«Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы
БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
2015 жылғы 20 ақпан №37 Бейнеу селосы
«Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бейнеу аудандық ауыл шаруашығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда бекітілсін.
2. «Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Қабиев) осы қаулының «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудандық әкімдіктің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы К.Машырықов
Облыстық әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде №2662 санымен тіркелген.
2015 жылғы 20 ақпандағы №37 Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысымен бекітілген