Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Құрметті аудан тұрғындары!

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен 12.09.2019 жылы №МКД-09-1-08-12325 санды хатымен келіп түскен Мәжіліс хаттамасының 6 тармағының 1 тармақшасын орындау мақсатында Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166 бабының 2-тармағына енгізілген өзгерістер бойынша, ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау кассалық машиналарын (бұдан әрі БКМ) қолдану міндеттілігі айтылған. Осыған сәйкес бүгінгі таңда ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектілері үшін патент негізінде арнаулы салық режимін қолдана отырып кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырып отырған салық төлеушілер, яғни патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер. Және де бірыңғай жер салығын төлеу негізінде кәсіпкерлік мақсатын жүзеге асырып отырған шаруа немесе фермер қожалығы негізінде аурнаулы салық режимін қолданушы салық төлеушілер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн БКМ қолдануға міндетті. Жоғарыдағы баяндалғандарды негізге ала отырып аталған салық төлеушілер, патент негізіндегі дара кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін, деректерді беру функциясы бар бақылау кассалық аппаратын тіркету жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Салық кодексінің 171-бабына сәйкес, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан (Онлайн-БКМ) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді фискалдық деректер операторы (бұдан әрі - ФДО)жүргізеді. Яғни ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Транстелеком» АҚ «Қазақтелеком» АҚ-мен қатар ФДО қызметін толық көрсетуді бастағанын хабарлайды.

Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы





Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/