Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

E-R-1 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

  4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару боргандарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары ббойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3,  Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

E-3 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық,әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққатөзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағылауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкессалаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттікорганның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарданемесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төменемес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттікқызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатымәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілібір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішіндеорталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайымемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарыныңтактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарыныңнемесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сiңiргенжылдарына байланысты

min

max

Е-R-1

354 695

462 644

Е-3

227 238

296 396

«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі/кадр қызметі/,130100, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Бейнеу ауданы әкімдігінің ғимараты, тел/факс 8/72932/21232, 21576, (эл.почта m.saimanova@mangystau.gov.kz ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Бейнеу аудандық ішкі  саясат  және  тілдерді  дамыту  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  (E-R-1 санаты) - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: «Бейнеу аудандық  ішкі  саясат  және  тілдерді дамыту  бөлімі»  мемлекеттік мекемесі  туралы  бекітілген  Ережеге сәйкес бөлімнің  жұмысын  ұйымдастыру, бөлімнің  ақша  қаражатының  жұмсалуы туралы қаржы және төлеу  құжаттарына қол қою.  Стратегиялық  және  ағымдағы  жоспарларды  бекіту,  бөлім қызметін  басқару  және  бөлімге  жүктелген  міндеттердің  орындалысына жауап беру,  өзінің  құзіреті  шеңберінде  бұйрық  шығару,  нұсқау беру,  қызметтік құжаттарға  қол  қою. Аудан аумағында  ішкі саясат, мемлекеттік жастар  саясаты,  тілдерді  дамыту, діни қызмет салаларындағы мемлекеттік  саясатты жүзеге асыру, қоғамдық бірлестіктердің,  саяси партиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарын үйлестіру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау. Қоғамның  демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі  басымдылықтарын,  аудан халқына мемлекет  басшысының жыл сайынғы  Жолдауларын түсіндіру, олардың меншік нысаны қарамастан  кәсіпорындарда, ұйымдарда тіл мәселесі жөніндегі  Қазақстан  Республикасы  заңдарының,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлықтарының,  нормативтік  құқықтық  актілердің  орындалуына  бақылау  мен  тексеруге  басшылық жасау, әдістемелік, ақпараттық –талдау материалдарын әзірлеу және оларды іске асыру  шараларын  қабылдау. Салауатты  өмір салтын насихаттау мақсатында аудан деңгейінде  спорттық шараларға араласу.  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  спорттық шараларға қатысуын қамтамасыз ету. Ауданда болып жатқан  қоғамдық  процестерді жан жақты зерттеу, талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулер, қоғамдық пікір сауалнамаларын жүргізу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау, республик, облыс, аудан өмірінің мәселелері жөнінде қоғамдық пікірді қалыптастыру. Аудандық деңгейде мерекелік шаралар, семинарлар және т.б ұйымдастыру. Мемлекеттік тілді меңгеру үшін жағдайлар жасау, үш тілді (мемлекеттік тіл, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардын үлесін анықтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қоғамдық байланыс, қаржы, әлеуметтану,  саясаттану,  журналистика, мемлекеттік және жергілікті басқару). Гуманитарлық  ғылымдар  (дінтану, теология, филология,  мәдениеттану). Құқық (құқықтану) Білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, екі шетел тілі, тарих, дене шынықтыру және спорт).

2. Бейнеу ауданы әкімі аппаратының  бас инспекторы (E-3 санаты) - 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жер, жаңа құрылыс салу үшін жер телімдерін бөлу, бар нысандарды өзгерту комиссияларының жұмыстарының барысын бақылау.  Құрылыс саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету. Мемлекеттік тапсырыс бойынша салынып жатқан нысандар құрылыстарының сапасына бақылау жасау. Жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізілуін бақылау. Жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылау.  Аудандық жер, сәулет және қала құрылыс бөлімінде жасалатын ауданның жер - кадарстрлық картасына сәйкес орналастырылатын құрылыстар мен нысандар, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік нысандарға берілетін жер телімдерінің дұрыс орналасуына бақылау жасау. Аудан әкімінің құрылыс, қаржы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,  жер, сәулет және қала құрылысы  салалары бойынша индикаторларының орындалуын қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізеді.  Басшылардың басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім – Құқық (құқықтану, құқық  қорғау  қызметі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару), техникалық  ғылымдар және технологиялар (құрылыс), қызмет көрсету (кадастр, логистика, жерге орналастыру)

  3. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыру бөлімінің  басшысы  (E-3 санаты) - 1 бірлік.

  Функционалдық міндеттері: Ұйымдастыру бөлімінің жұмысына басшылық жасау, үйлестіру. Аудан әкімінің қатысуымен  өткізілетін аппараттық және селекторлық жиналыстардың, аудан активінің және басқа да кездесулердің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді; кеңестерге, семинарларға, конференцияларға, референдумдарға, сайлауларға дайындық және оны өткізу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады, аудан әкімінің өткізген барлық жиналыстарының хаттамаларын дайындап, олардың уақытылы тіркелуін, есебін жүргізуді, сақтауды жүзеге асырады; жоғары лауазымды тұлғалардың ауданға жұмыс сапарларының бағдарламасын әзірлейді; аудан әкімінің апталық жұмыс жоспар кестесін дайындайды, әкімнің жоспарына сәйкес жұмыстарды орындауды талап етеді; аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін барлық жиналыстарды және мерекелік шараларды өткізуді қамтамасыз етеді; аудан бойынша қоғамдық-саяси ахуал мен жедел жағдайы туралы күнделікті басшылыққа белгіленген тәртіп бойынша баяндап отырады; бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша қорытынды анықтамалар мен ұсыныстар дайындайды; аудан әкімінің халық алдында есеп беру кездесулерін ұйымдастырады; ҚР мемлекеттік басшысының, ҚР Президенті әкімшілігінің, ҚР Парламентінің, ҚР Премьер-Министрінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің аудан әкімдігіне орындауға жіберілген шұғыл тапсырмаларды тиісті мекемелерге және уәкілетті органдарға жолдап, нақты шешімдер мен ұсыныстарды, тапсырмалардың орындалысын жоғары органдарға жолдануын  бақылайды;  ҚР Президентінің саясатын жүргізудегі іс-шараларды ұйымдастырады; аудандық  мәслихатының аппаратымен  мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиларын, Қоғамдық кеңес отырысын бірге ұйымдастырады; аудан аумағында өтетін барлық саяси, мәдени-көпшілік, мерекелік, қоғамдық, қайырымдылық шараларға қатысып, өткізілуін ұйымдастырады. Цифрлы Қазақстан  бағдарламасының аудан әкімдігі бойынша орындалуын ұйымдастыру және бақылау.  Сайлау  және басқа да қоғамдық  саяси шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Басшылықтың  басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білімБілім, Құқық, Гуманитарлық ғылымдар, Техникалық ғылымдар және технологиялар, Әлеуметтік ғылымдар, экономика  және  бизнес, Жаратылыстану ғылымдары, Ауылшаруашылық ғылымдары, Қызмет көрсету.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралықстипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бейнеу ауданы әкімінің аппаратының және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпыконкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Бейнеу ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Бейнеу ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

  Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.

Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады.

Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.

Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 

 

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені        бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

                               

Мекен жайы және байланыстелефоны   

     

(қолы)   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


  • 16.06.2018
    20:11
    20
    Маңғыстаулық ақын Есетова Айнахан Ығылманқызының «Құсни ғұмыр» атты сазды поэзиялық кеші өтті. Кешке аудан әкімі Әбілов Бейнеубек Көңілімқосұлы, елімізге танымал…
  • 11.06.2018
    11:27
    31
    Аудан әкімі Әбілов Бейнеубек Көңілімқосұлының өкімімен аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне Досов Болат Бексиықұлы тағайындалды.Болат Бексиықұлы…
  • 11.06.2018
    11:18
    19
    Аудан әкімі Әбілов Бейнеубек Көңілімқосұлының өкімімен аудан әкімі аппаратының бас инспекторы болып Манкешова Айнұр Жалғасқызы тағайындалды.Айнұр Жалғасқызы 1976 жылы 31…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/