Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа тарту бойынша мемлекеттік шаралар туралы


 

 Нарықтық экономикаға бағытталған шаруашылық жүргізудің жана механизмдерін қалыптастыру жағдайында мемлекет алдындағы бәсекелестік қабілеттілікті қамтамасыз ету мәселесін кадр әлеуетін жүйелеуінсіз шешу мүмкін болмайды.

  Еліміздің ауылдық жерлерінде халықтың 47 пайызы тұратынын ескере отырып, ауылдағы кадр мәселесін шешу бірінші дәрежелі тапсырмалардың бірі болып табылады. Осыған орай 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарын ынталандыру және әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық аумақтарға кадрларды тарту мақсатында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қабылданған болатын.

Шаралардың мақсаты

  Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласы мамандарына 2009 жылдан бастап біржолғы көтерме жәрдемақы және 2010 жылдан бастап дайын үй сатып алу үшін несие беру шаралары арқылы мамандарды бекіту.

Көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері.

  Көтерме жәрдемақы сомасы  жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада. 2014 жылға бұл сома 70*1852=129 640 теңгені құрайды.

  2011 жылдың шілдесінен бастап бюджеттік несие сомасы  630- айлық есептік көрсеткіштен 1500-ға өсті, сонымен қазіргі күні маман үй сатып алу үшін  0,01 % жылдық пайызбен несие ала алады. 2014 жылға берілетін несие көлемі  2 778 000 теңге.

Жұмысқа уақытша қабылданған, басқа елді мекенде тұратын, сонымен бірге оқуды сырттай бітірген мамандар көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын қолдана ала ма?

   Ала алмайды, өйткені әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы Келісімде маман жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шараларын алған кезде жұмысқа тұрған ұйымда кемінде 5 жыл қызмет атқару туралы міндеттеме алады және уақытша жұмыс орны қолдау шараларын алуда кепіл бола алмайды.

  Ережеге сәйкес, аталған әлеуметтік қолдау шаралары әлеуметтік сала мамандарына олардың жұмыс орны мен тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі, яғни маман ауылдық жерге келіп, сол жерге жұмысқа орналысып, содан кейін рәсімдеуді бастау қажет.

   Сырттай оқу орнын бітірген мамандар әлеуметтік қолдау шараларын ала алмайды, өйткені әлдеқашан ауылда тұрып жатқан мамандар үшін қолдау шаралары Ережеде қарастырылмаған.

Маманға берілген қаражаттардың қайтарымдылығы.

   Көтерме жәрдемақы- қайтарусыз ақы. Олар бюджетке ауылдық елді мекендегі әлеуметтік сала ұйымында маман 5 жылдан кем жұмыс жасаған кезде ғана қайтарылады.

  Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие 15 жылға беріледі, сыйақы мөлшері несиенін сомасынан жылына 0,01 % көлемінде.

Басқа жерге көшіп кеткенде көтерме жәрдемақы сомасын қайтармаудың мүмкіндігі бар ма?

  Бар, бес жыл мерзім өткенге дейін өндірістік жағдайларға немесе әкімшіліктің бастамасына байланысты басқа елді мекендерге жұмысқа ауысқан кезде қайтармайды.

  Айта кететін бір жайт, осындай дәлелі жоқ маман бюджетке көтерме жәрдемақы сомасын толық қайтаруға міндетті және ерікті түрде қайтармаған жағдайда әлеуметтік қолдау шараларын берген орган, қазіргі жағдайда аудандық экономика және қаржы бөлімі сот арқылы өндіріп алуға құқығы бар.

Тұрғын үйге берілген несиені мерзімінен бұрын өтеуге бола ма?

   Бес жыл жұмыс атқарғаннан кейін болады. Егер сол жерден кететін болса кеткенге дейін толық өтеуге міндетті.

Бюджеттік несиені отбасы ала алады ма?

  Егер маман некеде тұрса және отбасының екінші мүшесі де Маман болса, берілетін бюджеттік несиенің сомасы алынатын үйдің бағасымен шамалас болады. Екеуі де алынатын үйге тең үлесте  құқылы.

Маман туысқандарынан үй сатып ала алады ма?

   Сатушы мен сатып алушының арасында мүліктік қатынас жоқ болғанда ғана болады. Ескере кететіні үй сатушы мен сатып алушының арасындағы құқықтық қатынастар ҚР тұрғын үй қатынастары туралы заңнамамен реттеледі. Сонымен бірге, үйді сатып алуға берілген бюджеттік несие қаражатын мақсатты түрде пайдалану расталуы қажет, яғни маман сол алған үйде тұру керек.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маманның тапсыратын құжаттар тізімі.

Ауылға тұруға және жұмыс жасау үшін келген маманға аудандық әкімдікте экономика және қаржы бөліміне келіп, өтініш бланкісін алып, келесідей құжаттарды жалғау қажет:

1)   Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

2)   Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;

3)   Тиісті елді мекенде тұратынын растайтын мекенжай анықтамасы немесе  азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) көшірмесі;

4)   Білімі туралы дипломының көшірмесі;

5)   Алынатын үйдің бағалау акті (үйді бағалау Маманның өз қаражаты есебінен жүргізіледі).

6)   Тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт.

Соңғы көрсетілген, яғни  тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт құжаты бойынша үй салуға кредит беру механизмі осы күнге дейін дайындалмағандықтан, өтініш әзірге қабылданбайды.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.

Барлық қызықтырған сұрақтармен мамандар «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөліміне» келе алады, телефон нөмері 2-20-67.

Бейнеу аудандық экономика

  және қаржы бөлімі 


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/