Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Президент Жолдауын іске асыру бойынша Бейнеу ауданында жасалған жұмыстар


-  Ұзындығы 988 км. болатын «Жезқазған-Бейнеу»  теміржолы  құрылысының  жобасы  бойынша  «Бейнеу-Шалқар» аралығындағы  теміржол мен  автожолдың, 110 кВт. жоғары  кернеулі  электр  желісінің  құрылысы  басталды.  Вахталық  қалашық  пен  өндірістік  база  салынды.

-  «Бейнеу-Ақтау» автожолының құрылысын қайта жаңғырту жұмыстары  жалғастырылды.

-  Бейнеу селосында  40 төсектік  перзентхана мен 35 төсектік туберкулез ауруханасы пайдалануға берілді. 

-  Бейнеу селосында 140 орындық «Бейнеу», 100 орындық «Балбұлақ» балабақшалары пайдалануға берілді.

-  Ақжігіт селосында дәрігерлік  амбулатория  ғимараты  мен  балабақшаның  40 орындық қосымша құрылысы пайдалануға берілді. 

-  Бейнеу  селосында  624 орындық орта мектеп пен Манашы орта мектебінің қосымша құрылыстары басталды.  

-  Бейнеу  селосында  900 орындық орта мектептің  жобалық  сметалық  құжаттары  әзірленді.

-  Бейнеу селосында  123,8 км., Боранқұл селосында  1,8 км. газ  құбыры  тартылды.

-   «Меербуш» жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі  мұнай  дайындау қондырғысының құрылысын  салып,  мұнай  өндіре  бастады.

-  «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  компрессор стансасы мен ұзындығы 12 км. болатын мұнай құбырының құрылысы  пайдалануға берілді.

-  Астрахань-Маңғышлақ  су  құбырының  сағатына  2000  текше  метр  су  айдайтын Бейнеу  су  айдау  стансасы  салынды.

-  24,9 км. «Ақжігіт-Тәжен»  су  құбыры  пайдалануға берілді. 

-  Тәжен  селосында сыйымдылығы  50  текше  метрлік  су резервуары  салынып,  ауыл  толықтай  суландырылды. 

-  Ақжігіт,  Сыңғырлау ауылдарында селоішілік су  құбырын  тарту  жұмыстары  басталды.

-  Құны 4,2 млрд. теңге  болатын  Бейнеу  селоішілік құбырын  тарту  жұмыстарының жобалық  сметалық  құжаттары  жасақталды.

-  Есет  селосының  су  мұнарасына күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді.

-  Бейнеу  мен  Боранқұл ауылдарындағы  ауызсу  айдау  стансасына  залалсыздандыру  қондырғысы  орнатылды.

-  Қарақұм,  Боранқұл  орта  мектептеріне  су  құбыры  тартылды. 

-  2012  жылдың  соңында  4  пәтерлі 14  коммуналдық  тұрғын  үй  пайдалануға  берілсе, алдыңғы  жылы  4  пәтерлі  11  коммуналдық  тұрғын  үй  пайдалануға  берілді. Жыл  ішінде  100  отбасы  қоныс  тойын  тойлады.  

-  Бейнеу  селосындағы  Майлин  көшесінің  автомобиль  жолының  1,6 км.  күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді.

-  Аудандық ішкі істер бөліміне 36 орындық уақытша қамау абақтысы салынды.

-  Бейнеу,  Тәжен  селоларында  кеден  қызметкерлеріне  арналған  жатақханалар  салынды.

-  «Тәжен» кеден постында «Янтарь» маркалы радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және инспекциялық тексеру кешені пайдалануға берілді.

-  Шекара әскерінің екі қабатты 2 тұрғын үйі, 200 орындық жатақханасы,   100 орындық асханасы және штабы  пайдалануға берілді.

-  Әуе шабуылынан  қорғаныс  әскері  қалашығының  құрылысы  басталды.

-  Бейнеу селосында Ветеринариялық лабораторияның құрылысы басталды. 

-  Бейнеу, Сам орман шаруашылығы мекемелерінің әкімшілік ғимараты пайдалануға  берілді.

-  Бейнеу селосындағы босаған жатақхана ғимараты қайта жарақтандырылып, «Бейнеу  балабақшасы» 25 орынға ұлғайтылды.   

-  Төлеп  селосында  45 орындық балабақша 17 орынға ұлғайтылды.

-  Аудандық  аурухана  ғимаратына  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

-  Бұрынғы туберкулез ауруханасынан босаған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 

-  Бейнеу лицейіне, Абай, Гагарин  орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

-  Аудандық емханаға тұрғындарды медициналық байқаудан өткізуге арналған жылжымалы  медициналық  кешен алынды. 

-  Есет  селосындағы  АТС  жаңа  ғимаратқа  көшірілді.

-  Аудандық  почта бөлімшесінің ғимаратына  күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді.

-  Көпқабатты  13 тұрғын үйдің шатыры ауыстырылды. 

-  Боранқұл  селосының бас жоспары жасақталды.

-  Бейнеу, Төлеп  селоларындағы газ тарату қондырғылар құрылысының  жобалық  сметалық құжаттары әзірленді. 

-  Ұзындығы 73 км. «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолы  құрылысының жобалық сметалық  құжаттары  әзірленді. 

-  Сыңғырлау  дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жобалық сметалық құжаттары  әзірленді.

-  Қуаты күніне 2,5 тонна тұрмыстық қалдықтарды пресстейтін «ПГП-7» маркалы қондырғы алынды.

-  Бюджет  қаржысына қуатты  «К-704-ТУ» тракторы  мен  демеушілік  қаржыға  қарда  жүретін  шаңғылы «Ямаха» маркалы  мотоциклі  алынды. «Бейнеусусервис» кәсіпорнына  шынжыр  табанды  трактор  мен  «Беларусь-82.1» тракторы  алынып  берілді.

-  Ақжігіт, Төлеп ауылдарында  «Теле-2»,  Сарғада «Kcell», Сыңғырлау,  Тұрыш, Сам ауылдарында «Билайн»  байланыс жүйелері,  Ақжігіт, Төлеп, Сыңғырлау  ауылдарында «Мегалайн» интернет желісі іске  қосылып, Ақжігіт, Ноғайты ауылдарында сымсыз телефон байланысын қондыру жұмыстары басталды. 

-  «Бейнеуветсервис» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны  құрылып, ауылдарда 4 ветеринариялық пункт ашылды.

-  Бейнеу кәсіптік лицейі «Бейнеу политехникалық колледжі» болып қайта құрылды.

-  Мектеп оқушыларына қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын  «Дарын орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жұмысын  бастады.

-  Тұрыш пен Сам  селоларында орта  мектеп  пен  балабақша  біріктіріліп  «Мектеп-балабақша кешені»  болып  қайта  құрылды.

-  10 мектепке бейнебақылау камерасы орнатылды.

-  Көне Бейнеудегі  Пір  Ата мешітінің  айналасына  абаттандыру жұмыстары  жүргізіліп, брусчаткалы жүргіншілер жолы  мрамормен ауыстырылды.

-   «Омар-Тұр» тарихи-мәдени ескерткішін қалпына келтіру жұмыстарының  бірінші кезеңі аяқталды.

-  «Ақпанның үйігі» мен  «Сам қаласына» жүргізілген археологиялық қазба  жұмыстарының  нәтижесінде табылған «Алтын  адамның»  тікпелі  алтын  әшекейлері, Жошы  ұлысы мәнеттеріне  ұқсас  мыс  теңгелер,  Сарай  Берке  қаласында  Жәнібек  пен  Қызыр  хандардың  тұсында  соғылған  күміс  теңгелер мен басқа  да  тарихи  жәдігерлер  аудандық  мұражайға  қойылды.

-  Елбасының  қатысуымен  өткен  республикалық  «ЖасОтан» Жастар  қанатының  ІІ съезіне ауданның  қоғамдық-мәдени  жұмыстарына  белсене  араласып  жүрген  бір  топ жас  делегат  болып қатысып  келді.

-  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 22 тұрғын 40,0 млн. теңге несие алып, 39 жұмыс орны ашылды.

-   «Маңғыстау  облысының  микрокредиттік орталығы»  арқылы   17  кәсіпкер  57,2 млн. теңге  несие  алып,  89  жұмыс орнын  ашты.

-  «Ауыл  шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры»  арқылы  3  тұрғын  3 млн. теңге несие  алды.

-   Жекеменшік  22  кәсіпкерлік  нысан  ашылды.


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын насихаттау бойынша 2013 жылдың қаңтар-қазан айларына арналған ақпараттандыру-түсіндіру жұмысын жүргізу барысы туралы ақпарат

2012 жылдың 14 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жыл сайынғы Жолдауын арнады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы біздің еліміздің стратегиялық бағытын біртіндеп жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру болып табылатын жүйелі құжатты ұсынды.

Ақпараттық-саяси жұмыстарды нысаналы жүргізу мақсатында жұртшылықты Жолдаумен және оның негізгі ережелерімен таныстыруға бағытталған жұмыс жүргізіледі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнап сөйлеген сөзі облыстық, қалалық, аудандық БАҚ-да жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылдың  14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мен насихаттау мақсатында  облыстық және республикалық ақпараттық-насихат топтарының мүшелері облыс тұрғындарының арасында насихат жұмыстарын жүргізді.

Ақпанның  6-8 аралығында бекітілген кестеге сәйкес құрамы 55 адамнан тұратын 7 облыстық АНТ мүшелері қалалар мен аудандардың әр поселкесінде, селосы мен селолық округінде кездесулер өткізіп, тұрғындардың арасында Жолдауды насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұған мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» ХДП МОФ өкілдері, оқу орындарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері кірді.

Республикалық АНТ мүшелері  Ақтау қаласында – 8, Жаңаөзен қаласында – 5, Бейнеу ауданында – 8, Маңғыстау ауданында – 11, Қарақия ауданында – 3, Түпқараған ауданында – 4, Мұнайлы ауданында - 7 кездесу өткізіп, кездесуге 3099 адам қатысты.

Кездесуге  қатысушылар тарапынан барлығы 29 сұрақ пен ұсыныс  түсті.

Сондай-ақ  20-22 ақпан күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед және 3-4 қазан күндері ҚР Көлік және коммуникация министрі А.Қ. Жұмағалиев бастаған  құрамы министрліктер өкілдерінен тұратын республикалық ақпараттық-насихат топтары (АНТ)  Маңғыстау облысында болып, кездесулер өткізді.

Сондай-ақ облыстық АНТ мүшелері аудандар мен қалалардың әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріне қатысты.

Республикалық АНТ мүшелері  Ақтау қаласында – 21, Жаңаөзен қаласында – 4, Маңғыстау ауданында – 7, Қарақия ауданында – 5, Түпқараған ауданында – 9, Мұнайлы ауданында - 5 кездесу өткізіп, кездесуге 6116 адам қатысты.

Кездесуге  қатысушылар тарапынан барлығы 80 сұрақ пен ұсыныс  түсті.

Ішкі саясат басқармасы облыстық және республикалық АНТ мүшелеріне көмекші құрал ретінде ақпараттық материалдар жинақтарын әзірледі. Жинаққа Жолдаудың мәтіні, облыс әкімінің облыс активіндегі Жолдауды жүзеге асыру бойынша сөйлеген сөзі, ақпараттық-насихат  топтарының мүшелеріне ұсынымдар, облыстағы аудандар мен қалалардың әлеуметтік - экономикалық  дамуы туралы мәліметтер кіргізілді.

«Маңғыстау» газетінде «Елбасының Жолдауына – жасампаз елдің қолдауы», «Огни Мангистау» газетінде «Казахстан-2050», «Ақтау ақпарат» газетінде «Елбасы Жолдауына қолдау», «Мұнайлы» газетінде «Елбасы Жолдауы – 2012»,  «Ақкетік арайы» газетінде «Елбасы Жолдауына бүкіл халықтық қолдау», «Рауан» газетінде «Жолдауға қолдау», «Жаңа өмір» газетінде «Елбасы Жолдауы – ел қамын ойлау», «Қарақия» газетінде «Жолдауға қолдау» айдарлары және Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында «Жаңалықтар», «Новости», «Мәселе», «Таңшолпан», «Көзбе-көз», «Резонанс», «Ашық әңгіме», «Менің құқығым», «60 минут» бағдарламалары, «Маңғыстау» радиосында «Менің құқығым», «Жолбаян» радиосында «Жаңалықтар», «Новости» бағдарламалары берілді.

Жолдаудың басты бағыттары бойынша «Қызу желі» жобасы аясында, мемлекеттік органдар басшыларының облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінде және «Қазақстан-Ақтау» телеарнасындағы «Ашық әңгіме» бағдарламасына  шығу кестесіне сәйкес   қаңтар-қазан айларында облыс әкімінің орынбасарларының, аудандар мен қалалардың әкімдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен БАҚ-да 28 материал жарық көрді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі С.Ахметовтің өкімімен бекітілген жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен «www.e-gov.kz» порталында  интернет-конференцияларды  өткізу кестесіне сәйкес  2013 жылғы 25-27 маусым аралығында Маңғыстау  облысының  әкімі А. Айдарбаевтың қатысуымен Елбасының 2012 жылғы  14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру туралы интернет-конференция өтті.

Интернет-конференцияның өткізілетіні туралы хабарландырулар облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінде, облыс әкімдігінің www.mangystau.gov.kz, ішкі саясат басқармасының www.uvp.mangystau.kz сайттарында жарияланып, облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында «Жаңалықтар», «Новости» бағдарламаларында және «жүгіртпе жол» арқылы хабарландырулар эфирге шықты.

Маңғыстау облысының тұрғындары интернет-конференцияға белсенді қатысты. Облыс әкімінің атына барлығы 32 сұрақ пен ұсыныс-тілек келіп түсіп, оның ішінде 1 сұрақ мазмұны жоқтығына байланысты, 1 сұрақ қайталануы себепті, 2 сұрақ мағынасыз және түсініксіз болғандықтан қабылданбады. Қалған 28 сұрақтың жауаптары берілді. 28 сұрақтың 17-сі мемлекеттік тілде, 11-і орыс тілінде қойылды. Облыс әкімі тарапынан барлық сұрақтарға толық жауаптар мен түсініктемелер берілді. Сұрақтарға берілген жауаптар «www.e-gov.kz» порталында орналастырылды.   

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/