Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«БЖЗҚ» АҚ Маңғыстау областық филиалының басшысы Бейнеу ауданындағы кездесулері

Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру және күшейту мақсатында 2017 жылғы 29 қарашада «БЖЗҚ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Қибасова Жанар Майрамбайқызы Бейнеу ауылы тұрғындары мен кездесіп, Меморандум аясындағы шара жалғасын Бейнеу ауылының «Сам» орта мектебінде тапты. Шараға Бейнеу ауданының әкімінің міндетін атқарушы Абилшеев К.К., ауыл әкімінің орынбасары Кукшеев С.С., аудандық «ЗТМО» бастығы Төлегенов К.Б., Бейнеу аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы Назарханов К.Б. және ауыл тұрғын қатысты.   Кездесу барысында ауыл тұрғындарын «Зейнетақы жүйесі туралы ең маңызды мәселе» атты презентациямен таныстырылды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру моделі, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жай-күйі, сондай-ақ тұрғындарға ақпарат беру, оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері де талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын «Зейнетақы қорындағы жинағын қай уақытта алуға болады?», «Қайтыс болған салымшының жинағын алуға кімдер құқылы?», «2018 жылда бастап әйел адамдардың жасының ұлғау себебі?»т.б. сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарына толық-қанды жауап алып зейнет ақы қорының қызметкерлеріне алғыстауын айтты. сондай-ақ   Бұдан өзге, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері мәселесі талқыланды. Естеріңізге сала кетелік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылатын болады. Кездесу барысында әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтуға қатысты заңнамалық нормалар түсіндірілді. «БЖЗҚ» АҚ қызметі туралы да айтылды. Қазіргі таңда облыста Қордың 8 бөлімшесі – Ақтау қаласындағы филиал және дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді..  «БЖЗҚ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының басшысы кездесу соңында тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде қатысып, тұрақты негізде зейнетақы жарналарын аударып тұру қажеттігі жайында жан-жақты әңгімелеп берді сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелерін және зейнетақы жүйесін жаңғырту  бойынша ақпарат беру мәселелерін шешудің маңыздылығын тағы да атап өтті . БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

   


  • 14.12.2017
    19:08
    1
    «Нұр Отан» партиясы Бейнеу аудандық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының отырысы өтті   Аудан әкімдігінің мәжіліс залында  «Нұр Отан» партиясы Бейнеу…
  • 15.12.2017
    10:13
    10
    Салтанатты жиын өтті   14 желтоқсан күні Абыл мәдениет үйінде Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  26 жылдығына  арналған  салтанатты  жиын  өтті.  …
  • 15.12.2017
    17:22
    4
    1.  Базалық зейнетақыны есептеу механизмі қашан және қалай өзгереді? Бүгінде мемлекеттік базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтілдерінің көлеміне қарамастан 14…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/