Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Жаңа бастамаларға жолы ашары анық


Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жаңа мақала жариялады. Бұл мақала халықты ынталандырып, жігерлендіріп, жаңа бастамаларға жол ашары анық.

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңғыру арқылы болашаққа ұмтылу, елдің дамуына серпін береді. Негізінен ХХІ ғасырдағы ұлттық санаға тоқталып өткен елбасы, қазіргі Әлемде болып жатқан өзгерістер және күннен-күнге дамуы төмендеп бара жатқан елдерді атап өту арқылы еліміздің даму үдерісіне бағыт-бағдар беріп өтті.

Қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту жөнінде бірнеше бағытты атап өтті.

1)  Бәскелестік қабілет

2)  Прагматизм

3)  Ұлттық бірегейлікті сақтау

4)  Білімнің салтанат құруы

5)  Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

6)  Сананың ашықтығы

Алты жаңғыру бағыты негізінде жаңа міндеттер жүктелді. Осы міндетті әрбір қазақстандық сезіне білу қажет және оны әрі қарай еліміздің даму жолында жұмсауымыз керек.

Бұл бағыттардың бәрі еліміздің даму жолында аса маңызды қадам. Әр бағыттың жүктеген міндеттері орасан зор. Төртінші бағытты алатын болсақ,

Білімнің салтанат құруы – бұл бағыт еліміздегі жастардың білім саласындағы жетістіктерін одан әрі жетілдіруге ықпал етері анық. Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауында да білім саласы айтылып өтілді. Оның дәлелі биыл қыркүйек айынан бастап кәсіптік бағыт бағдар беру мақсатында арнаулы оқу орындарында тегін оқу жүйесі енгізіледі. Яғни жастарымыз алғашқы мамандықты тегін алып, өз еліне қызмет етеді. 1993 жылы еліміздің жастары Әлемнің мықты университеттерінде білім алу үшін, Елбасы «Болашақ» бағдарламасын енгізіп, еліміздің жастары тіпті түстерінде көрмеген оқу орындарында білім алып, қызмет етуге кірісті.

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.Осы қасиетіміздің арқасында талай білімнің көзін ашып, халыққа еңбек етіріміз сөзсіз.

Қорытындылай келе Елбасы

«Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді»  - бұл дегеніміз әрбір жас ұрпақ жұмысын жаңа бағытқа, жаңашылдыққа ұмтылуы керек. Сонда ғана еліміз Әлемнің дамыған елдерімін иық тіресіп, дамыған 30 елдің қатарына кіреді.

 

Аудандық жастар ресурстық ортылығының бөлім басшысы Джолышов Тұралы


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/