Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың Бейнеу ауданындағы іссапары

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Бейнеу ауданына іссапармен барып, аудан әкімінің есебіне қатысты. Аудан басшысы Бейнеубек Әбіловтың мәліметіне сәйкес, бүгінде аудан халқы 69 500 адамға жеткен.
Жаңадан 3 270 жұмыс орны ашылып, оның 83,9 пайызы немесе 2 743 тұрақты жұмыс орны болып тұр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 933 орынға көп. Жұмыспен қамту ұйымдары арқылы 2 058 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 70 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 228 жас жастар практикасымен уақытша жұмысқа қабылданып, одан 92 жас тұрақты жұмысқа орналасты. 582 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Денсаулық саласы бойынша ауданда 32 мамандық бойынша 120 дәрігер мен 493 арнаулы орта білімді маман жұмыс жасайды. Орталық ауруханада гемодиализ қондырғысы арқылы 9 науқасқа емдеу шаралары жүрзіліп, өткен жылы 2 хронодиализ аппараты мен рентген аппараты, жедел жәрдем бөлімшесіне 1 санитарлық автокөлік алынған.
Білім беру саласы бойынша 2018 жылы 5,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Ауданда 2 арнаулы оқу орнында 1 189 студент және 24 білім беру ұйымында 17 707 бала оқиды. 21 балабақшада 2 441 сәби тәрбиеленіп отыр. 150 орындық екі жекеменшік балабақша ашылды. Биылғы жылы тағы да 125 орындық екі балабақша ашатын боламыз деді, Әбілов.. Бейнеу гимназиясы мен Бейнеу лицейінде ІТ кабинеті және Ы.Алтынсарин орта мектебінде робототехника кабинеті іске қосылды. Мектеп бітірген 762 оқушының 493 немесе 64,7 пайызы ұлттық бірыңғай тест сынағын тапсырып, орташа балы 67,8 болды. 22 оқушы «Алтын белгі», 11 оқушы «Үздік аттестат» ие болып, 191 бала грантқа оқуға түсті.
Мәдениет пен спорт бойынша демеушілер қаржысына Бейнеу ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және жабық бассейннің құрылыс жұмыстары, Есет ауылында жаттығу залы мен Боранқұл ауылында екі спорт алаңының құрылысы жүргілуде. Орталық стадионға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ашық мұз айдыны іске қосылды. Сарға ауылында ашық спорт алаңы пайдалануға берілді. Облыс бойынша Бейнеу ауданы «Спорт саласындағы үздік аудан» атанды.
Өндіріс және кәсіпкерлік саласы бойынша жыл басынан бері 466,7 мың тонна мұнай мен 1321,1 млн текше метр газ өндірілді.Астық терминалы Ауғанстанға 136 тонна, Өзбекстанға 1 786 тонна ұн экспорттап, 11 775 тонна ұн, 4 384 тонна жем өндірді. Өткен жылмен салыстырғанда ұн өндірісі 85 тоннаға көп. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 418-ге жетті. Аудандағы 10 598 адам осы салада жұмыс жасайды. Олар 1,1 млрд салық төлеп, аудандық бюджеттің меншікті кірісінің 35,3 пайызын құрады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша өткен жылы 51,7 млн теңгеге 6 жобаға кепілдендіру жүргізілді. «Нұр капитал» жобасы бойынша 362,0 млн теңгеге 29 жоба қолдау тапты. Одан 6 кәсіпкер 77,1 млн теңге несие алды. Микрокредиттік ұйымдар арқылы 98 тұрғын 392,1 млн теңгенің несиесін алды. Ауыл шараушылығының көлемі өткен жылы 3 128,0 млн теңгеге жетті. Мал сою пункті 312 тонна ет өндірді. Жылыжай кешені 20 тонна өнім, «Ғибрат» шаруа қожалығы 30 тонна қауын, қарбыз шығарды. 800 адамнан астам еңбек ететін 242 шаруа қожалығы тіркелген. Жиын соңында Ералы Тоғжанов аудан басшысына оң бағасын беріп, бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар, ауданға қарасты бірнеше елді-мекенді аралап, тұрғындармен кездесті.



  • 23.08.2019
    12:06
    11
    "Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына толықтыру енгізутуралы Қазақстан Республикасы…
  • 16.08.2019
    11:12
    14
    Бейнеу ауданында «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсе аясында аудан әкімінің аудан тұрғындарын қабылдау кестесі Ауыл Уақыты Болатын жері Бейнеу…
  • 21.08.2019
    10:46
    53
    Зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары 2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/