Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік - тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары.

Қылмыстық шаралар маңызды, бірақ проблеманы түбегейлі шешуді қамтамасыз етпейді. Тіпті өлім жазасы шенеуніктердің пара алуын әлі де тоқтатпаған Қытайдың мысалы осыған дәлел.

Бүкіл қоғамның ауқымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру - бұл ұзақ мерзімді процесс. Бірақ жеке деңгейде әрқайсымыз оны өте тез жасай аламыз. Ең бастысы - ниет пен ерік.

Азаматтық қоғам анағұрлым ашық және белсендірек бола бастады. Мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестермен бірге арнайы мониторингтік топтар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосуда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ыңғайлы фронт-кеңселері бар сервистік әкімдіктер ашылуда. Форматында 180-нен астам мемлекеттік мекеме жұмыс істейтін open space енгізілуде. Жақында ғана оны Шымкент қаласының әкімдігі де жасады. Кім біледі, мүмкін, бұл әкімдіктер үшін жаңа челлендждің басы болар.

Біз әзірлеген «Digital Agent» және «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» it-өнімдері Қазақстандағы кез келген адамға мемлекеттік сервисті жақсартуға және ұялы телефон арқылы бюджеттің шығыстарын, құрылыс сапасын, жолдар жөндеуін бақылауға теңдесі жоқ мүмкіндік береді.

Бизнес-қоғамдастық та айтарлықтай дамып келеді. Бизнесті және инвестицияларды қорғауға арналған «Protecting Business and Investments» жобасы шеңберінде бізбен 300-ден астам компания жұмыс істейді. Олар парасыз – адал бизнесті жүргізуге өзіне міндеттеме алды.

Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты дамыту үшін еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» клубтары ашылды. Колледждер мен жоғарғы оқу орындары деңгейінде академиялық адалдық қағидаларын және олардың қызметінің ашықтығын нығайтуға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасы іске асырылуда.

Мемлекеттік қызметшілердің санасын трансформациялау мақсатында Мемлекеттік басқару академиясы ауыл және аудан әкімдерінің көпшілігін жобаларды басқару, тиімді коммуникациялар, этика және адалдыққа үйретті. Сондықтан, біз олардың жұмысының ашықтығы мен клиентке бағдарлануының нақты ұлғаюын күтеміз.

Адал қоғамды құру шағын істерден басталады. Солардың бірі сатушылары жоқ адалдық дүкендерінің ашылуы болды. Жарты жылдың өзінде «Адалдық дүкені» орындарының 3700-ден астамы ашылды: мемлекеттік органдарда, жоғарғы оқу орындарында, мектептерде, соттарда, тіпті полицияда. Сатып алушыларға кедергісіз қызмет көрсетуді ашып жатқан «Рамстор» және «Магнум» сияқты танымал супермаркеттер желілерінің біздің идеямызды қолдауы қуантады. Әрине сіздер Алматы метросындағы адалдық турникеті туралы да естіген шығарсыздар. Бұл бастама күшейе түсуде.

Оң өзгерістер, сіздер көріп отырғандай, бар. Жеке жобалар мен іс-шаралар ауқымды емес көрінуі мүмкін, алайда бірге олар ортаны және қоғамдық сананы өзгертетін пазлды құрайды.

Біздің барлық бастамаларымыз Мемлекет басшысы әділ атап өткендей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың міндеті деген ұғымды әрбір қазақстандықтың сана-сезіміне жеткізуге бағытталған.

Достар, біз Тұңғыш Президенттің тапсырмасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» республикалық жобасын жүзеге асырудамыз. Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартқысы және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойғысы келген кез келген ынтасы бар адам оған қосыла алады. Тек сіздердің белсенді қолдауларыңызбен ғана жоба жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысқа айналады.

Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің төрағасы




  • 24.06.2019
    09:45
    14
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жолғы…
  • 21.06.2019
    18:47
    30
    Маңғыстаулық 1500ден аса азамат Telegram-Bot қосымшасын жүктеп, оның көмегімен үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтер алады. Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер…
  • 20.06.2019
    18:42
    30
    Шетелге шығуға салынған тыйымдардың  бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады Кезекті еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристік сапарға шығуды жоспарлаған  қазақстандықтар…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/