Қамқорлықтың қарымтасы -біліктілік
Елбасының жыл сайынғы
Жолдауын қалт жібермей тыңдайтын адамның бірімін. Бұл жолы да солай тікелей эфирден үлкен ризашылықпен тыңдадым, ел
өміріне ерекше жаңалықтар әкелген жақсылықтары мол Жолдаудың жылдағыға қарағанда ертелеу халыққа жеткеніне қуандым. Бұл
жолы да Жолдаудағы басты басымдық - қазақстандықтардың
әл-ауқатын арттыруға арналды. Халық
мемлекет басшысының ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыру жөніндегі
тапсырмасына өте қуанды деп айта аламын. Бұл әрбір қазақстандыққа нақты көмек. Жолдауда Елбасы айтқандай әртүрлі салаларда істейтін,
бюджеттік ұйымдарда істейтін мұғалімдер,
дәрігерлер, құқық қорғау органдары, қорғаныс және тағы басқа миллиондаған қызметкерлердің
айлығы көбейеді.
Мемлекет басшысының бұл
тапсырмасынан еліміздің дамуының ойдағыдай екенін көруге болады. Дамып жатқан
мемлекетте ғана мұндай істер жүзеге асатыны белгілі.
Мен өзім бүкіл саналы ғұмырымды дәрігер болып, аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуге арнаған адаммын. Қызым білікті дәрігер, осы салада белгілі ғалым, зайыбым мен келінім де осы салада қызмет етеді.
Елбасының бұрынғы Жолдауларында айтылған тапсырмаларға сәйкес елімізде денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт қалыптастыру мақсатында біраз жұмыстар жүзеге асқаны белгілі. Қазіргі таңда Ұлт көшбасшысының салиқалы саясатының арқасында еліміздің денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып келеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде озық технологиялармен жабдықталған жаңа медициналық мекемелер ашылуда. Біздің Бейнеу ауданында да солай. Менің өзімнің «Шапағат» атты жеке емдеу кабинетім бар.
Ал осы жолғы Жаңа Жолдаудағы дәрігерлерге қатысты үлкен қолдауға тоқтала кетейік: «2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», - деді Н.Назарбаев. Міне осындай үлкен қолдау мен қамқорлықтың қарымтасын - әрбір дәрігер іскерлігімен, антына адалдығымен, біліктілігімен қайтаруы тиіс дер едім.
Ізбасар Қыздарбаев,
денсаулық сақтау қызметінің ардагері,
Бейнеу ауданының құрметті азаматы.
-
12.02.201917:4555Биыл 15 ақпанда - Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектелген контингентінің шығарылғанына 30 толып отыр. Сіздер 10 жылға созылған осы …
-
12.02.201916:3056Құрметтеу - парызымыз Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың қайғылы беттерінің бірі. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін…
-
12.02.201912:23612018 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 6 млн аса электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеді. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4…