Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

2012 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалысы туралы есебі


2012 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалысы туралы есебі 

2012 жылға арналған аудандық бюджет 5 601 995 мың теңге көлемінде бекітілген болатын, есепті кезеңде қосымша 591 428,6 мың теңгеге (10,6%-ке) көбейіп, 6 193 423,6 мың теңге (41,3 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде қалыптасты. Бұл 2011 жылғы орындалған бюджеттен 592,3 млн.теңгеге (10,6%-ке) артық. Аудан бюджетінің 4265,2 млн.теңгесін (68,9%) ағымдағы шығындар, 1928,3 млн.теңгесін (31,1%) даму бюджеті құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда ағымдағы шығындар 259,1 млн.теңгеге (6,5%-ке),  даму бюджеті 333,2 млн.теңгеге немесе 20,9%-ке артты. Ауданның 1 тұрғынына шаққанда 109200 теңге бюджет қаржысы, оның ішінде даму бюджеті есебінен 34000 теңге келеді.

Есепті жылы аудан бойынша барлығы 2431,4 млн.теңге салықтар мен басқадай міндетті төлемдер жиналды, бұл 2011 жылғыдан 148,5 млн.теңгеге (5,8%-ке) аз. Оның ішінде республикалық бюджетке 662,6 млн.теңге (барлық кірістердің 27,3%), облыстық бюджетке 95,9 млн.теңге (3,9%), ал аудандық бюджетке 1672,9 млн.теңге (68,8%) түсті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 133,2 млн.теңгеге (7,4%-ке) кем. Бұл «ҚазМұнайТеңіз» АҚ-нан тиісті салықтардың түспеуіне және «КАСКо» ЖШС-нің салық салу базасының азайып кетуіне, сонымен қатар «АСКОМ» тобы компанияларының өсімпұлдарымен қоса алғанда 722,1 млн.теңге қарыздарының түспеуіне  байланысты.

Жергілікті атқарушы органдар мен аудандық салық басқармасының бірлескен шаралары арқасында және аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен  кірістер бөлігі бойынша жоспар 101%-ке, ал меншікті кірістер бойынша жоспар 103,6%-ке орындалып, 58,6 млн.теңге артық жиналды. Ауданның шағын және орта кәсіпкерлік нысандарымен бюджетке 2012 жылы 899 млн.теңге салықтар мен төлемдер аударылды, бұл барлық түсімдердің 53,7%, көлік кешені кәсіпорындарынан 493,8 млн.тг. (29,5%), мұнай-газ саласы компанияларынан 169,2 млн.тг.(10,1%), бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардан 110,9 млн.тг.(6,7%) түсті.

Жыл аяғына мемлекеттік бюджет алдындағы бережақтар 554,1 млн.теңге болды, оның ішінде «Казполмұнай» мен «Толқыннефтегаз» ЖШС-нің қарыздары 541,3 млн.теңге (97,7%). Аудандық бюджетке түсетін салықтар бойынша бережақтар 533,8 млн.теңге болса, оның 99,7%-ын немесе 532,4 млн.теңгесі жоғарыда аталған 2 серіктестіктің қарыздары болып отыр.

Жоғары тұрған бюджеттерден 4361,4 млн.теңге ресми трансферттер бөлінді, бұл бюджетіміздің 70,4%-ін құрайды, оның ішінде нысаналы трансферттер 2432,1 млн.теңге, субвенция 1400,2 млн.теңге, заңнаманың қабылдануына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер 531,8 млн.теңге болды. Ауылдық жерге тұруға және жұмыс жасауға келген әлеуметтік сала мамандарына тұрғын үй алуға несие беруге 131,2 млн.теңге бюджеттік қарыздар бөлінді.

Есепті жылдың басында құралған 79359,6 мың тг. бюджет қаржысының бос қалдығы бюджет тапшылығын жабуға жұмсалса, 2013 жылдың басына 125,9 млн.тг. бос қалдық қалыптасты, ағымдағы жылдың бюджеті бұл сомаға өсірілетін болады.

Жалпы аудандық бюджет бойынша жоспарланған 6 193 423,6 мың теңгенің 6 127 909 мың теңгесі игерілді, орындалыс – 98,9%. Шығындар бойынша жоспарланған қаржы 6 040 660,6 мың теңге (148,1 млн.тг. бюджеттік кредиттер мен 4,6 млн.тг. кредитті өтеуді қоспағанда), игерілген қаржы 6 035 970,1 мың теңге, орындалыс 99,9% болды.

Жыл аяғына 65 515 мың теңге қаржы  игерілмей қалды, оның ішінде 65 464 мың тг. мынадай нысаналы трансферттер бойынша:

177 мың теңге – үйде оқылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтымен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделген қаржы;

137,6 мың теңге – жетім және ата-анасынан айрылған балалардың қорғаншыларына балаларды ұстау үшін төленетін қаржыдан жетім балалардың санының азайып кетуіне байланысты үнемделген қаржы;

904 мың теңге – «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДБҰ-ның бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбекақысын арттыруға берілетін трансферттер бойынша артық жоспарланған қаржы;

810 мың теңге – «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Бейнеу селосындағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделген қаржы;

60824 мың теңге - ауылдық елді мекендерге тұруға және жұмыс жасауға келген әлеуметтік салалар мамандарына берілетін бюджеттік кредиттер бойынша артық жоспарланған қаржы;

2607,3 мың теңге – осы бюджеттік кредиттердің банкалық қызметіне артық жоспарланған қаражат.

Жергілікті бюджет есебінен 51 мың теңге жоспар мен нақты қажеттілік арасындағы айырма есебінен қалған қаражат.

Бюджет қаржысының 57,3% білім беруге, 5,9% әлеуметтік көмекке, 2,4% мәдениет пен спорт саласына, 26,5% тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникацияға, 3,2% мемлекеттік қызметтер көрсету және қорғанысқа, 7,1% басқадай шығындарға бағытталды.

Жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген 2563,1 млн.теңге нысаналы трансферттер мен кредиттердің 2497,6 млн.тг. игерілді, орындалыс 97,4%. Оның ішінде: республикалық бюджет трансферттері бойынша 2168,9 млн.теңге (орындалыс – 97,1%), облыстық бюджет трансферттері бойынша 328,7 млн.теңге (100%) игерілді. Даму бюджеттік бағдарламаларына бағытталған нысаналы трансферттер 1828,8 млн.теңге, ал ағымдағы нысаналы трансферттер 598,6 млн.теңге көлемінде болды.

Бюджет шығындарының 2533,5 млн.теңгесі немесе 40,9% еңбекақы және соған қатысты төлемдерге, 340,1 млн.тг. (5,5%) әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге, 177,3 млн.тг. (2,9%)  коммуналдық және басқадай қызметтер төлемдеріне, 1955,3 млн.тг. (31,6%) негізгі капиталды сатып алу мен қалыптастыруға, 242,8 млн.тг. (3,9%) күрделі жөндеу жұмыстарына, 944,4 млн.тг. (15,2%) шаруашылық және басқадай ағымдағы шығындарға бағытталды.

Қазіргі таңға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарда 3861 адам қызмет етеді, орташа еңбекақы мөлшері 54,6 мың теңгені құрайды.

Жалпы мемлекеттік қызметтер функционалдық тобы бойынша 189,6 млн.тг. жоспарланып, толық игерілді, бұл 2011 жылғыдан 27,8 млн.теңгеге (17,2%-ке) артық.

Қорғаныс тобы бойынша әскерге шақыруды ұйымдастыру шығындарына 4,2 млн.тг. бөлініп, толықтай игерілді. Әскерге шақыру пунктіне қажетті медициналық және басқадай қажетті мүліктер алуға 1 млн.теңге бағытталды.

Білім беруге  3553 млн.тг. бөлінді, бұл өткен жылғыдан 502,7 млн.теңгеге, яғни 16,5%-ке артық. Жыл қорытындысымен 3551,8 млн. тг. игерілді, орындалыс – 100%. Оның ішінде:

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге 471,5 млн.тг. бағытталды, «Балапан» бағдарламасы аясында Бейнеу селосында 175 орындық жаңа балабақша, «Балбұлақ» балабақшасына 100 орындық және Ақжігіт балабақшасына 50 орындық қосымша құрылыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған балабақша топтарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтуға 4,8 млн.теңге бөлінді.

Жалпы білім беру бағдарламасына 2296,5 млн.тг. бөлінді, бұл 2011 жылғыдан 16,9%-ке артық. Жыл ішінде Абай ОМ, Бейнеу лицейі және Гагарин ОМ ғимараттары күрделі жөндеуден өтті, 3 мектепке биология кабинеттері жабдықтары, 31,6 млн.теңгеге оқулықтар алынды.

Балаларға қосымша білім беру бойынша 50,8 млн.тг. игерілді, ауданда «Дарын» орталығы» МКҚК ашылып, өз жұмысын бастады, оған қажетті мүліктер алуға 880 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы Бейнеу селосында жалпы құны 1,1 млрд.тг. болатын 624 орындық орта мектеп құрылысы басталды, оған республикалық бюджеттен 360 млн.тг. бөлініп, игерілді. Алдағы 2013 жылы бұл мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жергілікті бюджет қаржысына «Манашы» ОМ қосымша құрылыс салынуда, бұл объекті де алдағы жылы аяқталады.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға есепті жылы 363,1 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Оның ішінде: жұмыспен қамту бағдарламасына 58,4 млн.тг., әлеуметтік сала мамандарына отын алуға біржолғы материалдық көмекке 34 млн.тг., аз қамтамасыз етілген отбасыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 88,4 млн.тг., тұрғын үй көмегіне 28,3 млн.тг., 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына 14,1 млн.тг., мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін жәрдемақыларға 101,9 млн.тг. бағытталды. Жыл ішінде әлеуметтік жәрдемақылар төлеуде кешігулер болған жоқ.

Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы бойынша есепті жылы 1639 млн.теңге қаралып, 1638,2 млн.тг. игерілді, орындалыс – 100%. Бұл аудан бюджетінің 26,5% құрайды, өткен жылмен салыстырғанда бөлінген қаржы көлемі 19,4%-ке көп. Есепті жылы республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен 50 м3 резервуарымен қоса Ақжігіт-Тәжен су құбырының құрылысы аяқталды. Аудан орталығында 254,1 млн.теңгеге төрт пәтерлі 14 коммуналдық тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілді. Жалпы құны 1062,1 млн.теңгеге ұзындығы 123,8 км. селоішілік газ құбырлары тартылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Бейнеу селосындағы Майлин көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарының 1,2-кезеңдері аяқталды, алдағы жылы бұл жұмыстар толық аяқталатын болады. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Бейнеу селосының көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, жарықтандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік функционалдық тобына 147,3 млн.теңге бағытталды, бұл бюджеттің 2,4% үлесін ұстайды,

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары тобы бойынша барлығы 209,4 млн.теңге бөлінді, бұл өткен жылғыдан 1,5 есе артық және бюджеттің 3,4% бөлігі. «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы шегінде 87 маманға 9853,6 мың теңге біржолғы көмек төленді, 37 маманға тұрғын үй сатып алуға 87,3 млн. теңге бюджеттік несие берілді. Ветеринария саласында 28,4 млн.теңгеге эпизоотияға қарсы шаралар жүргізіліп, қаңғыбас иттерді жоюға 2 млн.тг., ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге 1,7 млн.тг. бөлінді.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бойынша 13,7 млн.теңге жоспарланып, толық игерілді.

Транспорт және коммуникация функционалдық тобы бойынша селоішілік жолдарды ұстауға 3 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді.

Басқадай шығындарға 41,3 млн.теңге бағытталды, оның ішінде аудандық кәсіпкерлік бөлімін ұстауға 8,9 млн.теңге, шағын кәсіпкерлікті қолдау шараларына 6,6 млн.теңге, аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі шығындарына 13 млн.теңге жұмсалды. 2011 жылы бөлініп, игерілмей қалған 22,2 млн.теңге нысаналы трансферттер облыстық бюджетке қайтарылды.

  Аудандық экономика және  қаржы бөлімінің бастығы                                                                                                                М.Нысанбаев

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/