Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Әлеуметтік көмек


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,  оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ   МАНГИСТАУСКАЯ ОБЛАСТЬ

                                                                                              БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ БЕЙНЕУСКИЙ РАЙОННЫЙ

                                                                                                                 МӘСЛИХАТЫ   МАСЛИХАТ

                                                                                                                         ШЕШІМ РЕШЕНИЕ  

_______________________________________________________________________________

  201_ж/г. «__ » ___________№ ________

Бейнеу ауданы Бейнеуский  район

Бейнеу ауданында әлеуметтік  көмек  

көрсетудің, оның мөлшерін  белгілеудің

және мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін  айқындаудың

Қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,  оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың  Қағидасы  (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

  2.  Аудандық мәслихаттың  2012 жылғы 24 шілдедегі  №6/42  «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері туралы» (нормативтік құқықтық  актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-139 болып тіркелген,  2012 жылғы 30 тамыздағы №35(2058) аудандық «Рауан» газетінде жарияланған)  шешімінің  күші жойылды деп танылсын.

  3 Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Н.Хайруллаев).

4.«Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Қ.Еламанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде орналастыруды  қамтамасыз етсін.

5. Осы шешім  әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми  жарияланғаннан  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Аудандық мәслихататшысы  

Қ. Тарғынов А. Ұлықбанов

«Келісілді»

«Бейнеу  аудандық  қаржы  және 

экономика  бөлімі»  мемлекеттік 

мекемесінің басшысы 

_____________________М.Нысанбаев

«___» _____________ 2013жыл.

«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_______________________Б.Өмірбеков

«___» _____________ 2013жыл.


  Бейнеу аудандық маслихатының

 2013 жылғы   25 қарашадағы

  №18/120  шешімімен бекітілген

Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің,  оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін   айқындаудың

Қағидасы

 1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы  (бұдан әрі-Қағида)  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  Бюджет  кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2,3 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін  айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы » №504  Қаулысына  сәйкес әзірленді.

 2. Осы қағида әлеуметтік көмек көрсетуді, оның мөлшерін белгілеуді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

3. Осы  қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) атаулы күндер – Қазақстан Республикасының тарихына ықпал ететін және жалпы халыққа бірдей тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар;

2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдай болғанда әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Маңғыстау облысы бойынша статистикалық органы есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелік күндері;

5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір  мүшесіне келетін үлесі;

6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

7) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- бөлім);

8) уәкілетті ұйым – «Зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық» (бұдан әрі - Орталық) Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облыстық филиалы;

9) әлеуметтік көмекті төлейтін уәкілетті ұйым – қаржы нарығын және ұйымдарын қажетті банк операцияларын реттейтін және қадағалайтын уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар,

10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар  дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік  әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең  жоғары   мөлшері.

Осы Қағидада қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.

4. Осы Қағида әкімшіліктік-аумақтық бірліктерге сәйкес Бейнеу ауданынды  тұрақты тұратын  мұқтаж азаматтардың  жекелеген санатындағы  тұлғаларға  қолданылады.

5. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындағанда, сондай-ақ атаулы күндер мен мерекелік күндерге мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі - алушылар) жекелеген санаттарына  заттай  немесе ақшалай  түрде көрсетіледі.

6. 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілген жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.

7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысы әкімдігі бекітетін  ережелердің   негізінде жүзеге асырады.

Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

2. Әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу және әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесін  айқындау тәртібі

9. Әлеуметтік көмек жылына бір рет атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай, келесі мөлшерде көрсетіледі

 1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға -2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.

2) 26 сәуір – Чернобыльдағы  АЭС апат күні;

Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушы мүгедектерге – 60 000 (алпыс мың) теңге;

1986-1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушыларға 50 000 (елу мың) теңге;

1988-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС  апатын жоюға қатысушыларға 20 000 (жиырма мың) теңге;

3)  9 мамыр – Жеңіс күні;

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 000 (жүз мың) теңге;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының  мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға  (Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушы мүгедектерден басқа) – 60 000 (алпыс мың) теңге;

  жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының  қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға  (1986-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылардан  басқа) – 50 000 (елу мың) теңге;

Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек майданындағы жан қиярлық еңбегі үшін Бұрынғы ҚСР Одағының ордендері мен медальдарымен  марапатталған тұлғалар, 1941 жылы 22 маусымнан - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс жасаған (қызмет еткен ) тұлғалар  және Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек майданындағы жанқиярлық еңбегі үшін бұрынғы КСР  Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға – 10 000 (он мың) теңге;

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері және Қазақтан Республикасының  «Қазақстан  Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңының 4 бабының 3,4 тармақтарында көрсетілген тұлғаларға – 40 000 (қырық мың)теңге

  Ауғанстандағы немесе  ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің  отбасыларына – 10 000 (он мың) теңге;

  Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза  тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 10 000 (он мың) теңге;

Чернобыль АЭС – індегі апаттың, азаматтық немесе  әскери мақсаттағы  обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 10 000 (он мың ) теңге;

Чернобыль АЭС–індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы  обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың , ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып, қайтыс болғандардың немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасыларына -  10 000 (он мың ) теңге;

Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің  және оларға теңестірілген мүгедектердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне , сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген  адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы ауруға  шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және  басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек  деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған  жесірлеріне - 10 000 (он мың ) теңге;

4) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы  (балаларға) алушыларға – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

Қазақстан Республикасы  алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға – 60 000 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

  Маңғыстау облысы  алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін  дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын санатындағы тұлғаларға – 36(отыз алты) айлық есептік көрсеткіш.

5) 6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:

барлық топтың 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектері мен мүгедек  балаларға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш.

6) 1 қазан – Халықаралық қарттар күні:

 жасы бойынша  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан жоғары жалғызбасты  зейнеткерлерге - 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш.

10. 18 жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек  табысы  есепке алмай ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.

11. Мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы берілмеген кезде әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық , мамандандырылған туберкулезге қарсы  медициналық ұйымнан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған  тұлғаларға , табыстарын есепке алмай жылына  бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

  12. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан  зиян  келтірілген тұлғаларға табысы есепке алмай әлеуметтік көмек, өмірлік қиын жағдай  туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей  жылына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

13. Өтініш жасалған  тоқсанның  алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы  Маңғыстау облысы бойынша белгіленген кедейлік шегінен  төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық  қажеттіліктерге, емделуге, дәрі – дәрмек алуға, отбасының бір мүшесі қайтыс болуына байланысты жылына бір рет көрсетілетін әлеуметтік көмек. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету  қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Шекті шама 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.

  14.  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы №394 «Өңірге қажет  мамандықтар бойынша  білім алушы  әлеуметтік  көмек тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, өткен жылдарда әлуметтік көмек тағайындалған студенттерге білім беру  қызметіне  жергілікті бюджет қаражаты  шегінде  жылына бір рет әлеуметтік  көмек төленеді  және де ай сайын бөліп төлеу  арқылы ішінара тамақтану мен тұру шығындарын  жабатын 5000 (бес мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

  15. Атаулы күндер мен мереке  күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей Орталықтың  немесе өзге де ұйымдардың ұсынған  электрондық тізімдері  бойынша  көрсетіледі.

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек алуға құқығы барларға, алайда Орталық тізімінің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандарға, Орталық қосымша жазбаша тізім ұсына алады.

16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде  әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтың әкіміне келесі құжаттардың қосымшасымен өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты  тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін  растайтын құжатты;

3) осы Қағиданың 1- қосымшасына сәйкес тұлғаның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) алған табыстары туралы мәліметтерді;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатты және/немесе актіні;

6) әлеуметтік көмек төлейтін уәкілетті  ұйымдағы банк шоты нөмірін растайтын құжатты.

  7) туу туралы куәлікті (жоғары оқу орындарындағы студенттерге)

  8) білім беру қызметінің келісім шартын (жоғары оқу орындарындағы студенттерге);

  Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) мүддесіне байланысты адамның (отбасының) өздігінен хабарласа алмауының себебін көрсетіп, әлеуметтік көмек көрсетуге хабарласа  алады:

  1) отбасының ересек мүшесі;

  2) қамқоршы ( сенімгер);

3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға.

17. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

  19. Учаскелік комиссия құжаттарды  алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру  жүргізеді, оның нәтижелері  бойынша осы Қағиданың 2,3 қосымшасына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы  акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы  туралы қорытынды дайындайды және оларды  уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауылдық  округ әкіміне жолдайды.

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

  20. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар  жетіспеген  жағдайда уәкілетті орган  әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін  қажетті  мәліметтерді тиісті  органдардан  сұратады.

 21. Өтініш берушінің  қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға  мүмкіндігі  болмаған жағдайда  уәкілетті орган  тиісті  мәліметтерді  қамтитын өзге уәкілетті  органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық  округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді  жүргізеді және құжаттардың  толық  пакетін  арнайы  комиссияның  қарауына  ұсынады.

23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күнінен бастап  екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған  кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін    көрсетеді.

24. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек  алуға қажетті құжаттарын тіркеген  күннен  бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттармен  арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының  негізінде әлеуметтік  көмек  көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

  Осы  Қағиданың 22 және 23 тармақтарында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен  бастап  жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік  көмек  көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдаған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып)  өтініш берушіні  жазбаша хабардар  етеді.

26. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.

27. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау  министрлігінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі.

  28. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту келесі жағдайларда жүзеге асады:

1) өтініш беруші  ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі  анықталғанда;

2) өтініш беруші адамның  (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден  өтініш беруші бас тартса, жалтарса;

3) адамның  (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша  ең төменгі күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

29. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржылық жылда Бейнеу ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару

үшін негіздер

   30. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда:

1) алушының қайтыс болғанда;

2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;

3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;

4)  алушы  ұсынған  мәліметтердің дәйексіздігі  анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Әлеуметтік көмекті  төлеу  көрсетілген  жағдаяттар туындаған айдан бастап  тоқтатылады.

31. Артық төленген сомалар ерікті  немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген  өзгеше  тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ережелер

  32. Әлеуметтік көмек көрсету  мониторингі  есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын  пайдалана отырып   жүргізеді.

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің,  оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 1 қосымша

 

Отбасын  тіркеу  нөмірі _______________________

Өтініш  берушінің  отбасының  құрамы  туралы  мәліметтер

 

(өтініш  берушінің  Т. А. Ә.) (үйінің мекен-жайы, тел.)

  р/с/  

Отбасы  мүшелерінің  Т. А. Ә.

Өтініш  берушіге

туыстық  қатынасы

  Туған  күні  мен

жылы

________________________________ Күні ____________________

Отбасының құрамы туралы

мәліметтерді  куәландыруға  уәкілетті

органның лауазымды

адамының  Т. А. Ә. _________________________

(қолы) (тегі)   

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,  оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 2 қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына  байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру

АКТІСІ

20__ ж. «____»___________________

_______________________________

  (елді мекен)

1. Өтініш берушінің Т.А.Ә._______________________________________________________

2. Тұратын мекен-жайы _________________________________________________________

3. Өтініш берушіні әлеуметтік көмек көрсету үшін хабарласуға себеп болған өмірлік қиын жағдай _______________________________________________________________

4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)_______ адам, оның ішінде:

 

.№

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатысы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтыл-мауының себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілгін арттыру) туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай

Еңбекке жарамды барлығы _________  адам.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз адам саны ____

Балалардың саны________адам, оның ішінде:

жоғары  және орта  оқу  орындарында  ақылы  негізде оқитындар_________адам,  жылына оқу құны_______________  теңге.

Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, қарт адамдардың, 80 жастан асқандардың, әлеуметтік маңызды  аурулармен ауыратындардың (қатерлі ісік, туберкулез, иммундық тапшылық вирусы) мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (санаттарды көрсету немесе басқа санатты қосу)______________________________________________________

5. Өмір  сүру  жағдайы  (жатақхана, жалға  алынған,  жекешелендірілген  тұрғын үй,  қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету керек) _______

______________________________________________________________________________________

Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар____________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

Отбасының табысы:

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

Орта есеппен айына

бір тоқсанда

6. Мыналардың:

автокөлігінің болуы маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін табыс)_________________________________________________________________________

қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен  табыс)__________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі).

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі _______

______________________________________________________________________________________

10.  Тұратын жерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы________________________________________

______________________________________________________________________________________

Комиссия төрағасы:  ___________________ _______________________

Комиссия мүшелері: ___________________ _______________________

  ___________________   _______________________

  ___________________   _______________________

  ___________________   _______________________

(қолдары) (Т.А.Ә.)

Жасалған актімен таныстым:

______________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)

Тексеру жүргізуден бас тартамын ____________________________________ Т.А.Ә. және өтініш берушінің (немесе отбасының мүшелерінің бірінің) қолы, күні

_____________________________________________________________________________________

(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

   Әлеуметтік көмек көрсетудің,  оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 3 қосымша

Учаскелік комиссияның №________ қорытындысы

20  __ ж. «____»_______________

Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету,  оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың  туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның  (отбасының)

__________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде отбасына өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты әлеуметтік көмек көресту

____________________________________________________________туралы

(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

қорытынды шығарды

Комиссия төрағасы:  ___________________ ___________________________

Комиссия мүшелері: ___________________ ___________________________

___________________   ___________________________

___________________   ___________________________

___________________   ___________________________

  (қолдары) (Т.А.Ә.)

 _____дана қоса берілген құжаттармен қорытынды

20 __  ж. «____»  ___________________қабылданды

Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің  Т.А.Ә., лауазымы, қолы:

_______________________________________________________________ 

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/