Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

1 шілдеден бастап базалық зейнетақы өседі

1 шілдеден бастап базалық зейнетақы өседі

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық төлемдер  қайта есептелетін болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толған уақыттан бастап қана тағайындалады. Бұл өзгерістер зейнеткерлікке жаңадан және бұрын шыққантұлғаларды қамтып, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледі.

Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 15 274 (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%) теңгені құрайды. Бұл төлемақының көлемі еңбек өтіліне қарамастан, барлық зейнеткерлер үшін бірдей.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы көлемізейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай қайта есептеледі. Есептеу барысында тұлғаның 1998 жылғы 1 шілдеге дейінгі ынтымақты зейнетақы өтілі менсодан кейінгі жинақталған өтіліескеріледі.

Егер адамның жұмыс өтілі болмаса немесе 10 жылдан кем болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% пайызын құрайды.10 жылдан асқан әр жылдың жұмыс өтілі үшін базалық зейнетақы 2 пайызға өседі. Мысалы, 20 жылдық қатысу өтілі болса, базалық зейнетақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жылдық қатысу өтілі – 94 пайызды құрайды. Егер қатысу өтілі 33 жыл және одан да артық болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын, яғни 28 284 теңгені құрайды.

Зейнетақы өтілінеынтымақты жүйеде атқарған еңбек өтілі (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін),міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңді қамтитын жинақтаушы өтілі, 3 жасқа дейінгі бала күтімі, бала кезінен мүмкіндігі шектеулі тұлғаның 16 жасқа дейінгі күтімі, әскери қызметтегі, арнайы мемлекеттік органдағы, дипломатиялық жұмыстағы жұбайымен бірге тұрған кезең және т.б. кіреді.

Бұл өзгерістер зейнеткерлікке жаңадан және бұрын шыққан тұлғаларды қамтып, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледі. Айта кету керек, мемлекеттік базалық зейнетақыны қайта есептеу процесі автоматты түрде жүргізіледі, сондықтан зейнеткерлерге ешқайда жүгінудің немесе құжат тапсырудың қажеті жоқ.




  • 12.10.2018
    16:36
    69
    2018 жылдың қазан айынан бастап зейнеткерлік жасқа жеткендер үшін зейнетақыны рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді. Енді зейнеткерлікке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық…
  • 12.10.2018
    13:27
    21
      Елбасының жыл сайынғы Жолдауын қалт жібермей тыңдайтын адамның бірімін.  Бұл жолы да солай тікелей эфирден үлкен ризашылықпен тыңдадым, ел өміріне…
  • 12.10.2018
    13:25
    21
     Барша  жұртқа  белгілі болғандай, осы  жылдың  5 қазаны  күні   Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  дәстүрлі  Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдауға  аудан әкімі Бейнеубек…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/