Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы

Ауыл шаруашылығында тракторлар жер жыртуға, бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған және орман шаруашылығында ағаштарды кесу, тасымалдау мақсатында мамандандырылған тракторлар қолданылады. Тракторлар қозғалтқышының түріне қарай «доңғалақты» не «шынжыр табанды» болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары – жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуы және кез келген жермен жүруі, кемшіліктері – ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды қозғалтушының төменгі шыдамдылығы. Тіркеме дегеніміз – трактормен сүйретілетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жүктерін тасымалдауға арналған көлік құралы. Сондай-ақ тіркемелерге тік жүктеменің бір бөлігі сүйрейтін тракторға (жартылай тіркемелерге) берілетін тіркемелер де жатады.

Трактордың (тіркеменің) санаты – Кеден одағы техникалық регламентінде талаптарды белгілеу мақсатында қолданылатын трактордың (тіркеменің) сипаттамасы.  Т санаты – дөңгелекті тракторлар. С санаты – шынжыр табан тракторлар, R санаты – тіркемелер.Трактордың, тіркеменің немесе құрауыштың нарықтағы айналымы - трактор, тіркеме немесе құрауыш дайындап шығарылғаннан кейін Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына трактордың, тіркеменің немесе құрауыштың тұтынушыға (пайдаланушыға) өту процесі.Техникалық регламенттің техникалық реттейтін объектілері шығарылған мемлекетке қатыссыз қайта шығарылған және тасымалданған бірыңғай кеден КО территориясындағы дөңгелек және шынжыр табан ауылшаруашылық және орман шаруашылық тракторлары және тіркемелері болып табылады. КО техникалық регламенті максималды 6 км/сағ. кем емес есептік жылдамдығы бар тракторлар және тіркемелер жатады.

КО ТР 031/2012 Кеден одағы техникалық регламенті Кеден одағының кедендік аумағында ауыл шаруашылық және орман шаруашылық доңғалақты және шынжыр табан тракторлар мен олардың тіркемелеріне қойылатын, қолдану және орындау, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын, ауыл шаруашылық және орман шаруашылық доңғалақты және шынжыр табан тракторлар мен олардың тіркемелерінің еркін орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді.

Нарық айналымына өтпес бұрын, тракторлар, тіркемелер және компоненттер «Ауыл шаруашылық және орман шаруашылық тракторлары және оларға қатысты тіркемелер қауіпсізідгі туралы» КО техникалық регламентінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес растаудан өтуі қажет. Сәйкестікті растау Кеден одағы Комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) бекіткен Кеден одағы техникалық регламенттеріне сәйкестігін бағалаудың(растаудың) типтік схемаларын қолдану тәртібі туралы қағидаға сәйкес схемалар бойынша жүзеге асырылады. Тракторларды, тіркемелерді немесе құрауыштарды сертификаттауды Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) жүргізеді.

«Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары  мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 031/2012) сәйкес тракторлар мен тіркемелерге қойылатын қауіпсіздік талаптары

1.  Дөңгелекті тракторлардың техникалық жол берілетін пайдалану салмағына қойылатын талаптар

-  Дайындаушы көрсеткен техникалық жол берілетін пайдалану салмағы сондай-ақ сынақ зертханасында (орталығында), әсіресе тежегіш жүйенің және рөлмен басқарудың тиімділігіне қатысты бөлігінде жүргізілген сынақтардан алынған оң нәтижелермен расталуға тиіс.

-  Тракторды кез келген жүктеу кезінде басқарылатын ось дөңгелектерімен жолға түсетін салмақ трактордың жабдықталған салмағының 20 %-нан кем болмауға тиіс.

2.  Жанармай бактарына қойылатын талаптар

-  Жанармай бактары жемірілуге төзімді болуға тиіс. Олар қысым кезінде (бірақ  30 кПА кем емес) өзінің бүтіндігін сақтауға тиіс. Мөлшерден көп немесе жұмыс қысымынан асатын қысым тиісті құрылғылармен (ауа, сақтандырғыш клапандары және т.б.) автоматты түрде өтелуге тиіс.

-  Жанармай бактарын трактордың алдыңғы немесе артқы бөлігіне соғатын соққы салдарынан қорғауды қамтамасыз ететіндей болып орнатылуы керек. Бактың жанында шығыңқы тұрған бөліктері, өткір жиектері және т.б. болмауға тиіс. Жанармай өткізгіштері және құйма мойынының тесігі кабинадан тыс жерде тұруға тиіс.

«Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары  мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 031/2012) техникалық регламент туралы толық ақпаратты www.eurasiancommission.org Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан алуыңызға болады. 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Бас маманы - Маңғыстау облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

Төлесін Нурлыбек Берікұлы




Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/