Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Қызметінің нәтижелері



   Аудандағы кәсіпкерлік нысандарының саны 4,1 процентке  немесе  78 нысанға өсіп, 2001-ге жетті. Оның ішінде 5 орта, 100 шағын кәсіпорын  бар,  243  шаруа қожалығы,  1652 дара  кәсіпкер  жұмыс   істейді, оларда 8547 адам еңбек етеді. Бұл  еңбекке  жарамды  халықтың  төрттен  бірі.

     Кәсіпкерлік  нысандары  өндірген  өнім 3,3 млрд. теңгеге  жетіп,  барлық  өндірілген өнім  мен  қызметтің  61,5 %-ін,  олар  төлеген  салық  көлемі   899 млн. теңгеге  жетіп,  аудан  бюджетінің  53,7%-ін  құрады.

      29 ұлу тас карьерлерінде 700-ге жуық адам жұмыс істейтін  олар 610,2 мың текше метр тас өндірді. Жыл  ішінде  жекеменшік  22  кәсіпкерлік  нысаны  пайдалануға  берілді.

        Бейнеу  астық  терминалы  өткен  жылы  9,5 мың тонна  ұн  мен  4,4 мың тонна жем  өндірді. Әзірбайжанға  9 мың тонна, Иранға  47 мың тонна бидай экспорттап, көрші облыстарға  364 тонна ұн жіберді. Бұл алдыңғы жылы экспортталған бидайдан 53,7 мың тоннаға немесе 24,3 есе көп.

     «Сервистік дайындау орталығының» мал сою пункті  10,3  тонна  ет пен  ет  өнімдерін  дайындады.  Жылыжай кешені 20,1 тонна  өнім  өндірді,  10 мың  литр  құтыдағы  «Қарағайлы»  суы  әзірленді.

Бейнеу, Сам орман шаруашылығы мекемелерінің әкімшілік  ғимараттары  пайдалануға берілді. «Бейнеуветсервис»  мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны  құрылып, ауылдарда 4 ветеринариялық пункт ашылды. Эпизоотиялық   шараларға  республикалық  бюджеттен  28,2 млн. теңге бөлініп, ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді.  Республикалық  бюджет  қаржысына  аудандық «Ветеринарлық  лаборатория» ғимаратының  құрылысы  басталды.

     243 шаруа қожалығы бюджетке 3,6 млн теңгенің салығын төледі. Өкінішке  орай,  өткен  жылғы  қыстың  қолайсыздығы  мен  жаздың  қуаңшылығының  салдарынан  мал  басы  біраз  кеміді.  Қазір  қолда  3387 бас  сиыр,  102330  бас  қой  мен  ешкі,  7507  бас  жылқы,  11951  бас  түйе  бар.

     Қыс мезгілінде  туындауы  мүмкін  табиғи  төтенше  жағдайлар  кезінде  көлік  қатынасын  жақсарту,  фермер  қожалықтарына  азық-түлік пен  жем-шөп  жеткізуді  ұйымдастыру  мақсатында  аудандық  бюджет  қаржысына қуатты «К-704-ТУ»  тракторы  мен  демеушілік  қаржыға  қарда  жүретін  шаңғылы «Ямаха»  маркалы  мотоциклі  алынса,  «Бейнеусусервис»  кәсіпорнына  шынжыр  табанды  тракторы  мен «Белорусь-82.1»  тракторы  берілді. 

        Елдің  «Жасыл  энергияға»  көшуі  бүгінгі  күннің  басты  мәселесі  болып  отыр.  Шалғайда  жатқан  «Руслан»  шаруа  қожалығы  алғашқы  болып  энергетиканың  балама  түрі  күн  көзінен  электр  қуатын  өндіретін  қондырғы  сатып  алып  пайдалана  бастады. 

         Ауыл  шаруашылығы  мақсатына  және  жеке  тұрғын  үй  құрылысы  үшін  берілген  жер  учаскелеріне  түгендеу  жұмыстары  жүргізілді. Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 10 шаруа қожалығының иелігіндегі 7722 га.  жер  учаскесі  мен  мемлекеттік тіркеуден  өтпеген  жеке тұрғын  үй  үшін  берілген  4,1 га.  жер  учаскесі  мемлекет  меншігіне  қайтарылды. 

        «Ауыл  шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры»  арқылы  3  тұрғын 3 млн. теңге несие  алды,  «Маңғыстау  облысының  микрокредиттік орталығы»  арқылы  17  кәсіпкер  57,2 млн. теңге  несие  алып,  89  жұмыс орнын  ашты.  105  тұрғынға  «Даму»  қоры  арқылы  арнайы  сертификаттар  берілді. 

        Ауданның  кәсіпкерлер  Одағы құрылды. Облыстық «Жыл адамы  - 2012» байқауында «Ғалымжан-Өрезек» шаруа қожалығының төрағасы Хибасов Сахи «Жыл фермері» атанса, «Маңғыстау облысының үздік кәсіпкері» байқауында кәсіпкер  Оңғарбаев  Сағынбай  «Ең  үздік  жас  кәсіпкер»  атағын  алды.   

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/