Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты


Бейнеу ауданы 1973 жылы құрылды. Аудан орталығы – Бейнеу селосы. Аудан аумағының жалпы көлемі - 4051,9 мың га, облыс орталығынан қашықтығы - 503 км. Облыс орталығымен және облыстың басқа да аудандарымен темір жол және автомобиль қатынастары бар. Аудан халқы 54,4 мың адам, бұл 1991 жылғыдан 2,2 есе көп.

Бейнеу селосы үш жыл қатарынан «Облыстың үздік селосы» атағын жеңіп алды. Ескі Бейнеудегі Бекет-Ата жер асты мешіті Бейнеу селосының қамқорлығында. Аудан құрамында 2 село, 9 селолық округ бар.

Өндіріс. Өндіріс саласында «Қазақтүркмұнай», «КАСКо», «Мейрбуш», «Би Эн Джи», «Люсент Петролеум», «Табынай», «Равнинное Ойл» компаниялары жұмыс жасаса, «Толқыннефтегаз»  және  «Казполмунай»  серіктестіктерінің  активтері  «КазМұнайГаз» Ұлттық  компаниясының»  «КазМұнайТеңіз» АҚ-ына сенімділікпен басқаруға беріліп, «БейнеуМұнайГаз»  кәсіпорны құрылды. Аудан бойынша Өткен жылы аудан бойынша 307,1 мың тонна мұнай мен 1,2  млрд.  текше  метр  газ  өндірілді, бұл облыстағы мұнайдың  2,1%,  газдың  62%  құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда  мұнай 45,1  мың  тоннаға немесе  17,2%-ке көп өндірілсе,  газ 18,4 млн. текше метрге немесе 1,5%-ке көп өндірілді. Негізгі капиталға салынған  инвестиция көлемі  15,1  млрд. теңгеге, өнеркәсіп өнімінің көлемі 63,7 млрд. теңгеге жетті.

Аудан өндірісінде басым сипат алатын 29 ұлу тас  өндіру карьерлерінде, 600-ге жуық адам жұмыс жасайды. Карьерлер 2011 жылы 597,5 мың текше метр ұлу тас өндірді.

Кәсіпкерліктің дамуы. Жыл сайын аудандағы кәсіпкерлік нысандарының дамып, олардың саны 1923-ке жетті, мың тұрғынға шаққанда 36 кәсіпкерлік нысаннан келеді. Оның ішінде 1 ірі, 4 орта, 98 шағын кәсіпорын бар, 258 шаруа қожалығы, 1562 дара кәсіпкер жұмыс істейді, оларда 6 мыңнан аса адам еңбек етеді. Бұл аудандағы еңбекке жарамды халықтың бестен бірі. Кәсіпкерлік нысандарының 20,3 проценті өндіріспен, 1,7 проценті ауыл шаруашылығымен, 22 проценті көлік және байланыс қызметімен, 18,6 проценті саудамен, 20,3 проценті әртүрлі кәсіпкерлікпен айналысады.

Кәсіпкерлік  нысандары  өндірген  өнімі 3,0 млрд. теңгеге  жетіп,  барлық  өндірілген өнім  мен  қызметтің  61%-ін,  төленген  салық  көлемі  982 млн. теңгеге жетіп,  аудан  бюджетінің  54,4%-ін  құрады. 

Бейнеу селосындағы орталық базар үш жыл қатарынан Республикалық «Қазақстанның ең үздік сауда рыногы» конкурсының жеңімпазы атанды.

Сыйымдылығы  100  мың  тонна  бидай  сақтайтын  элеваторы  және  қуаттылығы  90  мың  тонна  ұн  мен  30  мың  тонна  жем  шығаратын  цехы  бар  «Бейнеу  астық  терминалы»  салынып,  нәтижесінде  141  тұрғын  жұмыспен  қамтылды,  аудан  аймағында  ұнның  бағасы  тұрақтандыруға  мүмкіндік  туды. 2011 жылы терминалдың спорт  залы мен жұмысшылар демалыс орны,  өнім қаптау (фасовочный) цехының  құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, терминал арқылы Ауғанстанға 2,4 мың тонна бидай, Өзбекстанға 564 тонна астық экспортқа шығарылды. Қазіргі таңда терминалда 141 аудан тұрғыны жұмыспен қамтылған. 

«Бейнеу  сервистік  дайындау  орталығының»  тәуліктік  қуаттылығы 2  тонна  ет  дайындайтын  мал  сою  пункті,  «Бейнеубизнессервис»  кәсіпорны жылына  85  тонна  өнім  беретін  5  жылыжайды  лизингке алып, іске  қосылды. 

  Маңғыстау облысының микрокредиттік орталығы арқылы 6 кәсіпкеркер 15,0 млн. теңге, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау орталығы арқылы 4 кәсіпкер 3,5 млн. теңге, «Маңғыстауагросервис» кәсіпорны арқылы 3 кәсіпкер 1,1 мың теңгенің  несиесін алса, «Арай» бағдарламасы бойынша 18 отбасы Ресейлік  «ЛукОйл»  компаниясының  7,4 млн. теңге көлеміндегі  қайтарымсыз  грантына  ие болды.  Ауданның 74 тұрғынына «Даму» қоры арқылы арнайы сертификаттар  берілсе, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 114 тұрғын кәсіпкерлік негізіне оқып, сертификаттар алды.

Ауыл шаруашылығы. 2011 жылы  сиыр 1,2 %-ке, қой мен ешкі 3,6%-ке, жылқы 6,3%-ке, түйе 2,4 %-ке өсті. Қазіргі таңда қолда 4210 бас сиыр, 162112 бас кой мен ешкі, 8840 бас  жылқы,  15222 бас түйе бар. Жыл басынан бері 3 фермер қожалығы  құрылып, олардың  саны  258-ге  жетті, бюджетке 4,3  млн.  теңге  салық  төленді.

Аудандағы эпизоотиялық шараларға Республикалық  бюджеттен 26,7 млн. теңге  бөлінді, малдарды бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2450 бас ірі қара малы сырғаланып, оларға ветеринариялық паспорт жасақталып, селолық округтер бойынша электрондық базаға енгізілді.  Бейнеу  селосында  «мал  қорымының»  құрылысы аяқталып,  Бейнеу,  Сам  орман  шаруашылығы  мекемелерінің  әкімшілік  ғимараттарының  құрылысы  жүргізілді.

Көлік пен байланыс. Мұнай-газ өндірумен қоса мұнай мен газды тасымалдау саласында  «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз» ұлттық компанияларының  құрылымдық басқармалары,  оларда мыңға тарта адам жұмыс жасайды. Алдағы  жылдары Қазақстанды  индустрияландыру  картасына  енгізілген,  жылына  5  млрд.  текше  метр  газ  тасымалданатын  ұзындығы 1475  шақырымдық,  жалпы  құны  500  млрд.  теңге  болатын  «Бейнеу-Бозой-Шымкент»  магистралды  газ  құбырын  салу  үшін  1  млрд.  доллар  көлемінде  жарғылық  қор құрылды. Жобаны  жүзеге  асыруға  Қазақстан  жағынан  «Қазтрансгаз»  акционерлік  қоғамы,  ал  Қытай жағынан  «Транс  Эйжа  Гэз  Пайплайн»  компаниясы  қатысады.  Жарғылық  қордың  қазақстандық  бөлігі  республикалық  бюджеттен  қаржыландырылады,  оған  қосымша  3  млрд.  доллар  көлемінде  қарыз  тартылады. 

2012 жылы  аяқталатын  бірінші  кезеңде  1164  шақырымдық  «Бозой-Шымкент»  учаскесі  мен «Бозой  компрессорлық  стансасы» салынады.  Бұдан  соң  «Бейнеу-Бозой»  учаскесі  мен  «Қараөзек  компрессорлық  стансасы»  іске  қосылып,  газ  құбыры  2015 жылы  толықтай  пайдалануға  беріледі.  Құрылыс  жұмыстарына  3,5  мыңға  жуық  маман  тартылып,  құбыр  пайдалануға  берілген  соң 500  тұрақты  жұмыс  орны  пайда  болады.

Ауданда «ҚазақстанТемірЖолы» ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері жұмыс жасайды. Еліміздегі  ірі,  әрі  перспективалы  жобалардың  бірі  саналатын  құны  2,3  млрд.  доллар  болатын  ұзындығы  988  шақырым  «Бейнеу-Жезқазған»  темір  жол  желісінің техникалық  экономикалық  негіздемесі  дайын.  «Бейнеу-Шалқар»  аралығында  ұзындығы  471  км.,  құны  153,5  млрд.  теңгені  құрайтын  теміржол  желісі  мен  ұзындығы  501  км.,  құны  93,7  млрд.  теңгені  құрайтын  автомобиль  жолын  салу  жуық  арада  басталады  деп  күтілуде.

2007 жылы құны 7,6 млрд.теңге болатын 122,6 шақырымдық Бейнеу-Атырау тас жол бағытындағы Боранқұл-Бейнеу тас жолы пайдалануға берілді. 2010 жылы Бейнеу-Ақтау тас жолының құрылысы басталып, оған Премьер-Министр К. Масимов қатысты.

Ауданның барлық елді мекендері байланыс, ұялы байланыс жүйесіне толықтай қосылған. Жыл сайын жаңа цифрлық АТС-тер орнатылып, абонент саны көбейіп келеді.

Тұрғын үй. Ауданның тұрғын үй қоры 715,9 мың шаршы метрді құрайды. Соңғы екі жылда 102,9 мың шаршы метр тұрғын үй, 10 коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан орталығындағы Әскери қалашықтың құрылысы жалғасуда. Аудандағы барлық тұрғын үйлер газбен, электр энергиясымен, сумен және канализациямен қамтылған.

  Сумен қамту. Елді мекендерді ауыз сумен қамту жерасты және тұщы су көздерімен, Астрахань-Маңғыстау су құбырынан Еділ суымен жүзеге асырылады.

Елді мекендердің ауыз су сапасын жақсарту мақсатында аудандық бюджеттен жыл сайын қаржы бөлініп, су құбырлары тартылды. Көп қабатты үйлерге су үздіксіз берілетін болды. Су бағасы арзансып, облыстың басқа аймақтарына қарағанда төмендеді.

  Газ және электр энергиясымен қамту. Ауданның барлық елді мекендері табиғи газбен, электр энергиясын толық қамтамасыз етілген және де облыс бойынша толықтай табиғи газбен қамтылған алғашқы аудан болды және бағалары да басқа аймақтарға қарағанда арзан.. Ауданда Маңғыстау электр энергиясын тарату,  «kegoc» компанияларының құрылымдық бөлімшелері, газ тарататын «КазТрансГаз Аймақ» компаниясының бөлімі жұмыс жасайды.  Жыл сайын оралмандар қоныстанған жаңадан салынған ауылдарға газ құбырлары, электр желілері тартылып отырады.

Денсаулық сақтау. Ауданда 2 аудандық орталық аурухана, 4 дәрігерлік амбулатория, аудандық емхана, туберкулез ауруханасы, 5 медициналық пункт және Диагностикалық орталық жұмыс жасап, онда 83  дәрігер  мен  318  арнаулы  орта  білімді  маман  32  мамандық  бойынша  қызмет  көрсетеді. Сонымен қатар жекеменшік  4  дәріхана  мен  11  дәріханалық  пункт,  10  тіс  емдейтін  кабинет,  үш  дезинфекциялық  мекеме,  10  төсектік  емдеу  орны  бар  неврологиялық  кабинет  жұмыс  істейді.

Жыл сайын ауданда дүниеге мыңнан аса сәби келеді. Балалар өлімі жыл сайын азайып, табиғи өсім көбейіп отыр, аналар өлімі болған жоқ. 2011 жылы 1687 дүниеге сәби келіп, сәбилер шетінеуі 20,3‰-ден 15,4‰-ге дейін төмендеді (облыс-15,9‰) .

Білім беру.  Ауданның 26 жалпы білім беретін орта мектебінде 11988 бала оқиды, 1538 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, 20 балабақшада 2043 бүлдіршін тәрбиеленеді. 2011 жылы дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын аудандық білім бөлімінің жанынан «Дарын орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ашылды.

Бейнеу селосында 140 орындық балабақша пайдалануға берілсе, қазіргі таңда 140 орындық балабақшаның құрылысы, Ақжігітте 100 орындық балабақшаның, Төлепте 17 орындық балабақшаның құрылыстары жүргізілуде. Мектептер спорт залдарымен толықтай қамтылған. Аудан  мектептерінде  41 компьютер класы,  372  орындық  лингафон,  384 орындық  жаңа  үлгідегі  лингафондық-мультимедия  кабинеті, 18 қашықтықтан оқытудың спутниктік  қондырғысы,  23 мектепте  интернет  желісі  мен  24  интерактивті  тақта,  1085  электрондық  оқулық  және соңғы үлгідегі 10 химия, 21 биология, 11 физика кабинеттері бар. 

Ұлттық бірыңғай  тест  қорытындысы бойынша аудан  үш  жыл  қатарынан  облыста  бірінші,  республикада  алдыңғылардың  бірі  болды. 

Соңғы  үш  жыл  қатарынан  білім  сапасының  жоғарылауының  арқасында  бүгінгі  күні  ауданнан  2  бала  КИМЭП-те,  7  бала Қазақ-Баритан  техникалық  университетінде,  38  бала  Әл-Фараби  атындағы  қазақ  ұлттық  университетінде,  49  бала  Қ.Сәтбаев  атындағы  қазақ  ұлттық  техникалық  университетінде,  71  бала  Л.Гумилев  атындағы  Евразия  ұлттық  университетінде,  105  бала  медициналық  академияларда  оқиды. 

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде 7 мамандық  бойынша күндізгі бөлімде 504, сырттай бөлімде 363 студент оқиды. Өнер  мектебінің  жанынан  құрылған  аула  клубының  5  тобында 300  бала  тәрбиеленуде.

Әлеуметтік қорғау және көші-қон. Соңғы 9 жылда жақын шет елдерден құрамында 13692 адамы бар 2719 отбасы көшіп келді. Тұрғын үй  салуға тілек білдірген адамдарға жер бөлінді, ата қонысқа оралған қандастарымыз қоныстанып жатқан Тәженге елді мекен мәртебесі берілді. Онда почта, медпункт, кітапхана, клуб жасақталып, байланыс жүйесімен, инфрақұрылымдар тартылды.

Ресми тіркелген жұмыссыздық 0,4 процент деңгейіне азайды.

Мәдениет және спорт. 3  мәдениет  үйі,  8  селолық  клуб,  13  кітапхана,  5  мұражай,  2  стадион,  22  спортзалы,  21  спорт  алаңы мен теннис корты, сырғанақ алаңы  жұмыс  істейді.  «Алтыбақан» этнографиялық  ән-би ансамблі, «Арай»  вокалды-аспапты ансамблі мен  «Жауқазын»  би  ансамблі, Ақжігіт  драма  ұжымы  тұрғындарға мәдени  қызмет  көрсетеді. 19  шығармашылық  ұжым  мен  27 үйірмеге  651  өнерпаз қатысса,  84  спорттық  үйірме  мен  секцияларда  3665  бала  жаттығады,  7  спорт  шебері  мен  30  спорт шеберілігіне  үміткер  бар.

Бейнеу селосында тұрғындарға «бір терезе» принципімен қызмет көрсететін орталық жұмыс жасап, оның Боранқұ селосында бөлімшесі бар. Елді мекендердегі имандылық үйлері жөндеуден өтсе, Есет пен Төлеп селосында мешіттер салынды. 

Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/