Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы


БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2014  жылғы 19  наурыз                                       №34                                                   Бейнеу селосы

Аудандық  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы 

 «Мемлекеттік мүлік туралы»  2011  жылғы  1 наурыздағы  Қазақстан  Республикасының  Заңының 140 бабы 2-тармағына сәйкес  және  «Облыстық коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы» 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №382 Маңғыстау облысының әкімдігінің Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2354 нөмірімен тіркелген қаулысы негізінде  аудандық әкімдік  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:   

1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрі-кәсіпорындар) таза табысының бір бөлігін аудару  нормативi бекiтiлсiн.

2. Кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы кәсіпорындардың аудандық  бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.

3. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне  (Ү.Әмірханова) осы  қаулыны әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркеуді,  оны бұқаралық  ақпарат құралдарында  ресми  жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу  құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет»  ақпараттық - құқықтық  жүйесінде  орналастыруды  қамтамасыз  етсін.

4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан  әкімінің  міндетін атқарушы                                                                                                Қ.Әбілшеев

Облыстық  әділет  департаментінде  2014  жылғы  28  сәуірде  №2405  санымен  тіркелген


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/