«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон Қарақия  ауданына  табысталды
Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон Қарақия  ауданына  табысталды

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон Қарақия  ауданына  табысталды

Өңірімізде сәуір айында бастау алған марафон мамыр айында Түпқараған ауданында маусым айында Маңғыстау ауданында өткізілді.

Тоқсан  жылдық тарихы Маңғыстау ауданынан Берекелі Бейнеуге шілде айында табысталған болатын. Бір ай көлемінде ауданға қарасты он ауылда және мекеме, кәсіпорындарда әртүрлі спорттық және мәдени көпшілік шаралар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Соңғы қорытынды шарасы «Тәуелсіздік алаңында» мерекелік концертпен қорытындыланды.

Шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтің сапасын бақылау басқармасының басшысы Долдашов Нұрбол Амангелдіұлы, аудан әкімінің орынбасары Машырықов Кенжеғали Сағидоллаұлы, аудан әкімінің аппарат басшысы Бақытова Гүлжан Бақытқызы, Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Төлегенов Манар Аманжолұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметкерлері және мекеме, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік қызметшілер, аудан жастары қатысты.

Алдымен сөз алған аумақтық департаменттің басқарма басшысы Нұрбол Амангелдіұлы бұл марафонның мақсатын түсіндіріп, барша мемлекеттік қызметшілерді, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақырып, еңбегіне, еліне адал болуға шақырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру біздің ортақ парызымыз. Бұл ретте өткізіліп жатқан мағыналы шаралар аз емес, соның бірі–марафон. Бұл арқылы сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күресуге баса мән беру мақсатындағы  өткізіліп келеді» - деді Кенжеғали Сағидоллаұлы.

Ал ауданымыздан алғаш шыққан Азия чемпионы, аудандық мәслихат депутаты, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Қайранов Жеңіс Исламғалиұлы «Отанға деген құрмет осындай игі шараларға белсенділік танытудан басталады. Елбасы әрдайым Қазақстанның болашағы жастардың қолында деп келешек ұрпаққа сенім артады. Еліміздің болашағы - білімді, адал,  ұлтжанды азаматтардың қолында» - деп өз сөзін қорытындылады.

Аудан әкімінің орынбасары К.Машырықов марафонның ақ туын Қарақия ауданына табыстап, қарақиялықтарға сәттілік тіледі. «Қарақия ауданыда жоғарғы деңгейде өткізіп, келесі ауданға табыстайтын болады» - деді Манар Аманжолұлы.

  Шара соңында ауданның ерікті жастары флешмоб билеп, аудан өнерпаздарының ән шашуымен аяқталды.

  Марафон аясында ауданда кіші футболдан және үстел теннисінен жарыс өткізілген болатын. Жарыс қорытындыланып, дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

  Бұл марафон еліміз бойынша барлық өңірде өтіп жатыр. Республика бойынша жүріп жатқан «Адал жол» акциясы «9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» елордада, ал облыстық деңгейдегі шаралар Ақтау қаласында  қорытындыланады.

Тұралы Жолышов – аудандық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары


  • 17.08.2018
    12:42
    27
    Жергілікті полиция қызметінің (бұдан әрі - ЖПҚ) және әкімшілік полиция зжәне мемлекеттік тіл және ақпарат бөліністерінің күштерімен ағымдағы жылдың 17.08.2018…
  • 10.08.2018
    13:12
    44
    Шағын көлемді кеме – балық аулауға, жүк және жолаушыларды тасымалдау, сүйретуге, іздеу салу, барлау жүргізу және пайдалы қазбаларды өндіруге, құрылыс,…
  • 10.08.2018
    10:18
    43
    Тауарларды электронды саудада сату    Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  2018 жылдың 1-ші қантарынан бастап Қазақстан Республикасының 2017 жылдың…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/