Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін кезең-кезеңіменен енгізу

Өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін

кезең-кезеңіменен енгізу

Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы төмендегі ақпаратты хабарлайды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру аясында, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуді көздейтін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Заң қабылданды.

Заңмен жергілікті бюджеттен түсімдерді беру есебінен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттерін кезең-кезеңімен енгізу көзделген.

Бірінші кезеңде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті 2018 жылғы  1 қаңтардан бастап халық саны 2 мың адамнан асатын ауылдық округтерде енгізілді, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халық саны 2 мың адам және одан да аз аудандық маңызы бар қаладар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтерде енгізілетін болады.

Дербес бюджетті енгізу ауылдық округтердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге және салықтарды тікелей өз бюджетіне алуы арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

Ауылдық округ бюджетіне салықтық түсімдердің 6 түрі және басқа да салықтық емес түсімдер берілді. Атап айтқанда,

Салық түрі бойынша:

-  төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы (БСК 101202);

-  жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (БСК 104102);

-  елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы (БСК 104302);

-  заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық (БСК 104401);

-  жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық (БСК 104402);

-  сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем  (БСК 105430),

және салықтық емес түсімдер:

-  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдар;

-  жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

-  аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;

-  мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түскен кірістер;

-  аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтердің бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

Дербес бюджеттерге түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында, салықтық есептілік нысандарына аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдіктері аппаратының БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) жаңа алаңы қосылды, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті деңгейінде дербес шоттарды ашу модификацияланды және іске қосылды, салықтық есептілік нысандарынан есептеулерді қабылдау және өңдеу, жеке тұлғалардың салықтары бойынша есептеулер тізілімі, екінші деңгейлі банктерлдің ақпараттық жүйелерінен төлемдерді қабылдау (жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетінің кодтарын ескере отырып) енгізілді.

Кgd.gov.kz сайтының Ақпараттық ресурстар – Анықтамалар бөлімінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік кірістер органдары атауларының тізбесі және жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетінің 6 таңбалы коды орналастырылған.

Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы




  • 13.12.2019
    12:12
    9
    Аудан әкімінің орынбасары лауазымына Әзірханов Бекзат Басшыұлы тағайындалды. Б.Әзірханов 1981 жылы 12 тамызда Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында дүниеге келген. Білімі…
  • 04.12.2019
    17:46
    26
    Бүгінгі таңда аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі ел дамуына серпін беретін Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асырып, экономиканы дамытуға әсері мол…
  • 14.06.2019
    17:45
    26
    2018 жылдан бастап қолға алынған Қазақстанның өзге өңірлерінде баламасы жоқ «Нұр Капитал» жобасы аясында  «Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/