Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек туралы

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек туралы

  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес аз қамтылған азаматтарды қолдаудың жаңартылған түрі бойынша атаулы әлеуметтік көмек әрекет ете бастайды. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлем түрлерінен ерекшелігі – аз қамтамасыз етілген азаматтарға немесе отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек кешенді болып, өз ішіне 3 түрлі мемлекеттік қолдауды алып отыр, олар:

1)  атаулы әлеуметтік көмек төлемі;

2)  жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, яғни

а)  жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жолдау;

ә) тұруына, жол жүрісіне, біржолғы ыстық тамағына (техникалық және кәсіптік оқу орындарында білім алған жағдайда) шығыстарды өтей отырып, оқуға жіберу және мемлекет есебінен шәкіртақы төлеу;

б) мемлекет есебінен еңбекақысын субсидиялай отырып, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жіберу;

в) жеке ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге микрокредит беру;

  3) әлеуметтік қызметке мұқтаж жандарға мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету. Қызметтерді үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер және мемлекеттік медициналық әлеуметтік-ұйымдар көрсете алады.

   Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға немесе азматтарға қолдау көрсете отырып, кедейшілік шегінен шығару үшін кешенді қарастыруды көздейді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға қазіргі уақытта беріліп отырған келесі үш әлеуметтік төлемді біріктіретін Бірыңғай жәрдемақы болып табылады:

а) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 %-ынан төмен болған жағдайда жанұяның әр мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмек;

б) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 %-ынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын балалар жәрдемақысы, оның мөлшері осы жылы 1,05 АЕК немесе 2 383 теңгені құрайды;

в) кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы.

  Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері «Өрлеу» жобасы аясында сынақтан өткізіле отырып, өзінің тиімділігін көрсетті. «Өрлеу» жобасын іске асыру кезеңінде құрамында 222 адамы бар 39 отбасы жобаға қатысқан болатын. Оның ішінде жобаның 47 еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Бұл жобаға қатысушылардың табысының 2 есеге дейін өсуіне мүмкіндік берді.

  Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.

  Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мүмкіндіктері шектеулі адамдардың немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі балалары бар жалғыз басты ана) көрсетілетін болады. Мұндай отбасыларға жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу міндетті емес.

  Шартты ақшалай көмек құрамында еңбеккеқабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт-жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы.

  Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, талаптар өзара міндеттер алады: әлеуметтік қызметтер-жұмыспен  қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасының еңбекке қабілетті мүшелері-отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға міндеті жүктеледі.

  Аз қамтылған отбасының 18 жасқа толған еңбекке қабілетті мүшелері өздеріне әлеуметтік келісімшартта жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда жәрдемақы мөлшерін қысқарту тетігі қарастырылған: бірінші рет - отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің атаулы әлеуметтік көмегі 50%-ға, ал қайталанған жағдайда 100%-ға қысқартылады. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек кәмелет жасқа толмаған балаларға және бала күтімімен отырған аналарға толық мөлшерде сақталады.

  Бұл жерде атап өтетін жәйіт, адамға жәй ақшалай көмек беріліп қана қоймай, оның жұмысқа тұруы үшін көмек көрсетіледі, түрлі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жібереді және шағын несие береді. Осылайша, отбасының кедейшілік шегінен шығуға әлеуеті ынталандырылады.

Қанағат НАЗАРХАНОВ,

Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы


  • 14.12.2017
    19:08
    1
    «Нұр Отан» партиясы Бейнеу аудандық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының отырысы өтті   Аудан әкімдігінің мәжіліс залында  «Нұр Отан» партиясы Бейнеу…
  • 15.12.2017
    10:13
    10
    Салтанатты жиын өтті   14 желтоқсан күні Абыл мәдениет үйінде Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  26 жылдығына  арналған  салтанатты  жиын  өтті.  …
  • 15.12.2017
    17:22
    4
    1.  Базалық зейнетақыны есептеу механизмі қашан және қалай өзгереді? Бүгінде мемлекеттік базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтілдерінің көлеміне қарамастан 14…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/