Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Бейнеу аудандық мәслихатының 2013жылғы 25 қарашадағы №18/120 «Бейнеу ауданында әлеуметтік  көмек көрсетудің, оның мөлшерін  белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы,  «Ұлы  Отан соғысының  қатысушылары  мен  мүгедектеріне  және  соларға  теңестірілген  адамдарға  берілетін  жеңілдіктер  мен  оларды  әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына,«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы21 мамырдағы №504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 «Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде№2318 болып тіркелген,2013 жылғы 20 желтоқсандағы №51 «Рауан» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

9 тармақта:

  2) тармақшамынадай редакцияда жазылсын:

«2) 26 сәуір – Чернобыльдағы АЭС апат күні:

Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушы мүгедектерге – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

1986-1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушыларға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

1988-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушыларға - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) 9 мамыр – Жеңіс күні:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне –100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (Чернобыльдағы АЭС апатын жоюға қатысушы мүгедектерден басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға (1986-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек майданындағы жан қиярлық еңбегі үшін Бұрынғы ҚСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған тұлғалар, 1941 жылы 22 маусымнан - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс жасаған (қызмет еткен) тұлғалар және Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек майданындағы жанқиярлық еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері және «Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабының3, 4 тармақтарында көрсетілген тұлғаларға –40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге;».

2. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (М.Тоқназаров) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,

аудандық мәслихат   хатшысы  А.Ұлұқбанов


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/