Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша аудан активінің отырысы

  12 наурыз күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша аудан активінің отырысы болып өтті. Отырысқа аудан әкімі Б.Әбілов төрағалық етіп, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары мен кәсіпорын басшылары және ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты. Алдымен аудан басшысы Бейнеубек Көңілімқосұлы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жөнінде қысқаша түсіндіріп өтті.

  Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ш.Азанов сөз сөйлеп, «Елбасының Қазақстан халқын бірлік пен тұрақтылыққа шақырып ұсынған «Бес әлеуметтік бастамасын» қолдауға, сонымен қатар аудан халқына түсіндіру жұмыстарына белсенді араласуға шақырамын» - деді.

   «Елбасымыздың ұсынған «Бес әлеуметтік бастамасы» Тәуелсіз Отанымыздың әрбір азаматына әлеуметтік жағдай жасау, көптен бері әрқайсымыздың көкейімізде жүрген түйткілдер түйінін тарқатып бес бағытта әлеуметтік тұрғыда жетілудің басын бастап берді. Осы орайда сонау 2007 жылдан бері аузымыздан түспегенімен шешімін таппай жүрген мен жұмыс жасайтын колледжде қасында 200 орындық жатаханасы бар жаңа ғимаратты салу мәселесінің уақыты да жақындады –деген үміт оты тағы да көрінгендей болды. Президентіміздің Үкімет пен Парламентке берген тапсырмасына сәйкес әлеуметтік бес бағытты іске асыратын қабылданғалы жатырған жаңа Үкіметтік бағдарламаға біздің ұсынымыз да кіреді деп ойлаймыз. Бағытымыз бен мақсатымыз айқындалды. Енді бізге не қалды? Сапалы, қарқынды еңбек ету қалды. Аудан тұрғындарын, әріптестерімді сапалы еңбек етуге шақырамын» - деп өз сөзін қорытындылады Бейнеу политехникалық колледжінің директоры Н.Бурин.

  Аудандағы кәсіпкерлік саласы жөнінде «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры Төлегенова Гүлназ Оразалықызы сөз алып, «Өткен 2017 жылы біздің ауданымызда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде құны 133,9 млн. теңге болатын 40 жоба қаржыландырылды. 82 жаңа жұмыс орны ашылды. Және  қосымша бөлінген қаржы көздерінен құны 118,1 млн. теңге болатын 27 жоба жүзеге асырылып, 65 жұмыс орны ашылды» - деді.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/