Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Ауыл, селолар, селолық округтер әкімдігіне кандидаттарға сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізбесін бекіту туралы


БЕЙНЕУ  АУДАНДЫҚ  ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2013  жылғы  24  маусым       №60       Бейнеу селосы

Ауыл,  селолар,  селолық  округтер  әкімдігіне  кандидаттарға  сайлау  алдындағы  жиналыстарды  және  таңдаушылармен  кездесулерді  өткізу  үшін  шарттық  негізде  берілетін   үй-жайлар  тізбесін  бекіту  туралы

  Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  28  қыркүйектегі  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  Заңының  28-бабының  4-тармағына,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің   2013  жылғы  24  сәуірдегі  №555  «Қазақстан  Республикасының  аудандық  маңызы  бар  қалалары,  ауылдық  округтері,  ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін  кенттері  мен  ауылдары  әкімдерінің  сайлауын  өткізудің  кейбір  мәселелері  туралы»  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  аудандық  маңызы  бар  қалалары,  ауылдық  округтері,  ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін  кенттері  мен  ауылдары  әкімдерін  қызметке  сайлау,  өкілеттігін  тоқтату  және  қызметтен  босату  Қағидаларының  29-тармағының  1)  тармақшасына  сәйкес  Бейнеу  ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Осы  қаулыға  қоса  беріліп  отырған  қосымшаға  сай  Бейнеу  ауданының  ауыл, селолары,  селолық  округтері  әкімдігіне  кандидаттарға  сайлау  алдындағы  жиналыстарды  және  таңдаушылармен  кездесулерді  өткізу  үшін  ақылы  шарттық  негізде  берілетін  үй-жайлар  тізбесі  бекітілсін.

2.  Қосымшада  көрсетілген  үй  жайлар  бекітіліп  берілген  мемлекеттік  заңды  тұлғалар  Бейнеу  аудандық  аумақтық  сайлау  комиссиясының  жасаған  кездесу  кестесіне  сай  Бейнеу  ауданының  ауыл, селолары,  селолық  округтері  әкімдігіне  барлық  кандидаттар  үшін  бірдей  және  тең  болатын  ақылы  шарттық  негізде  үй-жайлар  беруді  қамтамасыз етсін.

2

  3.  Осы  қаулының  орындалысын  бақылау  және  оның  аудандық  әкімдіктің  веб-сайтында  міндетті  түрде  жариялануын  қамтамасыз  ету  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  басшысы  Ү.Әмірхановаға  жүктелсін.

  4.  Осы  қаулы  әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелген  күннен  бастап  күшіне  енеді  және  алғаш  ресми  жарияланғаннан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.

Аудан  әкімі    Б.Әзірханов

Облыстық  әділет  департаментінде  2013  жылғы  2  шілдеде  №2259  санымен  тіркелген

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/