Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы


  Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы №449 Жарлығына сәйкес, Еліміздің барлық өңірлерінде қыркүйек - желтоқсан айларында  азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылып, өткізіледі.

  Мемлекет Басшысының 2014 жылғы 21 сәуірдегі №807 Жарлығымен Президенттің күзет қызметін және Республикалық ұланды қосу жолымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттк Күзет қызметі құрылды.

  Мемлекеттік Күзет қызметі – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күштерге жататын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрлымына объктілерді қорғау қызметі кіреді, ол әскери құралым болып табылады. Объектілерді қорғау қызметі әскери бөлімдерден – Астана қаласында «Айбын» Президенттік полкінен тұрады. Қызметтің осы нағыз жауынгерлік қанатына Тұңғыш Президент – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекетік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру; рәсімдік және протоколдық іс-шараларды және Мемлекет басшысы айқындауы мүмкін өзге де міндеттерді орындауға қатысу бойынша ерекше миссия жүктелген.

  «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктерінің әскери қызметшілерінің протоколдық іс-шараларды, мәртебелі қонақтарды салтанатты күтіп алу рәсімдерін өткізу және олардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде көрсетілетін жоғары кәсіпқойлықтары, шеберліктері ерекшелендіреді.

  Олардың мінсіз қызметіне шетел мемлекет басшылары мен басқа да жоғары тұрған адамдар біздің елге келген уақытында жоғары баға береді.

  Жылына екі рет Мемлекеттік күзет қызметі өзінің қатарын Қазақстан Республикасының  барлық  облыстарынан  келетін бозбалалармен толықтырады:

Мемлекетік күзет қызметінің әскери бөлімшелеріне іріктеу басымды, мұқият және қатаң болып табылады. Үміткерлермен Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге жіберілген офицерлер әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу барысында барлығы анықталады: оқу және жұмыс орындарынан мінездеме, әскерге шақырылушының қарым-қатынас ортасы, қызығушылығы мен бейімділігі, бойы 180 см кем емес болуы тиіс медициналық деректері.

Отанға деген адалдығы мен берілгендігі, батылдығы, қысылтаяң жағдайда өз бетімен шешім қабылдай алуы, тәртіптілігі мен қырағылығы айқын көрінетіндерге басымдылық беріледі. Бұл жерде моральдық жағынан орнықты, дене күші жағынан шыдамды, әскери қызметке психологиялық тұрғыдан дайындалған бозбалалар қызмет өткереді.

Шақырылған сарбаздар жас жауынгер курсынан өтеді. Оқу бағдарламасына әскери дайындықтың негізгі пәндері енгізілген және олар әскери қызметшілерді жан-жақты дайындауға бағытталған. Әскери ант қабылдағаннан кейін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер әскери бөлімдерге таратылады. Әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери қызметшілер төзімділікке тексеруден өтеді, өйткені күзетілетін адамдардың және біздің еліміздің стратегиялық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі атқаратын міндеттер ерекше жауаптылықты талап етеді.

Мерзімді өткергеннен кейін запасқа шығарылатын әскери қызметшілердің көбісі келісімшарт негізінде әскери қызметті жалғастыруға ниет білдіретіні қуанышты жағдай екенін атап өткен жөн.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке қалған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Күзет қызметінде қызмет бабында өсуге мүмкіндік бар, сондай-ақ толық әлеуметтік пакет беріледі, ал ол дегеніміз; тұрғын үймен, тегін медициналық қызметтермен, жоғарғы оқу орындарында оқуға 50% жеңілдікпен және т.б. қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттің тиімділігін одан әрі арттыруды, жоғары білікті мамандармен жасақтауды және кадрлық саясаттың ашықтылық принципін жетілдіруді өзінің мақсаты етіп қояды, бұл ретте элиталық мемлекеттік органға  Қазақстан Республикасының Президенті ерекше тапсырмаларды орындауды тапсырғанын атап өтеді.

Бейнеу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің

әскерге шақыру бөлімшесі бастығы  Қ.Нарымбаев , аға лейтенант


  • 14.12.2017
    19:08
    1
    «Нұр Отан» партиясы Бейнеу аудандық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының отырысы өтті   Аудан әкімдігінің мәжіліс залында  «Нұр Отан» партиясы Бейнеу…
  • 15.12.2017
    10:13
    10
    Салтанатты жиын өтті   14 желтоқсан күні Абыл мәдениет үйінде Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  26 жылдығына  арналған  салтанатты  жиын  өтті.  …
  • 15.12.2017
    17:22
    4
    1.  Базалық зейнетақыны есептеу механизмі қашан және қалай өзгереді? Бүгінде мемлекеттік базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтілдерінің көлеміне қарамастан 14…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/