Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Әкім орынбасарлары


Аудан  әкімінің  орынбасары - бюджет,  қаржы,  экономика,  салық,  статистика, жеке кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, азаматтық хал актілерін тіркеу. 



Әбілшеев Қойшығұл Бекқалиұлы

Бейнеу  ауданы әкімінің орынбасары


1956 жылы 15 сәуірде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шебір селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірген. «Сам» совхозында жылқышы, №3 ферманың мал дәрігері,  совхозда бас мал дәрігер,  «Сыңғырлау» совхозында партия комитетінің хатшысы, совхоз директоры, Сыңғырлау селосының әкімі, Бейнеу аудандық мал дәрігерлік стансасы бастығының бірінші орынбасары, 1998 жылдан бері Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары қызметінде. Отбасылы, 4 баласы бар. 

Азаматтарды қабылдау әр аптаның сәрсенбі күні жүргізіледі.

Байланыс мәліметтері: 872932(2-13-53)




Аудан  әкімінің  орынбасары - тұрғындарды  су,  газ,  электр  энергиясымен  қамту,  коммуналдық  қызмет,  тұрғын  үй,  сәулет,  қала  құрылысы,  ауылішілік жолдар,  көлік,  байланыс,  мұнай – газ  саласы,   экология,  жер  қатынастары,  қорғаныс,  шекара  мәселелері,  төтенше  жағдайлар  және  жұмылдыру  дайындығы,  азаматтық  қорғау,  мәдениет,  спорт,  қоғамдық – саяси,  мәдени – көпшілік  жұмыстар,  жастар  саясаты, құқық қорғау органдарымен,  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен,  саяси  партиялармен,  қоғамдық  ұйымдармен,  діни  бірлестіктермен  жұмыс.



Машырықов Кенжеғали Сағидоллаұлы

Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары


1971 жылы 30 қаңтарда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Қазақтың ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетіне түсіп агроном мамандығы бойынша  бітіріп, Қостанай заң институтын заңгер мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын жеке кәсіпкерлік саласында әр түрлі қызметтер атқарды. Ішкі істер бөлімінде қызметте, «Бейнеусусервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  директоры, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Бейнеу селосының әкімі қызметтерін атқарды. 2012  жылдан бастап  Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары қызметінде.  Отбасылы, 4 баласы бар.


Азаматтарды қабылдау әр аптаның сейсенбі күні жүргізіледі.

                                                        Байланыс мәліметтері: 872932(2-13-43)




  Аудан  әкімінің  орынбасары -  Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ауылшаруашылығы, ветеринария салаларындағы

 қызмет, тұтынушылар құқығын қорғау, ауылдық аймақтарды дамыту және ауыларалық автожолдар мәселелерімен айналысады.


Әмірханова Үміт Әділқызы

Аудан әкімінің орынбасары



1971 жылы туған. Қазақ. Білімі – жоғары, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын инженер-зоотехник, Орталық Азия университетін заңгер, Алматы Менеджмент университетін іскерлік әкімшілік магистрі мамандығы бойынша бітірген. Ұлыбританияда  (Эдинбург қаласы) мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын енгізу бойынша біліктілік арттырған.

Еңбек жолын 1993 жылы Бейнеу ауданы  әкімінің аппаратында жастар ісі жөніндегі маман қызметінен бастаған. 1994-1996 жылдар аралығында Бейнеу аудандық архив және құжаттар бөлімінің меңгерушісі, 1996-1998 жылдары Бейнеу ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, 1998-2017 жылдары Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

Қазір Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары.

Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын орындаушы тұлға.



Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/