Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру туралы қысқаша мәлімет


          «Бейнеу аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» және Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін мемлекеттік қызмет көрсетеді.

               Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

   Сәулет-жоспарлау тапсырмасы дегеніміз объектiнiң мақсатына, негiзгi өлшемдерiне және оны нақты жер учаскесiне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешенi, сондай-ақ осы елдi мекен үшiн қала құрылысының регламенттерiне сәйкес белгiленетiн, жобалау мен құрылысқа қойылатын мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер. Бұл ретте, түсi жөнiндегi шешiм мен үйлердiң (ғимараттардың) қасбеттерiн әрлеу материалдарын пайдалану, көлемдiк-кеңiстiктегi шешiм бойынша талаптар белгiлеуге жол берiлмейдi;

Сәулет жобаларын өзгерту автордың (авторлардың) келiсiмiмен не оның (олардың) қатысуымен жүргiзiлуi мүмкiн. Егер бұл орайда сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарынан ауытқушылық пайда болса, тапсырма берген органмен келiсу талап етiледi.
Техникалық жағынан күрделi емес объектiлердiң құрылысына (реконструкциялауға, қайта жобалауға, қайта жабдықтауға) арналған жобалық құжаттаманы әзiрлеудi оңайландыру қажет болған жағдайда, сәулет жобасы сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес нобай (нобайлық жоба) түрiнде орындалуы мүмкiн.

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
жеке тұлға үшін:

мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
заңды тұлғалар үшін:
15 (он бес) жұмыс күні ішінде қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет - тегін.
Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушы:
1) уәкілетті органға:
еркін нысандағы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, көрсетілетін қызметті алушының берген сенімхаты және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
жергілікті атқарушы органның жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін;
тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) ұсынады.
2) Орталыққа:
еркін нысандағы өтініш;
жергілікті атқарушы органның жерге немесе қолданыстағы ғимараттың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) тиісті құқық беру туралы шешімінің көшірмесін;
тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырма (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) ұсынады.
Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында ғимараттардың үй-жайларын немесе өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстар процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда жобаға осы өзгертулерге олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі берілуге тиіс.
 

«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» жөнінде қысқаша мәлімет

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде;
7 (жеті) жұмыс күн ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсетіп, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне нөмір беру, оны өзгерту немесе жою кезінде жүргізіледі.
Электрондық сұрау салу көзделмеген; Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушы:
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:  

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады;
Орталық қызметкерi құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде көшiрменiң түпнұсқаға сәйкестiгiн салыстырып тексереді және тұпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтарады.

Мемлекеттік қызметті алушыға Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде дайын анықтаманы беруді «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзім негізінде Орталықтың қызметкері жүзеге асырады.

Бас тартқан жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарланады және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.

Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушы:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:

еркін нысандағы өтініш;

Құжаттардың мәліметтері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат, меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);

тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат (мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлғаның уәкілетті өтініш алушысы);

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады;

жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру, оны өзгерту және жою үшін:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) әкімдік қаулысының немесе әкімдік шешімінің көшірмесі (жобалау, құрылыс);

3) жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортының көшірмесі;

4) блоктың (гараждар және саяжайлар үшін) реттік нөмірі мен нөмірін көрсете отырып, елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспары;

5) кооператив (гараждар және саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімін қоса беріп, мүшелігін растау туралы кооператив төрағасының анықтамасы, жылжымайтын мүлік орталығы мұрағатынан (қажет болған жағдайда) қорытынды;

6) жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі (қажет болған жағдайда);

7) тұтынушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат;

8) тұтынушының жеке куәлігі (мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлғаның уәкілетті алушысы);

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкерi құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде көшiрменiң түпнұсқаға сәйкестiгiн салыстырып тексереді және тұпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтарады.

Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру туралы қысқаша мәлімет

Жарнама дегеніміз адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру Қазақстан Республикасының аумағындағы елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және сыртқы (көрнекі) жарнаманың басқа да объектілері түрінде жүзеге асырылады.
Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызметтер көрсету саласының кәсіпорындары орналастыратын мынадай жарнама объектілері:
1) маңдайша;
2) жайма сөрелер мен терезелерді безендіру;
3) жұмыс режимі туралы ақпарат;
4) үй-жайлардың ішкі безендірілуі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне жатпайды.
  5. Тарих пен мәдениет ескерткіштері, ғибадат ету объектілері аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.

2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға арналған рұқсатты ресімдеу тәртібі

Елді мекендерде (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға жергілікті атқарушы орган берген рұқсат болған кезде жол беріледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлға жергілікті атқарушы органға белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш жібереді.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру немесе орнату құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуге байланысты болған жағдайларда осы объектіге жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесі де қолданылады.
Жер учаскесін пайдалануға арналған рұқсат және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған рұқсат құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алмастырмайды.
Жергілікті атқарушы орган сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжанған мекен-жайын, орналасқан жерін, типін (нысанын, түрін), жарнаманың жұмыс режимін, рұқсат қолданысының басталу және аяқталу мерзімдерін, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне және оны техникалық пайдалануға қойылатын талаптарды көрсете отырып, шешімнің жобасын дайындайды.
Рұқсат 1 жыл мерзімге беріледі.
Рұқсаттың қолданылу мерзімі 1 жылға ұзартылуы мүмкін,     Жергілікті атқарушы орган өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді не негізді түрде бас тарта отырып, жазбаша жауап қайтарады.

3. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға (орнатуға) және оны техникалық пайдалануға қойылатын талаптар

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін үйлер мен ғимараттарға тікелей жақын орналастырған кезде құрылыс нормалары мен ережелерінің және үйлер мен ғимараттарға өрт бөлімшелерінің кіруін қамтамасыз ету бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары сақталуға, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныс белдеу және сары сызық сақталуға тиіс.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнатқан (монтаждаған) кезде құрылыс-монтаж жұмыстарын, сондай-ақ ашық отты және тұтанатын көздерді қолдана отырып отпен жұмыстар жүргізуге байланысты өрт қауіпсіздігінің талаптары мен нормалары ескерілуге тиіс.
Көлік құралдарына жарнама орналастыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері сақтала отырып, көлік құралдарының меншік иелерімен және егер заңда немесе шартта осы мүлікке өзге де заттық құқықтарды иеленуші тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлік құралдарына өзге де заттық құқықтар иеленуші тұлғалармен жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
  Жарнама объектілерін көлік құралдарына орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі саласындағы стандарттары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптары сақталуы тиіс.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметі алушылармен жұмыс дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 9°°-18³° аралығы, «Бейнеу аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тажиев көшесі, аудандық әкімдік ғимараты, 2-қабат. Байланыс телефоны: 8(72932) 21367

Орталықтарда мемлекеттік қызмет жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, Орталықтардың  белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.

Бейнеу аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі 

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/