Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

ХАБАРЛАНДЫРУ

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

  2019 жылдың 21 маусымында таңғы сағат 10:00-да Ақтау қаласы, 26-ықшамаудан, №16 жер телімі («Отар» бизнес орталығына қарама-қарсы) мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.

Осы шара аясында Қордың өңірлік бөлімшелерінің мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге сағат 10:00-нан17:00-ге дейін әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар және ақыл-кеңестер береді. Сонымен қатар шара барысында келуші азаматтар Қордың, тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің жұмысымен танысады. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік салалар бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар және ақыл-кеңестер алуға мүмкіндіктері болады. 

Сіздердің сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап береді:

- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;

- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті; 

- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменті;

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;

-«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының департаменті;

Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады. 

Еске саламыз, «Ашық есік күні» шарасы Ақтау қаласы, 26-ықшамаудан, №16 жер телімі («Отар» бизнес орталығына қарама-қарсы) мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында өткізіледі.




Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/