Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Зергерлік бұйымдарды сынамалау және таңбалау!

   Маңғыстау облысы бойыншазергерлік және басқа да бұйымдарды өткізумен айналысатын Жеке және Заңды тұлғаларға, кәсіпкерлерге бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»  2016 жылғы 14 қаңтарда  № 444-V Заңы қабылданғандығын  және осы Заң аясында  2016 жылғы  17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген  уәкілетті ұйымда таңбаны міндетті тіркеу, зергерлік бұйымдарды сынамалау және таңбалау, оларды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылау туралы  ережелер көзделгендігін түсіндіру және хабардар ету мақсатында төмендегідей мәліметтерді ұсынамын.

 

  Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға, уәкілетті ұйым болып "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы"АҚ-ның сынау палатасы  анықталған.

  Осыған байланысты, уәкілетті ұйымда асыл тастарға, зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу тәртібін айқындауға бағытталған ережелер әзірленді.

  Уәкілетті ұйымдардың кодтары бар "Барыс басы" символы, "KZ" Қазақстан халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының сынама таңбасының белгілері анықталды.

Уәкілетті ұйымдардың кодтар бар Қазақстан Республикасының "Барыс басының" бірегей сынама таңбасы

  Зергерлік бұйымда "Барыс басы" символы және уәкілетті ұйымдардың кодтары бар "KZ" Қазақстан халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының Бірыңғай сынамалы таңбасының, сондай-ақ осы бұйымды дайындаушының өзі түсіретін атаулы таңбасының болуы міндетті екеніне назар аудару қажет.

   Өндірушіні тұтынушыға бағдарлау бәсекелестерге қарағанда жақсы сапалы тауарды қамтамасыз етуге ұмтылу болып және бұйымдағы атау мен сынама таңбаның болмауы заңсыз дайындалған бұйымды сатып алу белгілерінің бірі болып табылады.

 

Қырғызстан таңбасы

Қырғыз Республикасында дайындалған алтын бұйымдар үшін

Платина бұйымдары үшін

Палладий бұйымдары үшін

Күміс бұйымдары үшін

Ресей Таңбасы

Алтыннан жасалған бұйымдар үшін

· 

Күмістен жасалған бұйымдар үшін

[img width="488" height="227" src="file:///C:/Users/admin/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image017.jpg" alt="http://cheboksar.net/images/other/silver.jpg" v:shapes="Picture_x0020_5">

Беларусь Республикасының таңбасы

Алтын және платина бұйымдарын таңбалау үшін белгіленген сынамалардың бірінің куәлік белгілері мен Шифр белгісінен тұратын сынама: 375, 500, 583, 585, 750, 958 алтын және 950 платина үшін;

Күміс бұйымдарды таңбалау үшін белгіленген сынамалардың бірінің куәлік белгілері мен Шифр белгісінен тұратын сынама: 750, 800, 875, 925 және 960;

Палладий бұйымдарын таңбалау үшін белгіленген сынамалардың бірінің куәлік белгілері мен Шифр белгісінен тұратын сынама: 500 және 850;

Зергерлік бұйымдарды міндетті түрде сынау және таңбалау туралы нормалар тұтынушыларды, контрафактілік өнімдермен алдау және оларды алдын ала сараптаусыз өткізу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.

  Жеке және заңды тұлғалар сараптама жүргізу үшін уәкілетті ұйымға ерікті тәртіппен, сондай-ақ Заңның 12-бап 4-тармағында және  7-бап 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда міндетті тәртіппен жүгінеді және Уәкілетті ұйым сараптама нәтижелері бойынша жеке немесе заңды тұлға жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама қорытындысын береді.

    Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындағандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдар уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатады.

  Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізудің ерекшеліктерінің бірі, ол Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі барлық меншікті зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуге жол берілмейді.

  Зергерлік және басқа да бұйымдарға көз ретінде жасанды жолмен алынған материалдар пайдаланылған кезде затбелгілерде осы тастың асыл тас емес екені көрсетілуге тиіс.

  Қазақстан Республикасының«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңының 7-бап 4-тармағына сәйкес  бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабар беруге міндетті.

  Қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға уәкілетті орган арнайы есепке қойылғаны туралы құжат береді.

   Осы заңда,Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келетіндігі көрсетілген. Яғни, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 190-1-бабында белгіленген талаптарды бұзғаны, атап айтқандабағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі өздері өндірген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қоятын сынамалау таңбасынсыз, сондай-ақ атаулы таңба бедерінсіз бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түрінде жасалған бұзушылық үшін: жеке тұлғаларға – 50, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 80, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жауапкершілік көзделген.

   Сондай-ақ асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 297-1 бап 1-тармағында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін:

 жеке тұлғаларға-30, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 150, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жауапкершілік көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 190-1 және 297-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын және Маңғыстау облысы бойынша бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, ол «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9-шағын аудан, 23-ғимарат, 308-кабинетте орналасқан.

Департамент Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдарды өндірушіге және (немесе) өткізушіге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады және бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру, сонымен қатар зергерлік және басқа да бұйымдарды өндірушіге және (немесе) өткізушіге әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

   Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, көзделген шаралар зергерлік өнімдер нарығын ретке келтіреді және адал кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында зергерлік саласының дамуының жаңа кезеңіне тың серпін беретіндігіне сенімдімін.

ҚРИИДМ Техникалық реттеу және

метрология комитетінің Маңғыстау

облысы бойынша департаментінің

Әдеп жөніндегі уәкілі  Акмаганбетов Жетыбай Билбалаевич

 






  • 24.06.2019
    09:45
    14
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жолғы…
  • 21.06.2019
    18:47
    30
    Маңғыстаулық 1500ден аса азамат Telegram-Bot қосымшасын жүктеп, оның көмегімен үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтер алады. Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер…
  • 20.06.2019
    18:42
    30
    Шетелге шығуға салынған тыйымдардың  бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады Кезекті еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристік сапарға шығуды жоспарлаған  қазақстандықтар…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/