Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Бейнеу ауданы тұрғындары назарына!!

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00 СЕН)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу жөнінде азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғалардың міндеттемелерінің бөлігіне «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізуге байланысты, мынаны хабарлайды.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.

Заңның 29-бабының 1-тармағында Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсыратындығы белгіленген.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 355-бабының 1-тармағына сәйкес жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті тұрған жердегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей:

салық агенттері, оның ішінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері;

әлеуметтік төлем агенттері немесе төлеушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз пайдасына тапсырады.

Осылайша, есепті тоқсан үшін кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын міндетті зейнетақы жарналарының, есептелген (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсете отырып, «Салық есептілігі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00 СЕН) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғалар өздігінен тапсыруы тиіс.

Көрсетілген салық төлеушілер 200.00 СЕН толтыру кезінде «Салық төлеушілердің санаты» 6 жолда:

«Өз пайдасына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы» 200.00.004;

«Өз пайдасына мәлімделетін табыс» 200.01.009 белгі қоймайтындығына және жолды толтырмайтындығына назар аударамыз.

Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.




  • 11.12.2018
    19:29
    9
    Ұлт мақтанышы  - Елбасы 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мектеп кітапханасында «Ұлт мақтанышы - Елбасы» атты…
  • 10.12.2018
    15:10
    15
    Бүгінгі жаңартылған бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым,  жазылым  негізінде  бағытталып, оқушының  жеке тұлға болып  қалыптасуына бірден – бір…
  • 10.12.2018
    10:38
    8
    Алғашқы  көмек көрсету жөнінде кездесу өтті Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қолдау-Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық жастар…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/