Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

"Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ қызметі


«Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы мемлекеттік қызметтің 4 түрі (тегін және қағаз түрінде) көрсетіледі. Олар:

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру  жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметі құжаттар қабылданған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар:

- қызметті алушының өтініші;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат;

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

- жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі;

- жерге орналастыру жобасы;

- жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі;

- мұнай мен газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiнгi сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне тиеуге байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде жер учаскесiн таңдау aктici және жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органының  келiсiмi (қажет болғанда);

- жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, төменгі тұрған жергiлiктi атқарушы органның  сұралып отырған жер учаскесіне тиісті құқықты табыстау мүмкіндігі туралы шешімі (қажет болғанда).

Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының жер заңнамасынын нормалары мен талаптарына сәйкес болмаған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады:

- жер учаскесінің алдын-ала таңдау актісі жоқ болуы;

- жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылары туралы деректер мен олардың келісімінің жоқ болуы;

- берілетін жер учаскесінің басқа жер учаскесінің үстіне салынуы болғанда;

- берілетін жер учаскесінің сипаттамасы туралы қайшы мәліметтердің  бар болуы;

- ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсi шығының есептеу актісі және онымен жер учаскесiнiң берiлуiне мүдделi тұлғаның келiсiмі жоқ болуы;

- жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы болжанатын жағдайда, меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға (жалға алушыларға) келтiрiлген шығындардың есебінің жоқ болуы;

- жер заңнамасының нормаларына сәйкес келмейтін нормалардың бар болуы.

Ескертпе: Қазіргі таңда құжаттар «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалының Бейнеу аудандық бөлімшесі арқылы қабылдануда.

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту мемлекеттік қызметі құжаттар қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар:

- қызметті алушының өтініші;

- тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

- заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетілген  мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі;

-  мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынмен есептелген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі;

- жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі.

Ескертпе: Қазіргі таңда құжаттар «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалының Бейнеу аудандық бөлімшесі арқылы қабылдануда.

Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызмет құжаттар қабылданған күннен бастап 37 күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар:

- қызметті алушының өтініші;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат;

- жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;

- жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоқтығы туралы әділет органдарынан анықтама;

- жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісі;

- жобалауға, салуға, бар ғимаратты қайта жаңғырту үшін елді мекен аумағында нысаналы мақсатын өзгертуге сұраныс берген кезде, сәулет және құрылыс саласын жүзеге асыратын органның келісімінің көшірмесі (қажет болса);

- елді мекеннің бас жоспарына сәйкес құрылыс объектілерін салған жағдайда, жылжымайтын мүліктердің әр бұрынғы меншік иесімен жер учаскесін сатып алу бойынша жасалған келісім шарттың көшірмесі;

- жер учаскесінде жылжымайтын мүлік болған жағдайда,  жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты куәландыратын құжаттың көшірмесі (қажет болғанда);

- жер учаскесінде жылжымайтын мүлік болған жағдайда,  жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық төлқұжаты (қажет болғанда);

- жерге орналастыру жобасының көшірмесі (жер учаскесінің бөлігінің немесе үлесінің нысаналы мақсаты өзгертілген жағдайда);

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.

Көшірмелерді тексеру үшін құжат түпнұсқасы көрсетіледі, құжаттарды тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру мемлекеттік қызмет құжаттар қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

- қызметті алушының өтініші;

- заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі – заңды тұлға үшін;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;

- дара кәсіпкер ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі – дара кәсіпкер үшін;

- іздестіру жұмыстарын жүргізуге тапсырманың көшірмесі;

- іздестіру жұмыстарын жүргізу аймағының жоспары (сызбасы);

- мемлекеттік қызметті алушымен бекітілген іздестіру жұмыстарын жүргізу бойынша графигі;

- кепіл хат – топырақ қабатын бүлдірген кезде топырақ қабатын қалпына келтіруді, сондай-ақ келтірілген зиянды төлеу кезінде (қажет болған жағдайда) және жерді нысаналы мақсатында пайдалану үшін оларды пайдалануға жарамды қалпына келтіру жөніндегі іздестіру жұмыстарын орындаушылардың міндеттемесі.

Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.

Осы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қосымша ақпараттарды Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжиев көшесі, аудандық әкімдік ғимараты, 4 қабатта орналасқан «Бейнеу аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Байланыс телефондары: 2-12-35, 2-20-84.

Жұмыс кестесі: күн сайын, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 12-30-дан 14-00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және  еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері. 

  

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/