Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысының «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді сату бойынша сауда-саттық өткізетінін хабарлайды.


Аудандық коммуналдық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі-Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Аукцион 2017 жылғы 26 мамырда  Астана уақытымен сағат 11-00-де www.gosreestr.kz  Мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында (бұдан әрі-Тізілім) өткізіледі:

Бағаны төмендету әдісі бойынша:

Лот 1.Автомобиль Уаз  31512, м/н  243 АВ 12, 2003 ж/ш, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бейнеуэнергосервис» МКК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-346 000 теңге, кепілдік жарнасы-51900 теңге, ең төменгі баға-173 000 теңге.

Лот 2. Автомобиль Уаз  39099, м/н  704 AF 12, 2006 ж/ш, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бейнеуэнергосервис» МКК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-251 000 теңге, кепілдік жарнасы-37 650 теңге, ең төменгі баға- 125 500 теңге.

Лот 3. Автомобиль Уаз  31512,  м/н  R 470 BP, 2000 ж/ш, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бейнеуэнергосервис» МКК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-346 000 теңге, кепілдік жарнасы-51900 теңге,  ең төменгі баға- 173 000 теңге

Лот 4. Автомобиль Уаз  31519 017,  м/н  714 AF 12, 2003 ж/ш, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бейнеуэнергосервис» МКК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-346 000 теңге, кепілдік жарнасы-51900 теңге, ең төменгі баға- 173 000 теңге

Лот 5. Автомобиль Ваз  21213,  м/н  R310 BR, 1999 ж/ш, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бейнеуэнергосервис» МКК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-218 000 теңге, кепілдік жарнасы-32 700 теңге, ең төменгі баға- 109 000 теңге.

Лот 6. Автомобиль Зил 130,  м/н  R290 BU, 1983 ж/ш, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бейнеуэнергосервис» МКК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-734 000 теңге, кепілдік жарнасы-110 100 теңге, ең төменгі баға- 367 000 теңге.

Лот 7.Автомобиль  Уаз  3741 210,  м/н  415 АО12, 2000 ж/ш, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бейнеуветсервис» МКК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-251 000 теңге, кепілдік жарнасы-37 650 теңге, ең төменгі баға- 125 500 теңге.

Лот 8. Автомобиль  Уаз  3962 92 016,  м/н  417 АО 12, 2003 ж/ш, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бейнеуветсервис» МКК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-251 000 теңге, кепілдік жарнасы-37 650 теңге, ең төменгі баға- 125 500 теңге.

Лот 9. Автомобиль  Уаз  31512,  м/н  866 АА 12, 2000 ж/ш, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бейнеуветсервис» МКК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-346 000 теңге, кепілдік жарнасы-51900 теңге, ең төменгі баға-173 000 теңге.

Лот 10. Автомобиль  Уаз  31512,  м/н  702 АF 12, 2000 ж/ш, балансұстаушысы- «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Ә.Жанкелдин атындағы орта мектебі» КММ (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Сарға ауылы), бастапқы бағасы-346 000 теңге, кепілдік жарнасы-51900 теңге, ең төменгі баға-173 000 теңге.

Лот 11. Автомобиль  Уаз  22069 033,  м/н  013 АК 12, 2006 ж/ш, балансұстаушысы- «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Ақжігіт орта мектебі» КММ (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы), бастапқы бағасы-323 000 теңге, кепілдік жарнасы-48 450 теңге, ең төменгі баға-161 500 теңге.

Лот 12. Автомобиль  Уаз  22069 04,  м/н 270 АF 12, 2006 ж/ш, балансұстаушысы- «Бейнеу ауданының әкімдігінің «Боранқұл орта мектебі» КММ (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы), бастапқы бағасы-291 000 теңге, кепілдік жарнасы-43 650 теңге, ең төменгі баға-145 500 теңге.

Лот 13. Автомобиль  Уаз  31512,  м/н034 АК 12, 2000 ж/ш, балансұстаушысы- «Бейнеу ауданының әкімдігінің "М. Бегенов атындағы орта мектебі" КММ (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы), бастапқы бағасы-392 000 теңге, кепілдік жарнасы-58 800 теңге, ең төменгі баға-196 000 теңге.

Лот 14. Автомобиль  Уаз  31512,  м/н717 АF 12, ж/ш көрсетілмеген, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің «Сыңғырлау мектеп-балабақша кешені» КММ (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Сыңғырлау ауылы), бастапқы бағасы-276 000 теңге, кепілдік жарнасы-41 400 теңге,  ең төменгі баға-138 000 теңге.

Лот 15. Автомобиль  Газ 3110 411,  м/нR578 BN, 2003 ж/ш, балансұстаушысы- «Бейнеу кітапханасы» ММ (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-179 000 теңге, кепілдік жарнасы-26 850 теңге, ең төменгі баға-89 500 теңге

Лот 16. Газ пеші, маркасы -Плита ПГ 1465 RG 2408, 2015 жылғы, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің «Күйкен бөбекжайы»  МКҚК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-26 917 теңге, кепілдік жарнасы-4038 теңге, ең төменгі баға-13 459 теңге.

Лот 17. Газ пеші, маркасы-Nord Group, 2010 жылғы, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің «Балауса бөбекжайы»  МКҚК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-10767 теңге, кепілдік жарнасы-1616 теңге, ең төменгі баға-5384 теңге.

Лот 18. Газ пеші, маркасы-FRESH, 2013 жылғы, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің «Балауса бөбекжайы»  МКҚК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-13 458теңге, кепілдік жарнасы-2019 теңге, ең төменгі баға-6729 теңге.

Лот 19. Газ пеші, маркасы-GEFEST, 2012 жылғы, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің «Балауса бөбекжайы»  МКҚК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-13 458 теңге, кепілдік жарнасы-2019 теңге, ең төменгі баға-6729 теңге.

Лот 20. Газ пеші, маркасы-FERRE, 2013 жылғы, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бөбек бөбекжайы»  МКҚК (мекен-жайы:Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы), бастапқы бағасы-10 965 теңге, кепілдік жарнасы-1645 теңге,  ең төменгі баға-5483 теңге.

Бағаны көтеру әдісі бойынша:

Лот 21. Жалпы ауданы -80,4 шаршы метр, бұрынғы су құю цехы, 1968 жылы салынған, балансұстаушысы- Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бейнеусусервис» КМК (мекен-жайы: Бейнеу ауданы, Сам ауылы), бастапқы бағасы-542 991 теңге, кепілдік жарнасы-81 449 теңге.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Аукционға қатысу үшін кепілді жарналар  мемлекеттік мүлікті есепке  алу саласында бірыңғай операторы  «Ақпараттық есептеу орталығы» (бұдан әрі-бірыңғай оператор) реквизиттеріне төленеді: БСН 050540004455, ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX, банк атауы: «Казкоммерцбанк» АҚ, ТТК 171, БеК 16, төлемнің белгіленуі-аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді).

Қатысушыларға кепілді  жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте кепілді жарна қатысушыға ол бойынша  сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.

Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес  сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, e-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушысының ЭЦҚ-мен қол қойылған нысан бойынша сауда- саттыққа қатысуға өтінімді Тізілімнің веб –порталында тіркеу қажет.

Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Назар аударыңыз! Қатысушының осы хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда- саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, Тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталы  қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің  веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға  Тізілімнің  веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Тізілімнің веб-порталы аукционғ қатысу үшін электрондық өтінімді кері қайтарған қатысушының аукцион нөмірін сауда саттықты өткізу басталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын жояды.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ-мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру обьектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Аукционды өткізу тәртібі:

Бағаны төмендету әдісі бойынша:

1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
  2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
  3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.

  Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.

Бағаны көтеру әдісі бойынша:

егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағиданың 46- тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекшелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып  алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша  аукцион өткізілмеген болып танылады;

егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі  Қағиданың 46- тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып  алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың  бірде-біреуі жекешелендіру  объектісінің  ағымдағы  құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатсыушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Егер аукцион басталған сәтте жекешелендіру объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (жекешелендіру объектісін жалғыз қатысушыға сатуға жол берілетін аукцион бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда), осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.

Әрбір сатылған жекешелендіру  объектісі бойынша аукцион нәтижелері электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және Жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион  нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына  қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттарды:

1)  Жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның  жеке басын куәландыратын құжаттың;

2)  Заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімінің орналасқан жері: Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, аудандық әкімшілік ғимараты, 4 - қабат

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратпен  www.gosreestr.kz сайтында қарауға болады немесе 872932 2-53-79 телефоны арқылы алуға болады.


  • 20.06.2017
    15:44
    19
    Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері назарына!Ауыл әкімінің қызметіне аудан әкімі ұсынған кандидатураларды келісу болып табылатын Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық…
  • 20.06.2017
    15:34
    21
        Жергілікті қоғамдастық жиналыстарының мүшелеріне   Мына кестеге сәйкес ауыл, ауылдық округтерде жергілікті қоғамдастық жиналыстары өтеді. Ауыл, ауылдық округтердің…
  • 20.06.2017
    14:59
    17
    Сарға ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері назарына!Ауыл әкімінің қызметіне аудан әкімі ұсынған кандидатураларды келісу болып табылатын Сарға ауылының жергілікті қоғамдастық…
Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасының электрондық Үкіметі http://www.egov.kz/
Қазақстан Республикасының Үкіметі http://www.government.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты http://www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президентінің жеке вебсайты http://www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі http://www.kyzmet.kz
Маңғыстау облысының ресми сайты http://www.mangystau.gov.kz/ru
Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы http://elicense.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу порталы http://goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық төлем жүргізудің бірыңғай шлюзы http://www.epay.gov.kz
Бейнеу ауданының мәслихаты http://beineu.maslikhat.gov.kz/ru/