Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Тұңғыш Президент күніне тарту

Тұңғыш Президент күніне тарту

  1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ауданымызда жаңа «Танамед» УЗИ-Доплер зерттеу орталығы ашылды.

  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің  Жолдауларында  денсаулық саласын  жіті назарға ұстап, бірнеше мемлекеттік  бағдарламаларды іске асыруды міндеттеген.   Сондай-ақ,  бағдарламалардың шеңберінде ашылып жатқан бұл зерттеу орталығының басшысы  Қанаев Әмірхан Айтбайұлы  40 жылдан астам уақыт медицина саласында аянбай еңбек етіп, көп жылдар бойы  халыққа істеген қызметтері үшін бірнеше мемлекеттік  медаль, төс белгімен марапатталып, ауданымыздың дамуына өз үлесін қосып жүрген азамат.

  Бұл зерттеу орталығының ашылу салтанатында аудан әкімі Бейнеубек Әбілов құттықтау сөз сөйлеп, аудан халқын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Сонымен қатар  еңбек ардагерлері Басшы Әзірханов, Барахат Абаев жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, ел игілігі үшін қызмет ете беруін тілеп, аудан әкімі Б.Әбілов пен Б. Әзірханов жаңа зерттеу орталығының лентасын қиды.

  «Танамед» УЗИ-Доплер  зерттеу орталығында үш қызметкер жұмыс жасап,  тәулігіне  он беске жуық адамға қызмет  көрсету жоспарланған.

  Онда жүктілік кезіндегі УЗИ-Доплер, өт, бауыр, ұйқы безі, қуық, қуық асты безі,  қан тамырлары, қалқанша безі, балалар УЗИ зерттеуі, бауыр аурулары, ішкі мүшелер, бұлшық ет бездерінің, тері асты ісіктерінің, шап жарығы, варикоцеле,  водянка сияқты зерттеу түрлерін жүргізеді.

***

   Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудандық Мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен көптеген мәдени, спорттық шаралар өткізілді. Соның бірі  Әли Балта палуан атындағы орталық стадионда аудан тұрғындарына арналған мерекелік концертке ұласты. Мерекелік шара барысында «Алтыбақан» этнографиялық ән-би ансамблінің «Сезімдерді тербеткен Алтыбақан» атты театрландырылған қойылымы ұсынылды.

   Одан әрі  «Елбасы мұраты-ел бақыты» атты концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда Тұңғыш Президент  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатымен «Қазақстан» деген бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан халқының  бүгінгі жарқын келбеті арқау болған «Егемен Қазақстан», «Отан», «Туған жер», «Маңғыстау» т.б әсем әндер әуелеп, мерекелік шара көрермендерге рухани тұрғыдан ерекше ерік-жігер беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Осылайша аудан тұрғындарына  мерекенің мән - жайын ұғындырған кештің соңы от шашумен аяқталды. 




Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/