Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы


V САЙЛАНҒАН БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ШЕШІМІ

24  желтоқсан   2014 жыл           №29/208                              Бейнеу селосы

2015-2017  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет  туралы

  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы және  «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы   28 қарашадағы № 259-V Заңдарына, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/304  «Облыстық мәслихаттың «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы ___ желтоқсандағы № _____  реттік санымен тіркелген шешіміне сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихат   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін, оның ішінде 2015 жылға келесі көлемде:

1)  кірістер – 9335807,0 мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер  –  2557202,0 мың теңге;

  салықтық емес түсімдер  – 10087,0 мың теңге;

  негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  – 33004,0 мың теңге;

  трансферттер түсімі  – 6735514,0 мың теңге;

2)  шығындар – 9335807,0 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредиттеу – 173536,0 мың теңге:

  бюджеттік кредиттер –  199191,0 мың теңге;

  бюджеттік кредиттерді өтеу – 25655,0 мың теңге;

4)  қаржы активтерімен  операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

  қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

  мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті)  –  -173536,0 мың теңге;

6)  бюджет  тапшылығын  қаржыландыру  (профицитін пайдалану) –

173536,0 мың теңге;

  2. Облыстық бюджеттен 2015 жылға аудан бюджетіне  1849030,0 мың теңге субвенция бөлінгені қаперге алынсын.

3. 2015 жылға арналған аудан бюджетіне кірістерді бөлу нормативтері мынадай көлемде белгіленсін:

1) төлем көзiнен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы –  100 пайыз;

2)төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы –  50,9 пайыз;

3)төлем көзiнен салық салынатын шетелдiк азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы  100 –  пайыз;

4)  әлеуметтік салық –  100 пайыз.

  4.  Аудан әкімдігінің резерві 5000,0 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.

  5. Жоғары тұрған бюджеттерден төмендегідей ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттері және бюджеттік кредиттер бөлінгені қаперге алынсын:

  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға –  277536,0 мың теңге;

  үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбекақыларын көтермелеуге –  60996,0 мың теңге;

  мемлекеттік мекемелердің азаматтық қызметшілері мен штаттан тыс қызметкерлерінің еңбекақыларының 10 пайызға өсуіне – 247120,0 мың теңге;

  еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне – 503804,0 мың теңге;

  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 2000,0 мың теңге;

     Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге – 2266,0 мың теңге;

  18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар  – 900,0 мың теңге;

  мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру – 317,0 мың теңге;

  мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының өсуіне  – 14568,0 мың теңге;

  елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бюджеттік бағдарламасы бойынша Бейнеу селосында су тазарту ғимараты құрылысын салуға және Бейнеу селосында селоішілік су құбыры құрылыстарына (1,2,3,4,5 кезең)  – 2241238,0 мың теңге; 

  мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттерге –  199191,0 мың теңге;

  облыстық бюджет есебінен жалпы білім беру бюджеттік бағдарламасы бойынша 2-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету және жаңадан іске қосылған Атамекен, Күйкен орта мектептерінің ағымдағы шығындарына –  320570,0 мың теңге; 

  облыстық бюджет есебінен білім беру объектілерін салу және реконструкциялау бюджеттік бағдарламасына  –  716627,0 мың теңге; 

  облыстық бюджет есебінен коммуналдық шаруашылығын дамыту бюджеттік бағдарламасына  –  22848,0 мың теңге; 

  облыстық бюджет есебінен аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын инфрақұрылымын дамыту бюджеттік бағдарламасына  –  230309,0 мың теңге; 

  облыстық бюджет есебінен көлік инфрақұрылымын дамыту бюджеттік бағдарламасына  –  96585,0 мың теңге; 

  облыстық бюджет есебінен елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бюджеттік бағдарламасына  –  148800,0 мың теңге. 

  6.  Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2 және 3- тармақтарына сәйкес, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің  жалақыларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

  7. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік  денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық және фармацевтика қызметкерлеріне, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының қызметкерлеріне бір жолғы коммуналдық қызметтерді өтеуге және отын сатып алуға 12100 теңге көлемінде әлеуметтік көмек белгіленсін.

  8.  «2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған аудандық бюджеттің бюджеттік  даму бағдарламаларының тізбесі» қоса беріліп отырған 4, 5  және  6 - қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

  9. «2015 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылу процесінде секвестрлеуге  жатпайтын  бюджеттік бағдарлама тізбесі» қоса беріліп отырған  7 - қосымшаға сәйкес белгіленсін.

  10. «2015 жылға арналған әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі»  қоса беріліп отырған  8 - қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

  11. «2015 жылы  ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну тізбесі»  қоса беріліп отырған  9 - қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

  12. Осы  шешім  2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  қолданысқа  енгізілсін.

Сессия төрағасы,   аудандық   мәслихат  хатшысы                                                А.Ұлықбанов


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/