Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Ереже


Бейнеу  аудандық  әкімдігінің  2012 жылғы  21  қарашадағы  №146  қаулысымен  бекітілген

«Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты» 

мемлекеттік  мекемесінің 

ережесі

Ұйымдастыру-құқықтық  нысаны:  Мемлекеттік  мекеме

Меншік  түрі:    Мемлекеттік

Орналасқан  орны:    Индекс: 130100

    Қазақстан  Республикасы Маңғыстау  облысы,

    Бейнеу  ауданы, Бейнеу  селосы,

аудандық  әкімдік  ғимараты 3-қабат

Бейнеу  селосы,  2012 жыл

1.  Жалпы  ережелер

1. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  жергілікті  мемлекеттік  басқару  саласында  басшылықты  жүзеге  асыратын  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  органы  болып  табылады.

2. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  және  заңдарына,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен  Үкіметінің  актілеріне,  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерге,  сондай-ақ  осы  Ережеге  сәйкес  жүзеге  асырады.

3.  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  мемлекеттік  мекеме  ұйымдық-құқықтық  нысанындағы  заңды  тұлға  болып  табылады,  мемлекеттік  тілде  өз  атауы  бар  мөрі  мен  мөртаңбалары,  белгіленген  үлгідегі  бланкілері,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  қазынашылық  органдарында  шоттары  болады.

4.  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  азаматтық-құқықтық  қатынастарға  өз   атынан  түседі.

5. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  егер  заңнамаға  сәйкес  осыған  уәкілеттік  берілген  болса,  мемлекеттің  атынан  азаматтық-құқықтық  қатынастардың  тарапы  болуға  құқығы  бар.

6. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  өз  құзыретінің  мәселелері  бойынша  заңнамада  белгіленген  тәртіппен  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  басшысының  бұйрықтарымен  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  басқа  да  актілермен  ресімделетін  шешімдер  қабылдайды.

7. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  құрылымы мен штат санының  лимиті  қолданыстағы заңнамаға  сәйкес  бекітіледі.

8. Заңды  тұлғаның  орналасқан  жері:  130100,   Қазақстан  Республикасы,  Маңғыстау  облысы,  Бейнеу  ауданы,  Бейнеу  селосы,  Аудандық  әкімдік  ғимараты. 

9.  Мемлекеттік  органның  толық  атауы - «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі.

  10. Осы  Ереже  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  құрылтай  құжаты  болып   табылады.

11. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  қызметін  қаржыландыру  жергілікті  бюджеттен  жүзеге  асырылады.

12. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесіне  заңнамалық  актілермен  кірістер  әкелетін  қызметті  жүзеге  асыру  құқығы  берілсе,  онда  осындай  қызметтен  алынған  кірістер  мемлекеттік  бюджеттің  кірісіне  жіберіледі.

2. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  

миссиясы,  негізгі  міндеттері,  функциялары,

құқықтары  мен  міндеттері

13. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  миссиясы:

Аудан  аумағында  мемлекеттік  саясатты  жүргізуді  қамтамасыз  ету.

14. Міндеттері:

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы» заңының  38-бабы  1-тармағына  сай  аудан  әкімінің  қызметін  ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық  және материалдық-техникалық  жағынан  қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

1)  Қазақстан  Республикасының  2000  жылғы  27  қарашадағы  «Әкімшілік  рәсімдер  туралы»  заңының  талаптарына  сай:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы  Президентінің, Үкімет актілерінің, облыстық, аудандық  әкімдіктерінің  қаулыларын, облыс, аудан  әкімдерінің  актілерінің  орындалуын  қамтамасыз  ету  және  ұйымдастыру;

  аудандық әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің актілерінің жобаларын  дайындауға  қатысу;

аудан  әкіміне,  оның  орынбасарларына,  аппарат  басшысына  аудандағы  қоғамдық-саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  жағдайды  жүйелік  талдау  негізінде,  ақпараттық-анықтамалық  материалдар  дайындау;

аудандық  әкімдіктің  жоспарларын,  іс-шараларды,  кешенді  бағдарламаларды  әзірлеу,  әлеуметтік-экономикалық  саясаттың  негізгі  бағыттарын  айқындау,  жергілікті  мемлекеттік  басқару  жүйесін  жетілдіру  жөніндегі  қызметіне  жәрдемдесу;

  барлық мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ меншiк нысанына  қарамастан  барлық ұйымдармен  iс-әрекет  жасасу;

  аудан  әкімінің  қызметін  құжаттамалық  қамтамасыз  ету,  аппаратта  іс  жүргізуді  ұйымдастыру,  қызметтік  құжаттары  мен  азаматтар  өтініштерін  қарау,  құжаттардың  айналымын талдау,  ресми  бланктер  мен  елтаңба  мөрін  сақталуын  және  пайдалануын  қамтамасыз  ету;

  Қазақстан  Республикасының  Заңдарын,  Президент  және  Үкімет,  облыс  және  аудан  әкімдерінің  актілерін  орындауда  анықталған  кемшіліктерді  жою  жөнінде  шаралар  алу;

тиісті орган және ұйымдар, лауазым иелері дайындаған, бірақ белгіленген талаптарға сай келмеген аудандық  әкімдік  пен  аудан  әкімі актілері жобаларын өндеуге қайтару  және де басқа лауазым иелері және мекемелердің қарауына жататын құжаттар мен материалдарды кері қайтару;

аудан  әкімінің  қарауына  жататын  мәселелер  бойынша  мемлекеттік  органдар,  басқа  да  мекемелер  және  лауазым  иелерімен  қызметтік хаттар  алысуды  жүргізу;

аудандық  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдардың  жұмысын  үйлестіру,  аудан  әкіміне  олардың  қызметтерін  жақсарту  жөнінде  ұсыныстар  енгізу;

аудан  әкімінің  аудандық  мәслихатпен  өзара  іс-әрекетін  қамтамасыз  ету;

аудандық  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдарының  мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасының  мониторингін  жүргізу;

электрондық  қызметтер  көрсету  сапасын  жақсарту. 

2) аудандық  әкімдіктің  және  аудан  әкiмінің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерiн (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа)  Қазақстан Республикасының  1998  жылғы  24  наурыздағы  «Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  заңының  30 және  34  баптарына  сай  мiндеттi ресми жариялауды ұйымдастыру;

3)  аудандық  әкімдіктің  және  аудан  әкiмінің  жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерiн Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2006  жылғы  17  тамыздағы  №778  «Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  ережесін  бекіту  туралы»  қаулысымен белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң  аумақтық  органдарының  мемлекеттiк  тiркеуiне  ұсыну.

«Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  көзделген  өзге  де  функцияларды  жүзеге  асырады.

16.  Құқықтары  мен  міндеттері:

«Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің:

1)  мүліктік  және  жеке  мүліктік  емес  құқықтарды  иемденіп  алуға  және  жүзеге  асыруға;

2)  ережеде  көзделген  мақсаттарды  жүзеге  асыруға  қаражаттарды  пайдалануға;

3)  сотта  талап  қоюшы  және  жауапкер  болуға;

4)  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  қайшы  келмейтін  өзге  де  құқықтарды  жүзеге  асыруға  құқығы  бар.

«Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі:

1)  Қазақстан  Республикасының  заңдарын  сақтауға;

2)  белгіленген  тәртіппен  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  төлеуге;

3)  Қазақстан  Республикасының  заң  актілеріне  сәйкес  жауапкершілікте  болуға  міндетті.

3. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің

қызметін  ұйымдастыру

17.  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесіндегі  басшылықты  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесіне  жүктелген  мiндеттердiң  орындалуына  және  оның  функцияларын  жүзеге  асыруға  дербес  жауапты  болатын  бірінші  басшы  жүзеге  асырады.

18. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  бірінші  басшысын  Бейнеу  ауданының  әкімі  қызметке тағайындайды  және  қызметтен  босатады.

19.  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  бірінші  басшысының  өкілеттігі:

  1)  аудан  әкімімен  келісе  отырып  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  құрылымын  жасақтап  аудандық  әкімдікке  бекітуге  ұсынады;

2) «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату жөнінде  аудан  әкіміне  ұсыныс енгізеді;

3) мемлекеттік қызметшілердің жалпы еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияға басшылық жасауды, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды, құжат айналымын  ұйымдастыру  бойынша  жұмыстарды  жүзеге асырады;

4) «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмектер көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін көтеру және сыйлық беру мәселелері жөнінде аудан  әкімімен  келіседі және ұсыныстар жасайды;

5) аудандық  әкімдіктің  қаулыларының,  аудан  әкімінің  шешімдерінің және   өкімдерінің жобаларын, сондай-ақ аудан  әкімінің  атына түскен құжаттар  мен  материалдарды  аудан  әкіміне   қол  қоюға  және  қарауға  ұсынады;

6) «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  ішкі  еңбек  тәртібін  белгілейді;

7) қызметтік  құжаттарға,  аппарат  қызметкерлерінің  еңбек  кітапшаларына  қол  қояды;

8)  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  әкімшілік-шаруашылық  қызметіне  бақылауды  жүзеге  асырады;

  9)  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге  асырады.

«Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  бірінші басшысына өзі  басқаратын «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  үшін  дербес  жауаптылық  белгіленеді  және  осы  жөнінде  тікелей  міндет жүктеледі.

«Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің бірінші  басшысының  құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге  де  мәселелердi  шешу  жатқызылуы  мүмкiн.

«Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  бірінші  басшысы  болмаған  кезеңде  оның  өкілеттіктерін  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  оны  алмастыратын  тұлға  орындайды.

4. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты» 

мемлекеттік  мекемесінің  мүлкi

20. «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  заңнамада  көзделген  жағдайларда  жедел  басқару  құқығында  оқшауланған  мүлкi  болуы  мүмкін.

    «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесінің  мүлкi  оған  меншік  иесі  берген  мүлiк,  сондай-ақ  өз  қызметі  нәтижесінде  сатып  алынған  мүлік  (ақшалай  кірістерді  қоса  алғанда)  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  тыйым  салынбаған  өзге  де  көздер  есебінен  қалыптастырылады.

21.  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесіне  бекiтiлген  мүлiк  коммуналдық   меншiкке  жатады.

  22.  Егер  заңнамада  өзгеше  көзделмесе,  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  өзiне  бекiтiлген  мүлiктi  және  қаржыландыру  жоспары  бойынша  өзіне  бөлiнген  қаражат  есебiнен  сатып  алынған  мүлiктi  өз  бетiмен  иелiктен  шығаруға  немесе  оған  өзгедей  тәсiлмен  билiк  етуге  құқығы  жоқ.

5.  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесін  

қайта  ұйымдастыру  және  тарату

23.  «Бейнеу  ауданы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесін  қайта  ұйымдастыру  және  тарату  Қазақстан   Республикасының  заңнамасына  сәйкес  жүзеге  асырылады.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/