелерінің  кейбір  мәселелері  туралы»  (нормативтік   құқықтық   актілерді   мемлекеттік   тіркеу  тізілімде  тіркелген  нөмірі  2362,  алғашқы  ресми  жарияланған  күні   2014  жылғы  7  наурыз,  ресми  жариялау  көзі  «Рауан»  газеті)  шешімінде:

қосымша  осы  шешімге  қосымшаға  сәйкес  жаңа  редакцияда  жазылсын.

2. «Бейнеу ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  (Ү.Әмірханова)  осы шешімді  әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркеуді,  оны  бұқаралық ақпарат  құралдарында  ресми  жариялауды  және   «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде  орналастыруды  қамтамасыз  етсін.

3. Осы  шешімнің  орындалысын  бақылау  аудан   әкімінің   орынбасары  К.Машырықовқа  жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен  бастап күшіне енеді және ол  алғаш ресми жарияланған  күнінен  кейін күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.

Аудан  әкімі                                                                                                                                          Б.Әзірханов

Облыстық  әділет  департаментінде  2014  жылғы  26  мамырда  №2433  санымен  тіркелген


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/